Өскемен
ясно
+9°
  • Өскемен
    +9°
  • Алматы
    +19°
  • Астана
    +14°
  • Ақтөбе
    +24°
  • Актау
    +19°
  • Орал
    +22°
  • Қарағанды
    +14°
  • Көкшетау
    +10°
  • Қостанай
    +19°
  • Қызылорда
    +26°
  • Павлодар
    +6°
  • Петропавловск
    +8°
  • Тараз
    +17°
  • Туркестан
    +19°
  • Шымкент
    +20°
$
444.32
-1.34
473.33
-1.25
¥
61.31
-0.22
4.76
-0.02
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО
Ақпарат көзі:
interfax.kz

Семейде әккі ұры ұсталды

Қаскүнем бір миллион теңгені құрайтын ақша, азық-түлік, киім-кешек ұрлаған

Семей қаласы ішкі істер басқармасының қылмыстық іс тексеру полициясының қызметкерлері кем дегенде 7 ұрлық жасаған қылмыскерді құрықтады деп хабарлайды ustinka.kz.

Полиция қызметкерлері 31 жасар ер азаматты 3 азық-түлік дүкеніндегі, 2 пәтердегі және 2 түрлі мекемеде жасаған ұрлықтары үшін айыптауда.

Қараша айының соңында ол жергілікті колледждердің бірінің терезесін сындырып ішке кірген. Ол жерде тапқан 350 мың теңгені өзінің қалтасына салған.

6 қаңтар күні семейлік ер азамат Орталық көшесінің орталық есігін сындырып кіріп, кассадағы 120 мың теңгені жымқырған. Сол кезде ұрыны ұстау мүмкіндігі болмады.

11 қаңтар күні қаскүнем Фестивальная көшесіндегі азық-түлік дүкеніне кіріп, ол жерден 50 мың теңге ұрлады. Ақшаны азсынғаннан болар, 30 мың теңге тұратын азық-түліктен де ала кеткен.

Күдікті қазір уақытша қамау изоляторында қамауда отыр. Ал тәртіп сақшылары ұқсас істерге қылмыскердің қатысы бар-жоғын тексеруде.
Следующая →