Өскемен
пасмурно
+11°
  • Өскемен
    +11°
  • Алматы
    +10°
  • Астана
    +3°
  • Ақтөбе
    -2°
  • Актау
    +7°
  • Орал
    +2°
  • Қарағанды
    +4°
  • Көкшетау
    +3°
  • Қостанай
    +1°
  • Қызылорда
    +9°
  • Павлодар
    +6°
  • Петропавловск
    +2°
  • Тараз
    +8°
  • Туркестан
    -3°
  • Шымкент
    +7°
$
448.15
-1.43
483.46
-3.48
¥
61.99
-0.23
4.86
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО
Ақпарат көзі:
Устинка

Семейлік үшемді дүниеге әкелген отбасы баспанаға мұқтаж

Қазір олар жатақхананың тар бөлмесін жалға алып отыр. 25 шаршы метр жерге балақайлардың заттары тұрмақ, өздері әзер сыяды

Усть-Каменогорск и ВКО / В Семее семью с тройняшками отказались ставить в очередь на жилье
Фото:
mirbelogorya.ru
 Енді бұл отбасы шенеуніктер қолдау көрсетсе дейді. Ал жергілікті билік оларды тіпті пәтер кезегіне қоя алмайтындарын ашық айтты, деп хабарлайды "КТК телеарнасының сайты".

Анна Миллер тұрмысқа шыққанан кейін араға 9 жыл салып өмірге үшем әкелген екен. Бүгінде шекесі торсықтай 2 ұл мен бір қыздың анасы атанып отыр. Ал мұндай жағадайда патша көңілдері түскен атқамінерлер кейбір отбасыларға баспана кілтін табыстайтыны тағы бар. Сондықтан аядай бөлмені паналаған Миллерлер жергілікті шенеуніктер көмек қолын соза ма деп үміттенген екен.

Анна Миллер, үшемнің анасы:

-Күйеуім әкімдікке барды. Ертеңінде олар бізге бір әйелді жіберді. Ол жағдайымызды бағамдап көріп, «сіздер ешқандай бағдарламаға жатпайсыздар. Егер, 4 бала болғанда көпбалалы ана ретінде үй кезегіне тіркеуге алатын едік» деді.

Ата-анасы үшемнің заттарының алақандай бөлмеге сыймай жатқанын айтады. Оларды қоятын жер болмағандықтан, біраз дүниелерін таныстарына апарып тастаған. Ал шенеуніктер оларды тұрғынүй заңына сәйкес ешқандай топқа жатпайды деп отыр. Тіпті пәтер кезегіне де тұра алмайды екен.

Назым Жанболатова, Семей қалалық тұрғынүй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің сектор меңгерушісі:

-Отбасындағы ерлі-зайыптылардың екеуі де жекеменшік кәсіпорындарда жұмыс істеген. Және көпбалалы отбасына да жатпайды. Содай-ақ, ҚР тұрғын-үй қатынастары заңында көрсетілген азаматтардың бір де бірінің санатына кірмейді.

Қазір қалада пәтер кезегінде 10 мыңнан астам адам тіркеуде тұр. Ал, оның қатарына кіру үшін үшемнің ата-анасына төртінші сәбиді өмірге әкелуден басқа амал жоқ. Оның өзінде армандаған кең үйге бірден қол жеткізе алмасы да белгілі.
Следующая →