Өскемен
пасмурно
+11°
  • Өскемен
    +11°
  • Алматы
    +10°
  • Астана
    +3°
  • Ақтөбе
    -2°
  • Актау
    +7°
  • Орал
    +2°
  • Қарағанды
    +4°
  • Көкшетау
    +3°
  • Қостанай
    +1°
  • Қызылорда
    +9°
  • Павлодар
    +6°
  • Петропавловск
    +2°
  • Тараз
    +8°
  • Туркестан
    -3°
  • Шымкент
    +7°
$
448.15
-1.43
483.46
-3.48
¥
61.99
-0.23
4.86
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Қазақстан Қазақстан
Ақпарат көзі:
Устинка

Қазақстандық режиссер Австрияда жүлде алды

Қазақстандық режиссер Бахтияр Исламовтың «Эдип тұратын жақта» қысқа метражды фильмі Австрияның Ленцинг қаласында өткен 45-ші халықаралық «Festival of Nations» кинофестивалінде «Үздік эксперименттік фильм» номинациясына ие болды

«Эдип тұратын жақта» - Алматы облысында түсірілген қысқа метражды фильм. Режиссері, сценарий авторы және қоюшы-операторы - Бахтияр Исламов, продюсері - Дарья Корнеева. Ленцингте фильмнің тұсаукесері өтті. Төрешілердің айтуынша, фильм кадр айқындылығымен ерекшеленеді. Бұл соңғы бірнеше жылда фестивальға Қазақстан атынан ұсынылған бірінші фильм. «Үздік эксперименттік фильм» номинациясын да Қазақстан алғаш рет иеленіп отыр. «Festival of Nations» - Австриядағы ертеден келе жатқан коммерциялық емес қысқа метражды фильмдер фестивалі, UNICA ұйымы (ЮНЕСКО мүшесі) және Австрия үкіметінің қолдауымен өткізіледі. Фестивальға жылына әлемнің 55 мемлекетінен 1000-нан астам өтініш түседі.
Следующая →