Өскемен
ясно
+2°
  • Өскемен
    +2°
  • Алматы
    +17°
  • Астана
    +8°
  • Ақтөбе
    +19°
  • Актау
    +19°
  • Орал
    +22°
  • Қарағанды
    +6°
  • Көкшетау
    +8°
  • Қостанай
    +6°
  • Қызылорда
    +21°
  • Павлодар
    +6°
  • Петропавловск
    +8°
  • Тараз
    +18°
  • Туркестан
    +16°
  • Шымкент
    +19°
$
444.22
+0.37
476.38
+2.08
¥
61.31
+0.06
4.82
+0.02
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Қазақстан Қазақстан
Ақпарат көзі:
Устинка

Каннадағы кинофестивальде Қазақстанның өз павильоны болады

Қазақстанның киноиндустриясы 70-ші Халықаралық Канна кинофестиваліндегі өз павильонында бірінші рет ұсынылады

2015 жылдың мамыр айында Канна кинофестивалінде Қазақстан киноиндустриясын ұсыну туралы келіссөзді бастаған едік. Канн кинонарығының жетекшілігімен кездесіп, павильон ашу сұрағын талқыладық. Міне біз рұқсат алып, 2017 жылы ашқалы отырмыз. Бұл қазақстандық киноиндустрияда бірінші рет орын алып отыр, - дейді режиссер, «Ұлттық кинематографиялық өнер және ғылым академиясы» БҰ президенті Рашид Нұғманов Алматы қаласындағы «Интерфакс-Қазақстан» агенттігінің баспасөз-орталығында өткен баспасөз-конференциясында.

Оның айтуынша, павильон Каннадағы Фестиваль сарайы жанындағы халықаралық ауылда орнатылады.

Қазақстан павильоны елдің барлық кинематографистеріне жобаларын, қызметтері мен әрекеттерін ары қарай жылжыту үшін тегін алаңдар береді.

Павильон, канн кинонарығындай екі міндет атқарады: елдің киноиндустриясын ұсынады және кинофестивальдерді ұсынады, - дейді Р. Нұғманов.

Ұйымдастырушылардың айтуынша павильонды жалға ару 17,5 мың еуроны құраған. Мұнымен қоса ішіне жиһаздарды, электр құрылғыларын өзіміз енгіземіз. Бұл қосымша қаражат. Барлығы 40 мың еуроны құрады. Бұл соманың 30 пайыз бөлігі мемлекет үлесінен, қалғаны қаражат көздері, - деді Р. Нұғманов.

Канн фестивалі – әлемнің орталық кинооқиғасы. Қазіргі таңда ол жерде 40-қа жуық павильондар бар. Әрбір ел өз алаңын ұсынады. Біздің басты мақсат – Қазақстанның киноқоғамдастығын шоғырландыру және кинматографистердің бастамасына байланысты болатын әртүрлі жобаларды қою, - деді Қазақстан павильонының директоры Анна Качко баспасөз-конференциясы барысында.

Қазір өз жұмыстарын біздің павильонға шақыру үшін қазақстандық кинематографистерден ұсыныстар күтудеміз. Біз Қазақстанды ұйым ретінде бүкіләлемдік деңгейге көтергіміз келеді. Қазақстандық киноиндустрияның мүмкіндіктерін барынша кең ауқымда көрсетуге тырысудамыз, - дейді ол.

 

Следующая →