Өскемен
ясно
+17°
  • Өскемен
    +17°
  • Алматы
    +19°
  • Астана
    +20°
  • Ақтөбе
    +24°
  • Актау
    +19°
  • Орал
    +24°
  • Қарағанды
    +19°
  • Көкшетау
    +19°
  • Қостанай
    +21°
  • Қызылорда
    +28°
  • Павлодар
    +14°
  • Петропавловск
    +16°
  • Тараз
    +19°
  • Туркестан
    +21°
  • Шымкент
    +21°
$
446.49
-0.91
475.38
-2.17
¥
61.66
-0.15
4.79
+0.03
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО Назерке Кәрімова
Ақпарат көзі:
Устинка

Әскери қызметшілердің мамандық бойынша сабақтары қорытындыланды

Аягөз гарнизонының әскери бөлімдерінде жауынгерлік даярлық жоспарына сәйкес мамандық бойынша жеке дайындық сабақтары аяқталып, әскери қызметшілер бақылау сабақтарын тапсырды

Бұл іс-шараның басты мақсаты – әскери бөлімдерде жеке  құрамның оқытылу деңгейін, әскери қызметшілердің өздерінің лауазымдық және арнайы міндеттерін орындай білу шеберліктері мен дәрежесін айқындау болып табылады.

Аягөз гарнизонының баспасөз қызметі мәлімдегендей, бақылау сынақтары барысында әскери қызметшілер іс жүзінде бір ай уақыт аралығында өткен мамандық бойынша сабақта қарудан оқ ату мен жауынгерлік машиналарды жүргізуді қалай меңгергендерін көрсетті. Сонымен қатар, оқу-жаттығу алаңдарында емтихан нормативтерін тапсыру түрінде өтті. Аталмыш жаттығулардың орындалу дұрыстығын арнайы комиссия мүшелері қадағалап, әрбір әскери қызметші тиісті бағаларын алды.
- Мамандық бойынша дайындықтан өткен әскери қызметшілерді оқытудың негізгі пәндері бойынша сынақтарды қабылдау барысында әскерилер өздерінің функционалдық міндеттерін орындауы үшін қажетті білім алғандарын көрсетіп, бақылау тексерісінің қорытындысы бойынша әскери бөлім "жақсы" деген баға алды, - деді гарнизон бастығы полковник Сәбит Үркінбаев.
Ендігі кезекте, әскери қызметшілер әскерлерді даярлаудың келесі кезеңі – бөлімшелердің жауынгерлік атыс даярлығы мен роталардың тактикалық дайындығын бастайтын болады. Онда әскери қызметшілер өздерінің бөлімшелері құрамында жинақтаған білімдерін іс жүзінде пысықтайды.
Следующая →