Өскемен
ясно
+2°
  • Өскемен
    +2°
  • Алматы
    +17°
  • Астана
    +8°
  • Ақтөбе
    +19°
  • Актау
    +19°
  • Орал
    +22°
  • Қарағанды
    +6°
  • Көкшетау
    +8°
  • Қостанай
    +6°
  • Қызылорда
    +21°
  • Павлодар
    +6°
  • Петропавловск
    +8°
  • Тараз
    +18°
  • Туркестан
    +16°
  • Шымкент
    +19°
$
444.22
+0.37
476.38
+2.08
¥
61.31
+0.06
4.82
+0.02
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Қазақстан Қазақстан
Ақпарат көзі:
Алдаспан

Алматыдағы сұлулық байқауына қатысушы таңдалды

Өскемен қаласында алғаш рет «Fashion House International» жобасы негізінде ұйымдастырылған балалар арасындағы бірінші аймақтық сұлулық конкурсы өтті

Сұлулық байқауы үш жас ерекшелігі бойынша өткізілді: үш пен жеті жас аралығында - Little Miss Ust-Kamenogorsk-2017, сегіз бен он екі жас аралығында - Mini Miss Ust-Kamenogorsk-2017, он үш пен он алты жас аралығында - Young Miss Ust-Kamenogorsk-2017.

«Fashion House International» жобасы әлемнің 50 елінде қолдау тапқан ірі халықаралық байқау болып саналады.

Сұлулық байқауына барлығы 21 жас өскемендік қатысты. Оның ішінде «кішкентай мисс» аталымына 10 бүлдіршін, «кіші мисс» аталымына 6 қатысушы, ал «жас мисс» атағын жеңіп алуға 5 қатысушы бақ сынасты.

Қаламызда алғаш рет өткізіліп отырған бүлдіршіндер сайысына Айна Тоғысованың сән мектебі бас демеуші, «Алдаспан» және «Устинка Плюс» газеттері ақпараттық қолдаушы болды.

- Мен Шығыс Қазақстанда сұлулық сайысын он жылдан артық уақыт болды өткізіп жүрмін. Көбінде, Семей қаласында өткізетінмін. Сұлулық байқауының Шығыс Қазақстан өңірлік директоры болған соң, Өскемен қаласында да сайыс өткізуге мүмкіндігім болды. Өскемен қаласында республикалық, халықаралық деңгейдегі сұлулық байқаулары өткізіліп көрмеген. Сондықтан байқаудың басты мақсаты - халықаралық байқауларға қатыса алатын сұлуларды іздеу, - дейді байқаудың бас төрешісі әрі ұйымдастырушысы Айна Тоғысова.

Байқау төрт кезеңнен тұрды. Кішкентай аруларымыз бірінші кезеңде ұлттық киімде, екінші кезеңде жазғы маусым киімдерін киіп сән көрсетті. Үшінші кезеңде шығармашылық үй тапсырмасын орындап, өз өнерлерін ортаға салды. Төртінші кезеңде кешкі сән көйлектерін киіп сахнаға шықты.

Сұлулық сайысының нәтижесінде үш жеңімпаз, бір Гран-при иегері анықталды. Little Miss Ust-Kamenogorsk-2017 аталымы бойынша Амира Мұратова, Mini Miss Ust-Kamenogorsk-2017 атағын Айдана Асланова, Young Miss Ust-Kamenogorsk-2017 бойынша бірінші орынды Лана Құрманғажинова алды. Ал Адэля Қабуарқызы байқаудың Гран-при жеңімпазы атанды.

Гран-при иегері 26 маусым мен 1 шілде аралығында Алматы қаласында өтетін «Fashion House International» жобасының халықаралық сұлулық байқауына қатысады.


Авторы: Қымбат Слямбеков 

Следующая →