Өскемен
ясно
+14°
  • Өскемен
    +14°
  • Алматы
    +16°
  • Астана
    +20°
  • Ақтөбе
    +21°
  • Актау
    +21°
  • Орал
    +22°
  • Қарағанды
    +16°
  • Көкшетау
    +19°
  • Қостанай
    +20°
  • Қызылорда
    +26°
  • Павлодар
    +16°
  • Петропавловск
    +19°
  • Тараз
    +18°
  • Туркестан
    +20°
  • Шымкент
    +20°
$
447.4
-1.49
477.55
-0.38
¥
61.81
-0.21
4.76
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО Григорий Прыгов
Ақпарат көзі:
Устинка

ШҚО-да қамаудан босап шыққандарға қандай қолдау көрсетіледі?

"Жаңылмайтын жақ, сүрінбейтін тұяқ жоқ" деген сөз бар қазақта. Пендешілікпен кей-кейде шалыс басып, сүрініп жататындар қаншама. Бірақ "адасқанның айыбы жоқ, қайтып үйірін тапқан соң" деген де аталы сөз бар

Тек жасаған қылмысы үшін арнайы мекемеде жазасын өтеп шыққан жан бостандықтағы өмірге бірден бейімделіп кете алмай жатады. Жақындары мен достары барларға, әрине, жеңілірек. Ал бостандықта күтіп отырған жақыны болмаған жан үшін оңай емес.

Дәл осындай жандарға "Антарес А" қоғамдық ұйымы көмек көрсетіп келе жатқанына бес жылға жуық уақыт болған. Қазіргі таңда ұйым QOLDA 2.0 жобасы аясында Орталық Азиядағы Еуразия қоры мен Қазақстандағы  "Шеврон" компаниясынан қолдау көріп отыр. "Антарес А" қоғамдық ұйымының қызметкерлері түрмеден босап шыққандарға қоғамдық өмірге бейімделуге көмектеседі. Олар үшін психологиялық тренингтер өткізіп, мәдениет пен спортқа бейімдейді. Тұрмыстық сұрақтарды шешуге де қолғабыс етеді. Мәселен, құжаттарын рәсімдеуден бастап, мобильді байланыс ақысын төлеуге дейін көрсетеді. Тіршілік етуге деген құлшынысы жоғары жандарға жол жүру билеттерін, азық-түлік себеттерін де алып беріп тұрады екен.
- Бас бостандығын шектеу мекемесінен бостандыққа шаққан адамның алдынан көп кедергі кездесіп жатады, - дейді "Антарес А" ҚҰ басшысы Виктор Дак. - Халыққа қызмет көрсету орталығына бару үшін де, кез келген әлеуметтік қызметті алу үшін де білместіктен қиналуы мүмкін. Карантиндік шектеулер кезінде көп қиындықтар туды. Тіпті бейімделген адамның өзіне де сандық қызметтер оңайға соқпайтыны анық. Мекенжай бойынша тіркелу де, медициналық мекемеге тіркелу де қиын. Сол үшін де біздің көмегіміз қажет.
"Антарес А" қоры 2015 жылы барлық категориядағы істі болған азаматтарды бейімдеу жұмыстарын жүргізу үшін құрылған. Бір жыл бойы қор мамандары еш ақысыз жұмыс істесе, 2016 жылдан бастап белсенді жобалық қызметін бастаған. Мемлекет ұжым жұмысын бағалады, қазір қаржыландырудың көп бөлігі бюджеттен бөлінеді. Ал Виктор Дактың айтуынша, өткен жылдан бастап қаржыландыру шетелден де түсе бастаған. Қазір қор ұжымында үш психолог, заңгер және бірнеше әлеуметтік қызметкер бар. 
- Біз осы жоба бойынша жұмысты бастағанда ештеңеміз де жоқ еді, - деп еске алады Виктор Дак. - Бүкіл құжаттарды бастан-аяқ өзіміз құрастырдық. Қазір өңірлердегі әріптестерімізбен тәжірибе алмасып, бағыт-бағдар сілтейтін кейсімізді ұсына аламыз. Біздің араласуымызбен еліміздің бірнеше облысында сотты болғандарды бейімдеу қызметтерін жасау бойынша жобалар жасалғанына қуаныштымыз.
Виктор Дак айтқандай, қор атқарушы билік және полициямен тығыз қарым-қатынаста жұмыс істеуінің арқасында жақсы нәтиже көріп отыр. "Антарес А" қоры ұсынған мәліметтерге сүйенсек, Шығыс Қазақстанда 15 жыл бойы жастар арасындағы қылмыс өршіп тұрған. Бүкіл елде өңіріміз осы көрсеткіш бойынша көш бастап тұрған, бүгінгі таңда төртінші орынға түскен.

Осы бес жыл ішінде қор қызметкерлерінің алдынан мыңдаған бұрын істі болған азаматтар өткен.  Виктор Дак айтқандай, қоғамдық қор қылмыскерге бостандыққа шыққан соң тұрмыстық мәселелерін шешуге көмектесе отырып, оны жаңа қылмысқа барудан да қорғайды.
- Психолог ретінде менің міндетім - бізге келген жанмен жақын байланыс орнату, - дейді қор психологы Оксана Павлицкая. - Менің құпиям - ол адамдармен дос ретінде тең дәрежеде тіл табысу. Әңгімелесе отырып оңай "сенге" көшеміз. Алайда олар басында тұйық, сенімсіздікпен келеді, көбінесе өздерін кінәлі сезініп, қоғамға өкпелі болады. Біз оларды қоғаммен байланыстыруға тырысамыз, мұражайларға апарып, теннис немесе футболдан сайыстар ұйымдастырамыз. Мұқтаж жандардың жатақханадағы пәтерақысын төлеп берген кездер де болады. Колониядан шыққан балалы келіншекке пәтер жалдап бердік. Балаларына қажетті құрал-жабдықтарды да сатып алып береміз. Басты мақсат - бұл жандарға өзін тұлға сезініп, қоғамға сіңісіп кетуге мүмкіндік беру. 
Оксана Павлицкая айтқандай, өткен жылы қор командасы пробация қызметтеріне көмек көрсеткені үшін ҚР Ақпарат және қоғамдық дамыту министрлігінің премиясына ие болған.  Енді "Антарес А" қоғамдық қоры "Бостандық мектебі" деген атаумен үлкен жобаны қолға алған.  Оксана Павлицкая осы жоба аясында колониялардың өзінде түрлі тақырыпта психологиялық тренингтер мен семинарлар өткізілетіндігін айтады. Бостандыққа шығуына бір жыл қалған азаматтардың компьютерлік сауаттылықтарын ашып, смартфон қолдануды және өзге де білімді үйретеді. Яғни, осылайша жазасын өтеп болғандар бостандыққа еш алаңсыз шығатын болады.
Следующая →