ШҚО-да еріктілерді ТЖ кезінде жұмыс істеуге үйретуде

Жақынына жәрдем ету - әр саналы адамның парызы. Алайда қазір ешкім ешкімге қайырылып та қарамайтын заман туған сияқты. Қолымыздан келіп тұрса да, біреуге жәй көмектесіп жіберуге ұмтылмаймыз
20 мамыр 2021 года, 17:17 397 Григорий Прыгов
Новости Казахстана и регионов на сегодня. - В ВКО обучают волонтеров для работы в условиях ЧС
Ақпарат көзі: © Устинка LIVE Фото: © ОО "Улагат"
Бірақ қайырымды жандар да жоқ емес, бар. Солардың бірі - "Ұлағат" жастар қоғамдық бірлестігінің еріктілері. Олар шын мұқтаждарға демеу, жанына медеу. Өзгеге жақсылық жасау үшін кейде тіпті өз бастарын да қауіпке тігуге тура келеді. 
- Біз 2007 жылдан бастап жұмыс істеп келеміз, - деп еске алады бірлестік жетекшісі Аяужан Ашимова. - Осы уақыт аралығында жастар мен орта буын өкілдеріне қолдау көрсетуге арналған бірнеше жобаны жүзеге асырдық. Тренингтер мен семинарлар өткізіп, олардың бастамалары мен тың идеяларына қолдау білдіреміз. Қызметіміздің басты бағыттарының бірі - еріктілік. Мәселен, өткен жылы біздің еріктілер карантин уақытында ыстық тамақсыз қалған хоспистар мен оқушылардың отбасыларына көмектесті. Киім-кешек пен азық-түлік тараттық.
"Ұлағат" қоғамдық бірлестігінің еріктілері төтенше жағдай кезінде де адамдарға көмектесуге дайын. Бірлестік басшылығы ШҚО тұрғындары төтенше жағдайларға өз күштерімен төтеп бере алып, құтқару қызметтеріне септігін тигізетінін жақсы біледі. Алайда "жаман айтпай, жақсы жоқ" демекші, бірлестіктегілер халықты кез келген табиғи апат, өрт немесе басқа да оқыс жағдайларда сауатты әрекет етуге үйретеді. Оны Орталық Азияның Еуразия қоры және Қазақстандағы "Шеврон" компаниясының гранттық қолдауы арқасында QOLDA 2.0 жобасы аясында жүзеге асыра білді. Еріктілерге арналған жаттығулармен қатар, бірлестік мүшелері төтенше жағдайға тап болған кез келген қарапайым тұрғынға да пайдалы болатын ұялы қосымша жасап шығарды.
- Қосымшада түрлі экстремалды жағдайларда әрекет ету тізімі бар чек-парақтар бар, - дейді Аяужан Ашимова. - өрт шыққанда, газбен уланғанда, тасқын болғанда және тағы басқа да жағдайда не істеу керектігі туралы екі тілде әзірленген қысқа бейнеролик те бар. Сонымен қатар, облыстағы елді мекендердегі  біз оқытқан еріктілер тізімі бар.
Аяужан Ашимова қосымшаны пайдалану үшін ғаламтордың да қажеті жоқ екенін атап өтті. Қосымша арқылы кез келген экстремалды жағдайда көмектесе алатын еріктіні тауып алуға болады. Мәселен, ТЖ кезінде алыс ауылда жолда қалсаңыз сол маңдағы еріктінің көмегіне жүгіне аласыз. Одан өзге, қосымшада ауа райы жағдайы бойынша  аудандардың паспорты да бар. 

ТЖ кезінде әрекет ету чек-парақтары ШҚО ТЖД бақылауымен жасалған. Жобаға облыстағы ауылдардың 80%-ында 400-ден астам еріктіні дайындаған жаттықтырушылар қатысқан. Қатысушыларды таңдар кезде ауылдан көшер ниеті жоқ, алыс аймақта қатерге ұшырағандарға көмекке ұмтылатын орта жастағы ауыл тұрғындарына басымдылық берілді. 

“Ұлағат” қоғамдық бірлес-тігі еріктілер аудандық әкімдіктегілермен бірлесе жұмыс істеуге дағдыланғанын алға тартады. Бірақ бірлестік өз оқушыларын назардан тыс қалдырмайды. Аяужан Ашимова айтқандай, еріктілері аудандарда жағалауларды бекіту, қар тазалау жұмыстарына белсене араласып, өрт кезінде құтқарушылар мен тұрғындарға көмектеседі екен. Жақында ғана “Ұлағат” қоғамдық бірлестігінің аудандық еріктілері 11 мамыр күні Риддерде болған өрттен зардап шеккендерге гуманитарлық көмек жинап берген.
- "Орталық Азияның Еуразия қоры" жастардың көшбасшылық қабілетін шыңдауға басты назар аударып отыр, - дейді Орта Азия Жастар көшбасшылығы академиясының түлегі Ерсұлтан Кеңесбеков. - Ол көптеген грант ұсынды. Мен Аяужан "Ұлағат" қоғамдық бірлестігімен бірге еріктілер тобын құру, мобильді қосымша жасау және ТЖ кезінде жергілікті халыққа қолдау көрсету жобасын жүзеге асыра алатындығын білдім. Командасында бес адам бола тұра, еріктілерді үйрету үшін "ШҚО азаматтық альянстан" Руфит Ахмедзянов сынды үздік жаттықтырушыларды тарта алды. Орталық Азияның Еуразия қорына және "Колда 2.0" жобасына қатысқа барлығына алғыс білдіремін. Жұмыстары өз жемісін берді.
Аяужан Ашимова мен оның әріптестерінің жоспарлары көп. Команда мобильді қосымша мен ауылдағы еріктілерді оқыту  концепциясын бүкіл Қазақстанға енгізуді көздейді. Бірлестік жетекшісі еріктілердің біліктілігін арттырып, өздерін жаңа тапсырмалармен шабыттандырып отыратындықтарын айтады. Осылайша жаңа ниеттес, тілектес азаматтарды тартуды көздейді.

Загрузка...

Тақырып бойынша жаңалықтар

Устинка Live хабарландыруларын алып тұрыңыз