Өскемен
пасмурно
+11°
  • Өскемен
    +11°
  • Алматы
    +10°
  • Астана
    +3°
  • Ақтөбе
    -2°
  • Актау
    +7°
  • Орал
    +2°
  • Қарағанды
    +4°
  • Көкшетау
    +3°
  • Қостанай
    +1°
  • Қызылорда
    +9°
  • Павлодар
    +6°
  • Петропавловск
    +2°
  • Тараз
    +8°
  • Туркестан
    -3°
  • Шымкент
    +7°
$
448.15
-1.43
483.46
-3.48
¥
61.99
-0.23
4.86
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО
Ақпарат көзі:
Устинка

Бұрынғы шекаралық бекет қымызханаға айналды

Катонқарағай ауданының Топқайың ауылында игі бас-тама көрініс тапты. Ұлттық тағамдарымызды насихаттау мақсатында жергілікті жеке кәсіпкердің бастамасымен қымызхана ашылды

Қымызханаға келушілер тек ұлттық сусынға шөл қандырып қана қоймай, қазақтың дас-тарханынан табылатын сан түрлі тағамдардан да дәм тата алады. Атап айтар болсақ, саумал, айран, бауырсақ, қуырдақ сынды құнарлы ас-ауқатына тапсырыс беру мүмкіндігі қарастырылған. Ешқандай қоспасыз, табиғи таза өнімге қашанда сұраныс жоғары болады. Сондықтан, ауыл тұрғындары қымызханаға келушілер қатары артады деген сенімде.

Кәсіп - фото Катонқарағай ауданы әкімдігінен.jpg

Кәсіпкер Дәурен Тоқтасынұлының айтуынша, бұрын қазірігі қымызхананың орнында кішкентай шекаралық бекет болған. Тоқырау жылдарында ғимараттың тоз-тозы шығып, тұрғындар шатыр, еденін бұзып әкетіп, ғимараттың тек қаңқасы ғана қалған. 
- Ескі шекаралық бекетті қымызханаға айналдыру ойымызға келді. Ғимаратты қалпына келтіріп, қосымша бөлмелер жалғадық. Алтай ауданынан бері қарай жолда Үлкен Нарын ауылынан Рахман қайнарына дейін жолаушыларға арналған тамақтанатын орын жоқ. Сол себепті саяхаттаушыларға ыңғайлы болсын деп жол жиегінен қымызхана аштық. Қымызхананы ашқандағы негізгі мақсатымыз ұлттық тағам түрлерін насихаттау. Қазіргі уақытта қымызхананың ішінен жолаушыларға керек-жарағын алуға қосымша дүкен аштық. Ішімдік, темекі өнімдері сатылмайды. Қымызхананың жанында біраз аумақты шатырлап, үстел қойдық. Ауыл тұрғындары келіп сүт өнімдерін, бал сатып жүр. Былтыр Катонқарағайдан шығатын дәрі-дәрмек, шөптердің тұнбасы, панты сол жерде сатылатын. Болашақта ауыл тұрғындары жасайтын қолөнер бұйымдарын, кәдесыйларды сатуды жоспарлап отырмыз, - дейді кәсіпкер Дәурен Тоқтасынұлы.
Көпбалалы отбасы былтыр мемлекеттен 5 млн теңге грант ұтып алған. Қосымша "Катонқарағай ауданын дамыту" қоры кәсіпкерге қолдау көрсетіп, 700 мың теңге грант бөлген. 
- Мемлекеттік грант қаражатына, қымызханаға қажет жабдықтар мен киіз үй сатып алдық. Келушілерге ыңғайлы болу үшін дәретхананы ғимарат ішінен салдық. Қосымша баланың жаялығын ауыстыруға арналған арнайы үстел қойдық, - дейді Дәурен Тоқтасынұлы. 
Кәсіпкердің айтуынша, ғимараттың жанына үш киіз үй құралады. Жылы болуы үшін бір киіз үйді кірпіштен салған. Екіншісін ағаштан саламыз деп жоспарлап отыр. Ал үшіншісі қарапайым дайын киіз үй. Дайын киіз үйді қазір туристер жалға алып жүрген көрінеді. 

Жақында ғана ашылған қымызхана өзінің тұрақты тұтынушыларын да тауып үлгерген. Марал қанымен ем алушылар, саяхаттаушылар ауқаттанып, қымыз ішуге осы демалыс орнына келеді екен. Карантиндік шектеулерге байланысты қымызхана 22.00-ге дейін қызмет көрсетеді.

Қымызхананың салтанатты ашылуында аудан әкімі Ділдар Қалиқан кәсіпкердің бұл бастамасына алғысын айтып, сәттілік тіледі.

Айта кетейік, Катонқарағай ауданының ауыл тұрғындары кәсіпкерлікті мықтап меңгеруде. Алдыңғы санда туризмді кәсіпкерлікке айналдырып отырған берелдіктер туралы сөз қозғасақ, осы санда топқайыңдық көпбалалы отбасының дөңгелетіп отырған кәсібі туралы қалам тербедік. "Алма піс, аузыма түс" деп қарап отырмай, шалғай ауылдарда кәсібін дөңгелетіп отырған бұл азаматтар көп жасқа үлгі болары сөзсіз.
Следующая →