Өскемен
ясно
+6°
  • Өскемен
    +6°
  • Алматы
    +17°
  • Астана
    +4°
  • Ақтөбе
    +4°
  • Актау
    +9°
  • Орал
    +6°
  • Қарағанды
    +5°
  • Көкшетау
    +5°
  • Қостанай
    +5°
  • Қызылорда
    +14°
  • Павлодар
    +6°
  • Петропавловск
    +3°
  • Тараз
    +15°
  • Туркестан
    +2°
  • Шымкент
    +17°
$
449.58
-0.49
486.94
-1.57
¥
62.22
-0.13
4.86
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО
Ақпарат көзі:
Устинка

ШҚО-да із-түзсіз кеткендердің саны азаймай тұр

Ел аман, жұрт тынышта адамдардың жоғалуы алаңдатарлық жағдай, бірақ бүгінгі қоғам мұндай жаңалықтарға селт етпейтін болғандай. Байланыстың, технологияның кез келген түрі дамыған заманда адамның іс-түссіз жоғалатыны ойға қонымсыз көрінеді

Еліміз бойынша адамдар жиі жоғалатын аймақтардың ішіне Алматы қаласы және Алматы облысы, Шығыс Қазақстан және Қарағанды облыстары кіреді. 

2020 жылы барлығы 3202 адам іс-түссіз жоғалған. Олардың 975-сі әйелдер, 286-сі кәмелеттік жасқа толмағандар, 50-і 14 жасқа толмаған балалар, 77-сі шетел азаматтары. Ал жоғалып, артынша қайтыс болғандардың саны 17 адамды құрайды. 
Былтырғы көрсеткіште адам саудасы бойынша Қазақстан әлем бойынша екінші рейтингте тұр. Былтыр адам саудасымен айналысқаны үшін 26 адам сотталды. Жыл сайын елімізде және шетелде адам саудасының құрбаны болған 80-ге жуық отандасымыз анықталып, шамамен 180 іс қозғалады. Адам саудасына байланысты қылмыстар былтырғы карантин уақытында да байқалған. 

Облысымыздағы статистика қандай?


Шығыс Қазақстан облысы бойынша ағымдағы жылдың басынан 130 тұлға хабар-ошарсыз жоғалып, оларға іздестіру жарияланды, іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында 115-і табылды, қазіргі уақытта қалған 15 хабар-ошарсыз жоғалған тұлғаны іздестіру іс-шаралары жүргізілуде.
- Өткен жылы аталған уақытта 142 тұлға хабар-ошарсыз жоғалып, оларға іздестіру жарияланған, іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында 120-сы табылды, 22 тұлға табылған жоқ. Өткен жылдары табылмаған 98 хабар-ошарсыз жоғалған тұлға іздестірілуде, қазіргі уақытта барлығы 113 хабар-ошарсыз жоғалған тұлға іздестірілуде, - дейді облыстық Полиция департаменті бастығының орынбасары, полиция полковнигі Талғат Шахметов. 
Адамдардың хабар-ошарсыз жоғалу себептері әртүрлі болады екен. Жоғалудың негізгі себептері бұл адамдардың жауапсыздығы, жақындарына қайда жүргендері туралы ақпарат бермеуінде.
- Азаматтардың хабар-ошарсыз жоғалуы, мекенжайының белгісіздігі, қандай да бір себептерсіз хабар-ошарсыз кету және жоғалған адамды іздестіру туралы өтініш, хабаралама немесе баянат іздеу жариялау шарттары болып табылады, - деп қосты Талғат Абуғалиұлы. - Хабар-ошарсыз жоғалған тұлғалардың жас аралығы әртүрлі, нақты осындай жас аралығында жиі жоғалады деп айтуға келмейді.
Мамандардың айтуынша, көбінесе ер адамдар жоғалатын көрінеді. Бұл жағдай ерлердің өзге аймақтарға іссапарға, уақытша, маусымдық жұмыстарға, түрлі рейстерге (көлік айдап әкелу, жүк тасымалдау және т.б.) жиі сапарлап тұруымен байланысты болып келеді. Әйелдер мен жасөспірімдер арасында жеңіл жүрісті қыздар мен әлеуметтік жайсыз отбасылардың балалары жиі жоғалады.

Жоғалды ма? Қашып кетті ме?


Көп жағдайда берекесіз отбасыларда балалар қараусыз жүріп, кетіп қалады. Ондай отбасында ата-аналары балаларының жоғалғанын кеш байқап жатады.

Тұрмыс деңгейі төмен отбасылардағы жасөспірімдер ата-анасымен ренжісіп, олардың жиі ішімдік ішуіне байланысты бірге тұрғысы келмейтіндіктен, өз бетінше өмір сүруді қалап үйден кетеді.
- Жасөспірімдердің ата-анасымен ұрсысып қалып үйден қашып кетуіне байланысты іздестіру жариялаудың 17 фактісі бар, іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында барлығы табылып, ата-аналарына аман-есен табысталды, - деді полиция полковнигі Талғат Шаяхметов.
Сонымен қатар, балалардың компьютерлік ойындарға әуестіктерінен уақытқа қарамай, бәрін ұмытып кететін жағдайлар болады. Кейде ата-аналар тарапынан балаларына аса қаталдық танытып, сабақты күштеп оқытуы сияқты жәйттер бір себепке айналып жатады. Үйде ұрыс естімеу үшін бала мектептен үйіне оралмай қашып, бір жерлерге тығылуды жөн көреді.

Ал жастар интернеттің арбауына жиі түсіп кетеді. Әсіресе кәмелеттік жасқа толмаған қыздар әлеуметтік желінің құрбанына айналып кетуі мүмкін. 

Әр түрлі танысу сайттары арқылы табысып, кездесіп, біраз уақыт сол адаммен бірге тұрып қалатын жастар да бар. Әке-шешелері бұл туралы білмей де қалуы мүмкін.

Аман ба екен?..


Кейде ересек ер адамдардың жоғалуына олардың нәпақа іздеп, басқа елді мекендерге кетіп қалуы себеп болуы мүмкін. 

Жақындарынан жыраққа кететіндер табыс тауып, жұмысқа орналасуды көздейді. Бірақ еңбекке жарамды адамдардың құжатынан айы-рылып, белгісіз біреулер құлдықта ұстауы жиі кездеседі. 
- Алматы қаласында тұратын жездем із-түссіз кетті. Бұл жағдай 2018 жылы орын алды. Жездем апайымды жақын жердегі дүкенге жеткізіп, өзі үйге қайтады. Алайда апайым үйге келсе, жездем жоқ. Достары оның үйге кіргенін көрген екен. Бірақ сол күйі іс-түзсіз. Оған іздеу жарияланды. Полиция іздестірді. Әпкем нешерет мәйітті тануға барды. Әпкем жездемнің тірі екенін сезеді. Іздеу жұмыстарына волонтерлер де қатысады, "Бармысың бауырым" бағдарламасына да барады. Туыстары қаланың әр көшесі мен түкпірін аралап шығады. Нәтижесіз. Ол түрлі бақсы-балгерлерге де жолықты. Олар жездемнің тірі, есін ұмытып қалған, бір жерде жалдамалы малшы болып жүргенін айтты. Осылайша, әпкем үш баласын тәрбиелеп, жолдасының бір күні аман - есен оралатынына сенеді, - дейді облысымыздың тұрғыны Арай Бақтиярқызы.
Туғанын із-түссіз жоғалтып, сары уайымға салынып, зарыға күту, шарасыздықтан шаршау ешкімнің басына келмесін. 

Адам жоғалған кезде қалай әрекет ету керек?


Адам жоғалып кеткен жағдайда, "102" нөміріне қоңырау шалып, полицияға немесе жақын жердегі бөлімшеге хабарлауыңыз қажет. 

Полицияға ұсыну маңызды болатын ақпарат, келесілер:
  • жоғалған адамның жеке деректері: аты, тегі, әкесінің аты, жасы, шаш түсі, мең, тыртық, сияқты ерекше белгілері;
  • адам жоғалған кездегі жағдайлар туралы мәліметтер.
Егер әңгіме бала туралы болса, онда полицияға мүмкіндігінше тезірек хабарлау керек.

Адам жоғалып кеткен сәттен бастап 3 күн өткеннен кейін ғана жүгінуге болады деп ойлау қате. Осы уақытта өзіндік шағын- тергеу жүргізуді бастау керек. Достарына, әріптестеріне хабарласу, адамның жақсы көретін орындарына бару, жоғалған адам күн сайын пайдаланған маршрутпен жүріп өту және т. б.

Егер іс кәмелетке толмаған балаларға қатысты болса, онда келесі ережелерді ұстану керек:
  • әрқашан баланың қайда баратынын білу;
  • ұялы телефонға "жылдам теру" опциясын орнату;
  • балаларды жиі суретке түсіру;
  • балалар үйден шыққанда киген киімін есте сақтау;
  • балаға өзі туралы мәліметті және мекенжайын үйрету;
  • баламен жеке қауіпсіздік шараларын сақтау туралы үнемі әңгіме өткізу;
  • кәмелетке толмаған бала форс-мажор жағдайында көмек алу үшін кімге жүгінетінін айту;
  • мобильді құрылғыға, оның иесінің орналасқан жерін анықтауға мүмкіндік беретін арнайы қосымшаны орнату қажет.
Қарттар үшін ережелер келесідей:
  • үйде егде адамның денсаулық жағдайына және олар қабылдайтын препараттарға қатысты медициналық құжаттардың көшірмелері болуы тиіс;
  • зейнеткер баратын барлық орындардан хабардар болған жөн. 
Өкінішке орай азаматтардың "102" нөміріне қоңырау шалып "іздестіруде жүрген адамды көрдім" деп хабарлауы сирек кездеседі екен.

Хабар-ошарсыз жоғалған тұлғаларды іздестіру жұмыстары Қазақстан Республикасы Ішкі істер министірлігінің іздестіру жұмыстарын ұйымдастыру туралы заңнамаларына сәйкес жүргізіледі.
Следующая →