Өскемен
ясно
+9°
  • Өскемен
    +9°
  • Алматы
    +10°
  • Астана
    +13°
  • Ақтөбе
    +19°
  • Актау
    +22°
  • Орал
    +21°
  • Қарағанды
    +9°
  • Көкшетау
    +14°
  • Қостанай
    +16°
  • Қызылорда
    +17°
  • Павлодар
    +11°
  • Петропавловск
    +15°
  • Тараз
    +8°
  • Туркестан
    +22°
  • Шымкент
    +11°
$
443.35
475.54
¥
61.18
4.82
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО Галина Денисова
Ақпарат көзі:
Устинка

Өскемендегі әуежайдың ұшу жолағын жөндеу жұмыстары әлі де созылуы мүмкін

Облыс әкімі Даниал Ахметов Өскемен әуежайында атқарылып жатқан жұмыстың барысын тексерді

Бұнда екі жүзге жуық техника жұмыс істеуде. Аталмыш жоба жүзеге асқаннан кейін қала және облыс тұрғындары жаңартылған әуе айлағы арқылы қатынай алады.

Дегенмен, мердігер компания басшылығы атап өткендей, көлденеңнен ұзарту аймағында қазу жұмыстары барысында топырақтың нығыздығы төмен екендігі анықталған. Жобалық бекітілген 1 м. 20 см тереңдік кей жерлерде төрт метрге дейін жеткен. Жобалық кемшіліктерді көрсету және түзету үшін жобалау институты мен авторлық, техникалық қадағалауды дереу шақыру тапсырылды. 

Себебі бұл проблема бүкіл жұмыс процесін қиындатады, өйткені топырақты нығайту жұмыстарын жүргізу қажет. Әрі нысанды мерзімінде іске қосуға кедергі жасайды. Дүйсенбі күні осы тапсырманың орындалуын тағы да жеке тексеретінін айтта Даниал Ахметов.

- Жалпы, биыл біз жұмыс істеп жатқан өңір үшін бірқатар маңызды, негізгі инфрақұрылымдық жобаларды іске асырамыз, - дейді Даниал Ахметов. - Бұл Өскемен және Семей арқылы айналып өтетін автожол. Сондай-ақ, Шемонаиха қаласы үшін маңызды нысан - көпір де жасалады. Осы жылдың екінші жартысынан бастап Семей қаласының көлік көпірін қайта жаңартуға кірісетінімізге сенімдімін. Осылайша, облыс алдында ондаған жылдар бойы тұрған негізгі міндеттер тұжырымдамалық түрде жүзеге асырылуда.
Следующая →