Өскемен
ясно
+14°
  • Өскемен
    +14°
  • Алматы
    +16°
  • Астана
    +20°
  • Ақтөбе
    +21°
  • Актау
    +21°
  • Орал
    +22°
  • Қарағанды
    +16°
  • Көкшетау
    +19°
  • Қостанай
    +20°
  • Қызылорда
    +26°
  • Павлодар
    +16°
  • Петропавловск
    +19°
  • Тараз
    +18°
  • Туркестан
    +20°
  • Шымкент
    +20°
$
447.4
-1.49
477.55
-0.38
¥
61.81
-0.21
4.76
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО
Ақпарат көзі:
Устинка

Қытайда мойнына қыруар ақша ілінген қазақ жігіті көз жұмды

Қытайда отандасымыз өз-өзіне қол салды. 25 жасар Ербол Суханов Үрімші қаласында 3 жылдан бері мейрамхана әкімшісі болып жұмыс істеген

Усть-Каменогорск и ВКО / В Китае при странных обстоятельствах погиб 25-летний казахстанец
Фото:
pavon.kz
Ата-анасы ұлдарының өліміне жұмыс берушісін кінәлап отыр. Өйткені дәмхана қожайыны бірнеше күн бұрын хабарласқанында, Ерболдың 100 мың долларды ұрлағанынын айтып, тауып беруін талап еткен көрінеді, деп хабарлайды "КТК телеарнасының сайты".

Бүгін таңертең ұлдарының асылып өлгені туралы қаралы хабар әке-шешені естен тандырды. Қытайда жұмыс істеп жүрген Ербол ертең үйге ұшып келуі керек болатын.

Жанат Жалынбетова, марқұмның анасы:

-«Мама, маған ақша тауып беріңдер. Әйтпесе, мыналар мені қорқытып жатыр деді. Жоқ, мама, мен алған жоқпын деді. Аналар мені ұрып, соғып алдың деп 100 мың доллар іліп қойды деді.

Ербол Қытайға дейін Көкшетаудағы дәмханалардың бірінде жұмыс істеген. Аспан асты еліне жұмысқа шақырған да осындағы Болат есімді бастығы екен. Оның Үрімшіде қытайлықтармен бірігіп ашқан мейрамханасы бар дейді марқұмның әкесі.

Кеңес Суханов, марқұмның әкесі:

-Осы кафенің қожайыны Болат Қытайға алып кеткен. Сенбі баламды алып келем деп уәде еткен. Міне әкелмеді. Енді хабар келіп тұр өлді деген. Болат та 100 мың доллар деді. Менде ондай ақша жоқ.

Баласының өлгені туралы хабарды Үрімшідегі жолдастары хабарлаған. Ал жұмыс берушісі болса, телефон тұтқасын көтермей отыр. Не істерлерін білмеген Ерболдың туғандары дәмхананың Көкшетаудағы филиалына барып шу шығарды.

Жандарын қоярға жер таппаған Ерболдың туысқандары істің ақ-қарасын анықтамақ. 25 жасқа келген жігіт алдағы жазда үйленуді жоспарлап жүрген екен. Сондықтан, суицидке баруы мүмкін емес дейді әке-шешесі.

Қытайдың Үрімші қаласында қаза тапқан Ерболдың денесін Көкшетауға жеткізу үшін марқұмның туған-туысқандары қажетті құжаттарды әзірлеуге кірісті. Сыртқы істер министрлігіне де хабарласып көмек сұрап отыр. Бастысы жігіттің жұмбақ өлімін тергеп, кінәлілердің жазасын берсе дейді.
Следующая →