Зайсандағы ауылдардың бірінде 80 жыл бойы мәдениет ошағы болмаған

Зайсан ауданындағы Айнабұлақ ауылында үлкен мәдениет үйі бой көтермек
14 мамыр 2021 года, 17:08 132 Назерке Кәрімова
Новости Казахстана и регионов на сегодня. - Зайсандағы ауылдардың бірінде 80 жыл бойы мәдениет ошағы болмаған
Фото: © Зайсан ауданы әкімдігінен
Алдыңға аптада ауыл халқы мәдени ошақтың қазығын қағу сәтіне куә болды. Бұл игі бастамаға Зайсан ауданының әкімі Серік Зайнулдин де қатысты.

Айбұлақ ауылындағы халық саны 1500-нан асып жығылады. Бұл ауыл аудан орталығынан 10 км қашықта орналасқан. 
- Айнабұлақ халқы осы мәдениет үйін тосқанына 80 жылдан асты. Бұрын саманнан салынған ескі мәдениет үйі болған. Одан басқа ештеңе болған жоқ. Ауыл халқының атынан блыс әкімі Даниал Ахметовке алғысымды білдіремін, - деді аудан әкімі Серік Зайнулдин.
150 орынға арналған ауыл клубының аумағы 1208 шаршы метрді құрамақ. Құрылыс жұмыстары ағымдағы жылдың сәуір айында басталған нысан келер жылы дәл осы уақытта салынып бітуі керек. Құрылысты жүргізуші бас мердігер - "KAZPROFSTROY HOLDING" ЖШС.
- Ауылда мәдениет саласында 4 адам қызмет етеді. Болашақта жаңа клуб ашылған соң қызметкерлер саны 15-ке жетеді деп жоспарлап отырмыз. Ал осы мәдениет үйінің құрылысына ауылдағы жұмыссыз 5 адам алынған болатын. Алдағы уақытта тағы да бірнеше ауыл тұрғыны жұмыспен қамтылмақ, - дейді Айнабұлақ ауылдық округінің әкімі Манар Көшербаев.


Загрузка...

Тақырып бойынша жаңалықтар

Устинка Live хабарландыруларын алып тұрыңыз