Өскемен
ясно
+4°
  • Өскемен
    +4°
  • Алматы
    +18°
  • Астана
    +8°
  • Ақтөбе
    +17°
  • Актау
    +17°
  • Орал
    +20°
  • Қарағанды
    +8°
  • Көкшетау
    +5°
  • Қостанай
    +10°
  • Қызылорда
    +28°
  • Павлодар
    +3°
  • Петропавловск
    +3°
  • Тараз
    +19°
  • Туркестан
    +15°
  • Шымкент
    +23°
$
443.85
-0.47
474.3
+0.97
¥
61.25
-0.06
4.8
+0.04
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО Галина Пестрякова
Ақпарат көзі:
Устинка

ШҚО-да балалар жазғы мектепке ата-анасының қалауы бойынша бармақ

ҚР Білім министрлігі хабарлағандай, осы жазда елдің жалпы білім беру мекемелерінде оқу үлгерімі төмен мектеп оқушылары үшін қосымша сабақтар ұйымдастырылмақ

Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының хабарлауынша, әдістемелік орталық қазіргі уақытта білім беру сапасын арттыру және шектеу шаралары кезінде қабылданған білімдегі олқылықтардың орнын толтыру мақсатында балаларды жазда оқытуды ұйымдастырудың барлық қажетті мәселелерін қарастыруда,  Устинка LIVE тілшісі хабарлайды.

Білім беру ұйымдарындағы жазғы мектептің жұмыс жоспары оқу жылының аяқталуына екі апта қалғанда бекітіледі. Бағдарламада оқуды қайталауға және бекітуге арналған ең қиын сабақ тақырыптары енгізіледі деп болжануда.

Оқу жылы жылдағайдай 25 мамыр күні аяқталады. 9-11-ші  сынып оқушылары үшін қорытынды аттестациялау 28 мамыр мен 7 маусым аралығында, ал 12-сынып оқушылары үшін 1 маусымнан 12 маусымға дейін өтпек. 

Жазғы мектептер 28 мамырдан 19 маусымға дейін жұмыс істейді. Демалыс кезіндегі сабақтарға балалар ата-анасының өтінішімен оқи алады. 

Білім министрлігінің хабарлауынша, мұғалімдер 56 күндік еңбек демалысына байланысты демалады. Жазғы кезеңде жұмыс істеузаң шеңберінде ұйымдастырылатын болады. Мұғалімдердің кезекті еңбек демалысы 19 маусымда басталады.

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовтың айтуынша, ештеңе болған жоқ деп отыра беруге  болмайды. Келесі жылы пандемияның салдары ескерілуі тиіс. 

Следующая →