Өскемен
ясно
+2°
  • Өскемен
    +2°
  • Алматы
    +17°
  • Астана
    +8°
  • Ақтөбе
    +19°
  • Актау
    +19°
  • Орал
    +22°
  • Қарағанды
    +6°
  • Көкшетау
    +8°
  • Қостанай
    +6°
  • Қызылорда
    +21°
  • Павлодар
    +6°
  • Петропавловск
    +8°
  • Тараз
    +18°
  • Туркестан
    +16°
  • Шымкент
    +19°
$
444.22
+0.37
476.38
+2.08
¥
61.31
+0.06
4.82
+0.02
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО Галина Денисова
Ақпарат көзі:
Устинка

ШҚО-да бір күнде екі адам суға батып кетті

Бірінші оқиға Күршім ауданының Зайсан көлінде, ал екіншісі Шемонаиха ауданында болды

Шығыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі хабарлағандай, 17 маусымда Күршім ауданында 1995 жылы туған жігіт қайықта аударылып, суға батып кетті. Жігіт жүзу білмегендіктен, судан шыға алмаған. Сол күні Шемонаиха ауданында 2007 жылы туған бала суға кетіп көз жұмды, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

14 жастағы жасөспірім достарымен бірге шамамен  тереңдігі 1 метр 20 см  болатын шағын тоғанда шомылмақ болған. Бала екі метр биіктіктен суға секіріп, сол күйі жүзіп шықпаған.

ШҚО ТЖД құтқарушылары ата-аналарға балаларын су айдындарына жалғыз жібермеуге, оларды күндіз қараусыз қалдырмауға, судағы қауіпсіздік ережелері туралы түсіндірме әңгімелер жүргізу керектігін ескертеді. 

- Судағы қауіпсіздіктің маңызды шарты қайықпен жүзу ережелерін қатаң сақтау болып табылады, - деп атап өтті ШҚО ТЖД. - Ақауы бар және толық жабдықталмаған қайықпен жүзе алмайсыздар. Қайыққа отырар алдында оны толық  қарап шығып, ескектер, құтқару қалтқысы, жолаушылар санына арналған құтқару жилеттері және судың ағып кетуіне арналған қауға бар екеніне көз жеткізу керек. Сондай-ақ орындықтарда біркелкі отыру қажет.

Мамандардың айтуынша, қайықта бір жерден екінші орынға ауысуға, сондай-ақ бір қайықтан екінші қайыққа ауысып, қайықты шайқап, одан секіріп сүңгуге болмайды.

Төтенше жағдайда 112 нөміріне қоңырау шалыңыз.
Следующая →