Өскемен
ясно
+4°
  • Өскемен
    +4°
  • Алматы
    +18°
  • Астана
    +8°
  • Ақтөбе
    +17°
  • Актау
    +17°
  • Орал
    +20°
  • Қарағанды
    +8°
  • Көкшетау
    +5°
  • Қостанай
    +10°
  • Қызылорда
    +28°
  • Павлодар
    +3°
  • Петропавловск
    +3°
  • Тараз
    +19°
  • Туркестан
    +15°
  • Шымкент
    +23°
$
443.85
-0.47
474.3
+0.97
¥
61.25
-0.06
4.8
+0.04
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО
Ирина Николенко
Ирина Николенко
Ақпарат көзі:
Устинка

Риддерде соңғы рет тірі шырша орнатылды

Жаһанды жалмаған пандемия Жаңа жылға да өзінің кері әсерін тигізіп жатыр. Биыл риддерліктер күнтізбенің жаңа күнін ың-шыңсыз, у-шусыз, тып-тыныш қарсы алатын болды

Жаңа жылға дейін 1 апта уақыт қалса да, биылғы мерамның бұрынғыдай болмайтыны бесенеден белгілі. Балалардың да, үлкендердің де асыға күтетін шағын енді алдағы жаймашуақ күндерге қалдыру ләзім болып тұр. Тіпті қаланың орталық алаңына қойылатын «тірі шыршаның» өзін іздеп табудың өзі біраз әурешілікке салды, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

Таяуда ғана алаңға орманнан кесілген тірі шыршаны алып келді. Көпшілік жұрт оның басындағы тәжінің бұрынғы шыршалардай сән-салтанатты емес екенін байқап ренжіпті. Тіпті, мерекелік ағаштың арық, кішкентай және аласа екенін де айтып жатыр. Бірақ, "жоқтан бар жақсы" деген осы.

- Жыл сайын орман шаруашылығымен келісе отырып шырша кесіп алатынбыз. Бірак бұл жолы облыстық табиғат ресурстарын қорғау басқрамасынан орман шаруашылығына бізге ағаш кесуге рұқсат бермеуге бұйрық түсіпті. Қандай себеп екенін айта алмаймын. Біз мәміле жүргізіп көргенімізбен, көндіре алмадық. Сол үшін де қаладағы басқа бір ұйымның көмегіне жүгініп, олардың аумағындағы ең үлкен деген шыршаны кесіп әкеліп алаңға орнаттық, - дейді Риддер қаласының ТҮКШ бөлімінің бастығы міндетін атқарушы Нұрсұлтан Көккөзов.
Өскемен және Семей қалаларының әкімдігі осымен бірнеше жыл бойы жаңа жыл мейрамын тойлау үшін жасанды шыршалар орнатып келеді. Ал Риддер тұрғындары тек тірі шыршаны тамашалумен келген. Өйткені қаланың өзі қарағай-шыршалы орманның ортасында орналасқан. Алайда табиғатты сақтап, қорғаап қаламыз дейтін риддерліктер де бар болып шықты.  Олардың ішінде әр жыл сайын "шыршаны қорғаймыз және сақтаймыз" науқанын өткізетін Батыс-Алтай мемлекеттік табиғи қорығы да бар. Тұрғын үй коммуналдық-шарушылық бөлімі де бұл бастаманы қолдайтындықтарын білдірді.
- Келер жылдан бастап алаңға жасанды шырша қоятын боламыз, - деді Нұрсұлтан Көккөзов.
Сондықтан Риддер тұрғындары тірі мерекелік шыршаны биыл соңғы рет көре алады. Десе де, жаңа жыл мерекесі олар үшін көңілсіз өткелі тұр. Карантин шаралары кезінде адам саны көп жиынды болдырмау мақсатында мәдениет сарайының алдында ешқандай іс-шара өтпейді. Барлық жаңа жылдық концертті тек теледидардан немесе мәдениет үйінің ресми интаграм парақшасынан тікелей эфирде тамашалай алады.

Оған қоса 31 желтоқсанда, 1 қаңтарда отшашулар да ұйымдастырылмайды. Сондықтан алаңға барған адам безендірілген шырадан басқа ештеңе көре алмайды. Айтпақшы, Риддердегі мерекелік шырша халыққа хабарлаусыз-ақ жақын күндері жағылатын болады.

Жаңа жыл мейрамының өзін де дүркіретіп тойламай, шағын ғана шеңберде атап өтуге кеңес береді жергілікті басшылық.
Следующая →