ШҚО тұрғыны көршілерін моншаға кіргізгені үшін әйеліне пышақ салған

Глубокое аудандық соты 47 жастағы ер адамды өзінің некелі жарына пышақ жұмсағаны үшін 3 жылға бас бостандығынан айырылды
16 мамыр 2021 года, 16:33 594 Виктор Скрипниченко
Новости Казахстана и регионов на сегодня. - Житель ВКО напал с ножом на супругу за то, что та пустила соседей в баню
Ақпарат көзі: © Устинка LIVE Фото: © В. Иванов/Устинка LIVE
Жанжалдың себебі әйелінің көршілерімен достық қарым-қатынастарына қарсылық, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

Жұмыстан үйге келген ер адам жақын жерде тұратын ерлі-зайыпты көршілердің бес баласымен өзінің моншасында жуынып жатқанын көреді. Олардың моншаға түсуіне рұқсат берген әйелі болатын. Мас күйінде отағасы ұрыс шығарып, ол болмаған кезде басқа ешкімді үйге кіргізбеуді талап етеді. Сол сәтте оның қолында ет турап жатқан ас үй пышағы болған. Әйелі қарсы жауап қайтарып, ұрсыса бастаған кезде мас күйеуі әйелінің ішіне пышақ сұғып алған.

Жарақат алған зайыбы алған жарасын өз бетінше емдеуге тырысқан. Сол сәтте күйеуі оған қарамай өз-өзімен демалып жатқан. Әйел ауруханаға келесі күні таңертең, жарақатының ауырсынуы қатты батқан кезде ғана барған.

Тергеу кезінде ер адам өзінің кінәсін мойындады және бас бостандығынан айырмауды сұрады. Сотта оның әйелі де осындай өтініш білдірді. Сотталушыға негізгі жазадан басқа, оның мерзімі аяқталғанға дейін жыл сайын 100 сағат мәжбүрлеп жұмыс істеуге, сондай-ақ жәбірленушіге өтемақы ретінде 58 жарым мың теңге көлемінде жарна төлеуге тура келеді. Айта кету керек, жәбірленушінің өзі ешқандай теңге алмайды, сол себепті оның отбасына ауыр тиетін болды.

Сот үкімі заңды күшіне енді.

Загрузка...

Тақырып бойынша жаңалықтар

Устинка Live хабарландыруларын алып тұрыңыз