Өскемен
ясно
+14°
  • Өскемен
    +14°
  • Алматы
    +16°
  • Астана
    +20°
  • Ақтөбе
    +21°
  • Актау
    +21°
  • Орал
    +22°
  • Қарағанды
    +16°
  • Көкшетау
    +19°
  • Қостанай
    +20°
  • Қызылорда
    +26°
  • Павлодар
    +16°
  • Петропавловск
    +19°
  • Тараз
    +18°
  • Туркестан
    +20°
  • Шымкент
    +20°
$
447.4
-1.49
477.55
-0.38
¥
61.81
-0.21
4.76
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО Анна Коцарева
Ақпарат көзі:
Устинка

Өскеменнің актері құрметті атаққа ие болды

Марапатқа Шығыс Қазақстан облыстық драма театрының әртісі Андрей Воронин ие болды

Жаңа жыл қарсаңында ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Андрей Воронинге "сыйлық" жасады, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі. Енді әртіс мақтанышпен "Мәдениет саласының үздігі" төс белгісін тағады. Ол көп жылғы еңбегі мен мәдениет саласының дамуына ерекше үлес қосқаны үшін марапатқа ие болды.

Облыстық драма театрда хабарлағандай, Андрей Воронин өз мансабын 20 жыл бұрын Мельпомена храмында бастады.

- Осы жылдар ішінде Андрей Васильевич керемет және харизмалық әртіс, дарынды режиссер, көреген көркемдік жетекші ретінде ашылды, - деп атап өтті әріптестері. - Ол бірнеше рет облыстық мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасының "Жылдың үздік спектаклі" және "Үздік ерлер рөлі" номинациялары бойынша "МАСКА" сыйлықтарына ие болды.

Шығыс Қазақстан облыстық драма театрының ұжымы Андрей Воронинді лайықты марапаттарымен құттықтайды және оған жаңа шығармашылық табыстар мен жетістіктер тілейді. Сондай-ақ, біз де құттықтауларға қосыламыз және Андрей Васильевичке шабыт тілей отырып, әрқашан алғыс білідіреміз!

Андрей Ворониннің есебінде ондаған спектакль бар. Актердің басты рөлін ойнаған соңғы қойылымдардың бірі - ресейлік сатирик Михаил Задорновтың пьесасы бойынша "Ва-Банк немесе соңғы әрекет". 11 қаңтар күні сағат 14.00-де, сондай-ақ 12, 18 және 25 қаңтарда комедиялық спектакль көрсетіледі. Билеттер сатылымда.

Следующая →