Өскемен
ясно
+14°
  • Өскемен
    +14°
  • Алматы
    +19°
  • Астана
    +8°
  • Ақтөбе
    +15°
  • Актау
    +15°
  • Орал
    +17°
  • Қарағанды
    +10°
  • Көкшетау
    +7°
  • Қостанай
    +9°
  • Қызылорда
    +21°
  • Павлодар
    +7°
  • Петропавловск
    +5°
  • Тараз
    +14°
  • Туркестан
    +14°
  • Шымкент
    +14°
$
448.56
+0.67
478.03
+1.25
¥
61.97
+0.08
4.79
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО Аян Қалымбек
Ақпарат көзі:
Устинка

Қара археология: Көне жәдігерлерді заңсыз қазып жүргендер кім?

"Қара археологияның" қазынасы қара базарда сатылады

Тылсым деген дүниенің бар екенін тақуа діндарлар да, құдайға сенбейтіндер де, атеист-материалистер де, ғұлама ғалымдар да жоққа шығара алмайды. Себебі біз білмейтін құпия әлемнің, жұмбақ күштердің бар екені ақиқат. Ал соңғы пайғамбарымызға Тәңірі тағала түсірген соңғы қасиетті кітапта айтылатын періштелер мен жындардың, ібіліс пен сайтанның қасымызда жүретінін біреуіміз, бәлки, сезінеміз, білеміз. Енді біреуіміз оны қиялдан туған аңыз-әпсана, өтірік әңгіме деп есептейміз.

Көр, қабір, зират, қорым, бейіт, мола, дың, күмбез, кесене - осы атаулардың барлығы да жерлеу орнына қатысты сөздер болғанымен, әрқайсының өзінің жеке тұрпатын анықтайты мағынасы бар. Қазақ ежелден бері зиратты ауылдың іргесіне яки елді мекенге жақын орналастырып, "даланың басы" санаған. Күні бүгінге дейін ауылдағы үлкендердің "жүріңдер, дала басына барып құран бағыштап қайтайық" деп отыруы содан. Ен далада ел таппай адасып жүрген жолаушы моланы көрсе, жақын маңда жұрт барын біліп, табуға асыққан. Ал бірлі-екілі бейітке, күмбезді кесенеге кез болса, бірінші әруақтардан кешірім сұрап, сонда түнеп, сапарынан жаңылмай дұрыс жолда жүруге ниеттеніп, Алладан медет сұрап, рахмет айтып шығады. Жапан түздегі пендеге пана болып, жол нұсқаушы болғандықтан да "даланың басы" атанса керек.

Тарихымызды танытатын - тек археология


Біз қазір алшаңдап басып жүрген атыраптың топырағын осыдан жүздеген, мыңдаған жылдар мен ғасырлар бұрын төрткүл дүниені дүр сілкінтіп тітіреткен сақтар мен ғұндар, сарматтар мен үйсіндер басып, сол топырақтың астына өздерінің бүкіл тұрмыс салты мен көшпенді мәдениетінен сыр шертетін жәдігерлерін көміп кетіп еді. Еліміз егемендік алғаннан кейін, қазақтың жерін қазақ археологтары зерттеп, төл мұрамызды мұражайымыздың төріне қойып, "Алтын киімді адам" мен "Аң стилін", далалық мәдениет пен өркениетті әлемге паш етіп, жер-жаһанның назарын бір аударып едік.

Рас, осы күні археологтарды көр ақтарып, тек алтын, қазына іздейді деп ойлайтындар, олар туралы жағымсыз шолақ пікір білдіретіндердің қарасы көп. Алайда археология дейтін ғылым болмаса, дүниежүзі бойынша жылқыны ең алғаш болып қолға үйреткен, шалбар деген киім үлгісін бірінші болып ойлап тапқан біздің ата-балаларымыз екенін, олардың саф алтыннан соғылған сауыт киіп, киім-кешек, ер-тұрман, әшекей бұйымдарының барлығын тек алтынмен аптап-қаптап жүргенін өзіміз білмес едік, өзгеге таныта алмас едік. Бір ұлттың басқа бір ұлттан артықшылығы - оның тілінде, сөздік қорында, өнерінде, ұлттық мұрасында, мәдениеті мен әдебиетінде және ең маңыздысы өзі мекендеп отырған жердің кімге тиесілі екенін айқындайтын, арғы тегінің кім, қандай болғанынынан сыр шертетін түп тарихында жатыр. Міне, сол үшін де археолог ғалымдардың идеологиялық тұрғыда мемлекеттің нығаюына қосатын үлесі ұшан-теңіз, орасан зор.

"Қара археологияның" қазынасы қара базарда сатылады


Әңгімемізге арқау болып отырған салада "қара архео-логтар", "көмбе іздеушілер" деген түсінік бар. Бұрын естімеуіміз де, көрмеуіміз де мүкін. Алайда қорғандарға жақын тұратын ауылдарда жергілікті тұрғындар оларға жиі ұшырасып жатады. Жалпы бұл құбылыс 1990 жылдардағы аумалы-төкпелі кезеңде, жұмыссыздық жайлаған уақытта Ресей, Қытай, Қырғызстан елдерінде басталды. "Қара археология-мен" айналысатындардың қолында пәленбай метр тереңдіктегі жердің астында бағалы бұйымның бар-жоғын анықтайтын, металл іздегіш құрал-саймандары болады. Ондай құралдар біздің мамандарда да жоқ шығар.


Археология - фотоны автор ұсынды (1).jpg

- Қазақстан бойынша ресми түрде 25 000 археологиялық ескерткіш бар, тіпті бұдан 10 есе көп болуы мүмкін. Өйткені әрбір облыстың әрбір ауылында зерттелмеген әлі қанша ескерткіш барын білмейміз. Жергілікті басшылар өз аумағындағы ескерткіштердің сақталу деңгейін, қалай қорғалып жатқанын, ол ескерткіштерге зерттеу жұмыстарын жүргізіп жатқан кімдер екенін, археологтың не тапқанын, оны қайда әкеткенін біліп, барлығынан хабардар болуы керек. Біздің шығыстың өзінде мыңдаған қасиетті орындар, қорғандар мен қорымдар бар. Ата Заңда жазылғандай мемлекеттік маңызға ие тарихи-мәдени нысандар қорғалады. Әйтсе де, кең даланы күзетіп жүрген ешкім жоқ. Мысалы, "Елеке сазы" қорғаны ашылған Тарбағатай ауданында таудағы қойшылар күн суытқан соң малдарын қыстауға айдап кеткен кезде, трактор мен бульдозерді әкеліп тұрып, ескерткіштердегі тарихи құнды заттарды, әшекейлерді қазып әкетеді екен. Сол қорғандардың маңындағы елді мекендердің тұрғындары осы ақпаратты растайды. Бірақ солардың біреуінің қолына кісен салынып, сотталғанын көргеніміз жоқ. Көру былай тұрсын, республика бойынша мұндай қылмыс мүлде тіркелмеген екен, - дейді шығыс өңірінің тумасы, атақты археолог Зейнолла Самаш.
Осы орайда, "байырғы ата-бабаларымыздың тыныш жатқан мазарын қопарып, көнеден қалған құнды дүниелерімізді иемденіп жүрген кімдер?" деген сұрақ туады. 2017 жылы сәуір айында көрші еліміздің Санкт-Петербор қаласында тарихшылар мен археологтардың үлкен жиыны өтті. Заң шығарушы органның депутаты Алексей Ковалев қазақстандық әріптестеріне "Мәдени мұра нысандары" туралы федералдық заң күшіне енген соң, Ресей жеріндегі археологиялық олжаларды саудалайтын ұры-қарылар Қазақстан мен Моңғолияға қарай ауып кеткенін мәлімдеді.

Айтпасқа болмайтын тағы бір дүние - екі ел арасындағы Кедендік одақтың жеңілдіктері. Баға жетпес қазына-байлығымыз ашықтан-ашық Ресей арқылы Еуропа нарығына жол тартуда. Ең өкінішті һәм сорақы жағдай: Қазақстанның кеден қызметкерлері тарихи жәдігерлердің құнын біле бермейді және пысқырып та қарамайтын көрінеді. Заңның әлсіздігінің кесірінен қазақтың арғы тарихына ғана тиесілі мирас заттар Еуропаның бәссаудасында саудаланып тұр. Оған да екінің бірі бара бермейді. Қара базардың "қожайыны" коллекция жинағыш байшыкештер мен байсымақтарға арнайы шақырту жібереді. Солайша, сақтар мен ғұндардан қалған түрлі артефактілер мен әшекей-бұйымдар - қалталы азаматтардың жеке меншігіне айналып кетіп жатыр.

"Көр ақтарып жүргендер - Қытайдан келген қандастар"


"Іштен шыққан жау жаман" деген екен ілгерідегілер. Ресей мен орта Азиядан келіп жатқан тонаушылар өз беттерімен қазақтың даласын қопарып, астаң-кестеңін шығара алмасы анық. Оларға жер бедерін жақсы білетін, қай жерде не бар екенін көрсете алатын жолбасшылар қазақтың арасынан шықпаса?!
- Көзбен көріп, қолмен ұстап алғаным жоқ. Десе де, ұрлық үстінен түскен ауыл халқының айтуынша, қабір қазып қазына іздеумен қытайдан келген қандастар айналысады екен. Мен барлығы сондай деп көпке топырақ шашпаймын. Дегенмен, Тарбағатай, Үржар сияқты тау арасындағы, қытайға жақын шекаралық аймақта - өр Алтайдан келген ағайындар өте көп шоғырланған. Сол аумақтағы тарихи-мәдени қорымдарға түнде ұрланып, мотоциклмен барып, бір түннің ішінде қорғанды қазып, алатынын алып, қайтадан көміп, осыны күнкөріске айналдырып алған заңсыз "археологтарды" білетіндер де бар, - дейді Зейнолла Самаш.
Оның үстіне қазіргі уақытта Қазақстан барлық тарихи-мәдени ескерткіштерді, соның ішінде археологиялық нысандарды зерттеуге, қазба жұмыстарын жүргізуге берілетін лицензияның, яғни, рұқсат құжатының уақытын шектеусіз етіп тастаған. Демек, бір лицензияны өмір бойы пайдалануға болады және бұл лицензия Қазақстанның кез келген жерінде қазба жұмыстарын жүргізуге, зерттеумен айналыса беруге мүмкіндік береді. Мысалы, егер сіз адам қолы тимеген түкпірдегі бір тарихи кешенді зерттеймін десеңіз, халыққа қызмет көрсету орталығына барып, тиісті құжаттарыңызды тапсырсаңыз жетіп жатыр. Ол үшін қазба жұмыстарын жүргізетін экспидицияның құрамында өзіңізден басқа, еңбек өтілі бар екі археолог болуы қажет. Сонымен шаруа бітті. Министрлікке де, әкімдікке де ешқандай есеп бермейсіз. Олар да сізден "не таптың, қайда жібердің, нендей жаңалық аштың" деп ештеңе сұрамайды.

Берел мұражайы сапасыз салынған


Міне, Тәуелсіздік алғанына отыз жыл толған мемлекттегі археологияның бүгінгі жай-күйі осындай. Шілікті мен Ақбауыр тарихи-археологиялық кешенге салынады деген ашық аспан мұражайы да әлі бой көтермеген. Тек жыл сайын облыс әкімінің жаттанды тақпағын естумен келеміз. Катонқарағай ауданындағы әйгілі он үш жирен ат табылған, патшалар жазығындағы қорғандар да қазір құлазып тұр. Шілде айының 7-сінде Катонқарағай өлкесіне жол түсіп, ат басын әдейілеп Берел мұражайына бұрған едік. Сондағы қызметкерлермен тілдесіп те үлгердік.


Археология - фотоны автор ұсынды (7).jpg

- Мына жабық кешендерді немқұрайлы сала салған. Жаңбыр жауса, төбесінен су ағады. Іші дымқылданып, сазданып кетті. Одан кейін, жазықтағы обалардың бәріне бірдей қылып мұражай салмақшы ма?! Оның не қызығы бар?! Туристер таң қалып, таңдай қағу үшін әр обаның мұражайы әр түрлі болуы шарт деп ойлаймын. Былтыр визит-орталық салынады деген әңгіме көтерілген. Өрекпіп брып қайта басылып қалды ғой деймін, - деді темекісін тұтатып, екі қолын рөлден алмаған мұражай күзетшісі.
Аймақ басшысы Даниал Кенжетайұлының былтыр берген уәдесі орындалса, биыл Шілікті қорғандары мен Ақбауыр астрономиялық кешеніне ашық аспан астындағы мұражай салынбақ. Қолда барда алтынның қадірін білейік!

Следующая →