Өскемен
ясно
+4°
  • Өскемен
    +4°
  • Алматы
    +18°
  • Астана
    +8°
  • Ақтөбе
    +17°
  • Актау
    +17°
  • Орал
    +20°
  • Қарағанды
    +8°
  • Көкшетау
    +5°
  • Қостанай
    +10°
  • Қызылорда
    +28°
  • Павлодар
    +3°
  • Петропавловск
    +3°
  • Тараз
    +19°
  • Туркестан
    +15°
  • Шымкент
    +23°
$
443.85
-0.47
474.3
+0.97
¥
61.25
-0.06
4.8
+0.04
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО
Ақпарат көзі:
Устинка

Күршім ауданында бірнеше ауыл сусыз қалды

Күршім ауданының тұрғындары әлеуметтік желілерде суармалы судың жоқтығына шағымдануда. Басты себеп - бөгеттің бұзылуы

Ауыл тұрғындарының айтуынша, Көмейдегі дамбының жарылуы егіншілікпен күн көретін Бірлік, Сарыөлең және Барақ батыр ауылдары салдарынан суармалы сусыз қалып отыр. 
- Су Көмей деген жерден келеді. Содан бері қарай шлюз арқылы Жауғашты деген каналға жетеді. Мыңдаған гектар жердегі егістік, қарбыз, шабындық, жоңышқа - бәріне су жетпей жатыр. Бақша егетін ауылдастарымызға да қиын болды. Каналдан бірнеше шлюзбен су тұрақты түрде келіп тұратын. Енді елге су жетпей жатыр, - дейді Сарыөлең ауылының тұрғындары.
Тұрғындардың айтуынша, 2000 жылдардың басында Италиядан келген инвес-
торлар дамбыны жөндеген көрінеді. Алайда бұл күнде каналдың тозығы жеткен. Жылда жергілікті тұрғындар өз күшімен дамбыны бітеп әлек болады. Каналдың басында дәл қазір бір ғана погрузчик жүр. Бірақ суды бітеуге оның күші жетпейді.
- Тіпті бір-екі техниканың шамасы келмейді. Үш ауылдың халқы көмек сұраймыз. Мәселені үш ауыл болып шеше алмай жатырмыз, - дейді тұрғындар. 
Аудан әкімдігі Күршім аудандық төтенше жағдайлар бөлімі бастығының міндетін атқарушы Думан Мамырхановтың ресми түсініктемесіне сілтеме жасай отырып, жағдай бақылауда екенін атап өтті.
- 10 маусымдағы жағдай бойынша Сарыөлең ауылдық округіне қарасты Вознесенка өлшеу станциясының маңындағы Күршім өзеніндегі су деңгейі 197 см құрайды (сыни 310 см). Елді мекендерді, нысандарды және шаруа қожалықтарын су басу қаупі жоқ. Бөгеттің бір бөлігінің бұзылуына байланысты 2-3 маусымда гидроэлектрлік кешендегі су деңгейі төмендеді. Бұл Бірлік, Сарыөлең ауылдарының тұрғындары көкөніс бақшаларын, егістіктерді, шабындықтарды суаруға пайдаланатын Жауғашты суару каналына су алуды қиындатады, - деп жазды Думан Мамырханов Күршім ауданының ішкі саясат бөлімінің ресми жауабына.
Төтенше жағдайлар бөлімі бастығының айтуынша, су арнасына жауапты "Қазсушар" мекемесі.

Мекеменің Шығыс Қазақстан облысындағы филиалы директорының орынбасары Дәулет Ақылбекұлынан айтуынша, өзеннің деңгейі жазда түсіп кетеді де, Жауғашты каналына су бармай қалады. Аталған ауылдардың халқы су арнасының уақтылы тазартылмайтынын айтып, "Қазсушар" мекемесіне шағымданған болатын. 
- Тасқын кезінде суға түсе алмаймыз. Өзенде су деңгейі үлкен. Су келер алдында арнаны тал-тоғайдың бәрінен тазалап, жұмыс бастағанбыз. Өзеннің деңгейі түсіп кетеді де, каналда су азайып қалады. Бірақ су мүлде жоқ емес. Сондағы бір адам инстаграмға "ауылды су алып жатыр" деп жалған хабар таратып жіберіпті. Каналға су жеткізе алмай отырғанда, ауылды қалай су алып кетеді? Уақытша дамбы салдық. Бірақ каналды толығымен қайта жөндеу керек. Ол үшін Азия Даму банкіне өтінім бергенбіз. Бірақ бұл мәселе қазір тоқтап тұр. Қайта жөндеу жұмыстарына шамамен 700-800 млн теңгедей қаражат керек, - дейді "Қазсушар" ШҚО-дағы филиалы директорының орынбасары Дәулет Ақылбекұлы.
Дәулет Ақылбекұлы банк бөгенді қайта жөндеуге арналған қаржыны әлі мақұлдамағанын айтады.

Күршім ауданы әкімдігі дүйсенбі күні бөгеудің басына үлкен эксковатор апарылғанын хабарлады. Бүгін де бөген басында халықтың өзі жиылып жұмыс істеп жатыр. Аудан әкімдігі одан бөлек Күршім ауданындағы орман шаруашылығынан, бөгеудің ашылып кеткен жерін уақытша жапқанға 20 куб ағаш сұрап хат жазған екен. Тиісті мекеме ағаш беруге келісіпті.
- Бүгін немесе ертең орман шаруашылығының жұмысшылары оны дайындайды. Кескен ағаштармен бітеп, бөгеу салады. Содан кейін судың бағытын каналға қарай осылай бұрғымыз келеді. Ал енді суды толығымен бітеп тастауға болмайды. Өйткені одан төмен қарай Күршім, Топтерек ауылдары бар. Ол жерде де егін, бақша егіп отырған халық көп. Күршім өзені түзу келіп, Ертіске құяды. Сол бұрынғы бөгеуді қайтадан қалпына келтіру керек. Көктемде су тасыған кезде су бөгеудің үстімен өтіп кетеді де, азайған кезде судың бір бөлігін үш ауылдың шлюзіне бұрып отырады, - дейді Күршім ауданы әкімінің орынбасары Қайрат Әзімбаев.
Аудан әкімінің орынбасарының айтуынша, Күршім ауылында да, Марқакөлдегі Қалжыр өзенінде де су жыл сайын азайып барады. Тауларда жылдағыдай қар жоқ. Тұманың көздері бітеліп, су азайып барады.
Следующая →