Өскемен
ясно
+9°
  • Өскемен
    +9°
  • Алматы
    +19°
  • Астана
    +14°
  • Ақтөбе
    +24°
  • Актау
    +19°
  • Орал
    +22°
  • Қарағанды
    +14°
  • Көкшетау
    +10°
  • Қостанай
    +19°
  • Қызылорда
    +26°
  • Павлодар
    +6°
  • Петропавловск
    +8°
  • Тараз
    +17°
  • Туркестан
    +19°
  • Шымкент
    +20°
$
444.32
-1.34
473.33
-1.25
¥
61.31
-0.22
4.76
-0.02
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО Евгения Чех
Ақпарат көзі:
Устинка

Өскеменде Тәуелсіздік монументі бой көтермек

Өскеменде ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Өскемен қаласының жаңа 19 шағын ауданында монумент салынады

Бұл туралы аймақ басшысы Даниал Ахметов әлеуметтік парақшаларының бірінде жазды, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

30 метрлік көп фигуралы "Тәуелсіздік монументі" мүсіндік композициясы Қазақ мемлекетінің қалыптасу тарихын бейнелемек. Жоба бойынша композицияның орталығы биіктігі 12,6 метр және диаметрі 11,3 метр болатын алтыбұрышты негіздегі тік ескерткіш. Оның төменгі бөлігінде Қазақстанның даму тарихы бедерленген рельеф орналасқан, 
- Монументтің орталық бөлігінде қазақ халқының бірлігі мен елдігін бейнелейтін үш биіміз - Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би қойылған. Монументтің екі жағында Қазақ хандығында қабылданған "Жеті жарғы" заңдар жинағының үзінділері жазылмақ. Монументтің басында Қазақ хандығының негізін қалаушылар - Керей мен Жәнібек бейнелері орналасқан. Мүсіндер қоладан, ал монументтің қабырғалары ақ мәрмәрден жасалады. Аумағы 6756 шаршы метр құрайды, - дейді аймақ басшысы Даниал Ахметов. 
Кешеннің  жалғасы Сағадат Нұрмағамбетов атындағы жаңа аллея болмақ. Мұнда Халық Қаһарманы, Кеңес Одағының батыры, еліміздің бірінші Қорғаныс министрі Сағадат Қожахметұлының құрметіне ескерткіш қойылады. 
Следующая →