Өскемен
пасмурно
+11°
  • Өскемен
    +11°
  • Алматы
    +10°
  • Астана
    +3°
  • Ақтөбе
    -2°
  • Актау
    +7°
  • Орал
    +2°
  • Қарағанды
    +4°
  • Көкшетау
    +3°
  • Қостанай
    +1°
  • Қызылорда
    +9°
  • Павлодар
    +6°
  • Петропавловск
    +2°
  • Тараз
    +8°
  • Туркестан
    -3°
  • Шымкент
    +7°
$
448.15
-1.43
483.46
-3.48
¥
61.99
-0.23
4.86
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО
Ақпарат көзі:
Устинка

Күршімде күзде жөнделген жол тозып тұр

Біраз уақыт бұрын әлеуметтік желілерде Күршім ауылдық округіне қарасты Алғабас ауылына апаратын жолдың жөнделгеніне жарты жыл болмай тоз-тозы шығып жатқаны туралы бейнежазба тараған еді

Иә, жылдар бойы жөндеу көрмеген "Алғабастың жолы жөнделеді" дегенде ауыл халқы қуанған. Мамандар сол кезде бұл жолдың ерекше технологиямен қайта жаңартылатынын айтқан. "Жаман жол жақын болса да алыс" демекші, жөнделген ауыл жолының сапасы сын көтермей тұр. 
- Алғабасқа кетіп бара жатқан жолдың жағдайы нашар. Осы күзде ғана "ремонт" жасаған. Қаншама ақша бөлінген. Жолдың бәрі ойнап кеткен. Дұрыс жөнделмеген. Жөнделген жолдар осындай болса..., - дейді ауыл тұрғындарының бірі Марат.
Күршім ауданының "Күршім-Алғабас" 0-10 шақырымдық автомобиль жолына орташа жөндеу жұмыстарына былтыр бюджеттен 110 млн теңгеден астам қаражат бөлінген. Жол жөндеумен "Марқакөл жолдары" ЖШС айналысқан. 

Тұрғындардың айтуынша, жолдың негізі кеңестік заманда қаланған. Содан бері бұл жол былтыр ғана жөндеуден өткен. 

Мәселе - фотоны ауыл тұрғындары ұсынды (3).jpg
- Жаңа төселген асфальт жарты жылда осындай, ал бес жылда не болмақ? Жаңа құрылыстың кепілі бар шығар, жөндейді деп үміттенеміз, - дейді ауыл тұрғындары.
Аудан әкімдігінің мәліметінше, келісімшарт міндеттемелеріне сәйкес бүлінген жол учаскелерінің жол жөндеу шығынын мердігер өз мойнына алады. 

Сондай-ақ, тұрғындар ғаламтор мен ұялы байланыстың дұрыс жұмыс жасамайтынын да айтып шағымдануда. Ғаламтор мен ұялы байланыс құрылғысы жақында орнатылған. Бірақ жөнді істемейтін көрінеді. Тағы бір мәселе - арық суларының дұрыс келмеуі. Жазда бау-бақша мен мал суаруға қажет суды тұрғындар құдықтан тасуға мәжбүр. 
- Үйде "сеть" ұстамайды. Далаға шығып жүруің керек. Интернет баяу жұмыс жасайды. Қатып қалады. Бәрі дамып тұрған заманда аудан іргесінде тұрған ауылда "сеть" ұстамау деген ұят қой, - дейді ауыл тұрғыны Бақытбек Жылысов.
Тұрғындар тарапынан жиі көтерілетін тақырыптың бірі - ауыл көшелерін жарықтандыру мәселесі. Ауыл халқы осы мәселені айта-айта жалыққан. Тұрғындардың айтуынша көше шамдары іңір қараңғылығы түскенде іске қосылса, жолаушыға, әсіресе, мектептен қайтқан оқушыларға табан жолын көрсетіп қана қоймай, түнгі уақытта адамдар қауіпсіздігіне де қорған болар еді. 

Бұл біз айтқан бір-ақ ауылдың жай-күйі. Облысымызда ауыл тіршілігінде түйткілі шешілмеген мәселелер аз емес. Ауылдарға ойдағыдай көңіл бөлініп, тұрғындардың қолайлы өмір сүруіне жағдай жасалса, халықтың ауылдан қалаға ағылып көшуі де бәсеңдер...  
Следующая →