Өскемен
пасмурно
+11°
  • Өскемен
    +11°
  • Алматы
    +10°
  • Астана
    +3°
  • Ақтөбе
    -2°
  • Актау
    +7°
  • Орал
    +2°
  • Қарағанды
    +4°
  • Көкшетау
    +3°
  • Қостанай
    +1°
  • Қызылорда
    +9°
  • Павлодар
    +6°
  • Петропавловск
    +2°
  • Тараз
    +8°
  • Туркестан
    -3°
  • Шымкент
    +7°
$
448.15
-1.43
483.46
-3.48
¥
61.99
-0.23
4.86
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО Григорий Прыгов
Ақпарат көзі:
Устинка

Голливуд актері ҚР азаматтығын алғысы келеді

Шығыс өңіріне кино түсіріліміне келген Кэри-Хироюки Тагава Қазақстан азаматтығын алғысы келеді

Америка киносының жұлдызы Шығыс Қазақстан облысы туралы деректі фильмге түсу үшін облыс орталығына келген.

Белгілі болғандай, бір сағаттық фильм Шығыс өңірінің табиғаты мен тарихынан сыр шертпек. Кейін оны BBC және National Geographic сынды арналардан көрсету жоспарланған. Төрт бөлімнен тұратын киноға Кэри-Хироюки Тагавадан басқа Майкл Мэдсен, Марк Дакаскос, Бай Лин және Эрик Робертс сынды жұлдыздар түспек. Аталған жұлдыздар да қазіргі уақытта облыс орталығына келген. Фильм өңірге шетелдік туристерді тарту мақсатында түсірілмек.

- Облыс әкімі Даниал Ахметов өңірлеріңіздің ресурстары, өнеркәсібі және табиғаты жайында айтқан болатын. Облыстарыңыздың басты құндылығы – адамдар, - деді Кэри-Хироюки Тагава. - Біз фильмде ШҚО-ның бірегейлігін көрсеткіміз келеді. Жапондық ретінде айтарым, жапон халқы мен қазақ халқының генетикалық коды бір. Мен өзім Қазақстан азаматы болуды жоспарлаудамын.

Түсірілімнен кейін Голливуд жұлдыздары өздерінің әлеуметтік желілеріне ШҚО-ның қорық орындары жайлы бейнематериалдар жариялайтын болады.


Следующая →