Өскемен
ясно
+17°
  • Өскемен
    +17°
  • Алматы
    +19°
  • Астана
    +20°
  • Ақтөбе
    +24°
  • Актау
    +19°
  • Орал
    +24°
  • Қарағанды
    +19°
  • Көкшетау
    +19°
  • Қостанай
    +21°
  • Қызылорда
    +28°
  • Павлодар
    +14°
  • Петропавловск
    +16°
  • Тараз
    +19°
  • Туркестан
    +21°
  • Шымкент
    +21°
$
446.49
-0.91
475.38
-2.17
¥
61.66
-0.15
4.79
+0.03
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО
Ақпарат көзі:
Устинка

ШҚО автокөліктері Қырғызстан және Тәжікстанның нарығына шығуы мүмкін

Аймақ басшысы ШҚО-ның Қырғызстан мен Тәжікстан аймақтарымен сауда-экономикалық байланысын нығайту, соның ішінде «БИПЭК АВТО – АЗИЯ АВТО» холдингінің өнімдерін аталған елдердің нарығына шығару мақсатында іс-сапарға шықты

Усть-Каменогорск и ВКО / Автомобили из ВКО могут появиться на рынках Киргизии и Таджикистана
Фото:
Устинка Live
Жұмыс сапары барысында Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов бастаған Қазақстандық делегация Қырғыз Республикасының Премьер-министрінің орынбасары Олег Панкратовпен және Тәжікстанның Премьер-министрінің орынбасары Азим Ибрахиммен келіссөздер жүргізді.

Екі жақ сауда-экономикалық байланысты нығайту мәселелерін талқылап, дистрибуцияны іске асыру, бөлшектеп сату және Lada автокөлігі сатылған соң аталған мемлекеттер аумағында қызмет көрсету мәселелерін жіті қарастырды.

Келіссөздер қорытындысы бойынша «БИПЭК АВТО – АЗИЯ АВТО» холдингінің Тәжікстан нарығына шығуына қажетті нақты ұсыныстар жасау үшін, жақын күндері Қырғызстан мен Тәжікстанға жұмыс топтары жіберілетіндігі туралы келісімге келді.

Естеріңізге сала кетейік, 2015 жылдың қараша айында Lada автокөлігін Орталық-Азия мемлекеттері аумағында дистрибуциялау құқығын «БИПЭК АВТО – АЗИЯ АВТО» иеленген. Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының президенттерінің кездесуі шеңберінде «АВТОВАЗ» ААҚ (Ресей) және «БИПЭК АВТО – АЗИЯ АВТО» (Қазақстан) Компаниялар тобы басшылары арасында тиісті келісімге қол қойылған.

Серіктестер бірлесіп Қырғызстан, Моңғолия, Өзбекстан, Түрікменстан және Тәжікстан нарықтарында тауар өткізу инфрақұрылымын дамыту жөнінде келіскен. Оған дейін компаниялар Ресейдің Сібір және Урал федералды округтерінің нарықтарына қатысты ұқсас келісім жасасқан.

Осылайша «БИПЭК АВТО – АЗИЯ АВТО» Еуразиялық одақтың автокөлік нарығына шығу үшін, барлық жоспарларды сәтті жүзеге асырған Қазақстандағы алғашқы компания болды.

Қазақстандық «БИПЭК АВТО – АЗИЯ АВТО» холдингінің келісімшарт ауқымы 7 мемлекеттің нарығын қамтиды, соның ішінде Қазақстан және 84 млн. астам тұрғыны бар Ресейдің азиялық бөлігі.

Холдингтің Қазақстан шекарасынан тыс елдердегі өткізу және қызмет көрсету желісі, Өскемен қаласында «АЗИЯ АВТО Қазақстан» АҚ алаңында салынып жатқан толық циклды автоөндірістің экспорттық инфрақұрылымының негізі болмақ.
Следующая →