Өскемен
ясно
+17°
  • Өскемен
    +17°
  • Алматы
    +19°
  • Астана
    +20°
  • Ақтөбе
    +24°
  • Актау
    +19°
  • Орал
    +24°
  • Қарағанды
    +19°
  • Көкшетау
    +19°
  • Қостанай
    +21°
  • Қызылорда
    +28°
  • Павлодар
    +14°
  • Петропавловск
    +16°
  • Тараз
    +19°
  • Туркестан
    +21°
  • Шымкент
    +21°
$
446.49
-0.91
475.38
-2.17
¥
61.66
-0.15
4.79
+0.03
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО Мира Зеленская
Ақпарат көзі:
Устинка

Oskemencard оқушылар картасын қалай алуға болады?

Пластикалық карталар арқылы өскемендік мектеп оқушылары қоғамдық көліктерде онлайн төлем жасай алады

Мектеп картасын алу үшін Өскемен қалалық жолаушылар тасымалын басқару орталығына өтініш жазу керек. Орталық Жібек жолы көшесі, №3 үйде орналасқан.
Өтінішпен бірге тапсырылатын құжаттар: баланың туу туралы куәлігі мен оқу орнынан берілген анықтама қағазы.
- Мектеп оқушыларына арналған қоғамдық көлікте жүру карталары 7 - 15 жас аралығындағы балаларға беріледі. Oskemencard трамвайларда, микроавтобустарда және автобустарда жүру ақысын төлеуге мүмкіндік береді. Электрондық билеттер жүйесі енгізілгеннен кейін жол жүруге жеңілдік тек картаның көмегімен беріледі, - деп түсіндірді Орталық басқару бөлімінде. 
Oskemencard оқушылар картасында жеке ақпарат жасырын болады. Мұндай картаны оның иесі ғана қолдана алады, картаны біреуден біреуге беруге тыйым салынады. Бақылау-тексеру қызметі мектеп картасын дұрыс қолдануды бақылайды.
Карталар берілгенде ішінде 0 теңге болады. Оны іске қосу үшін картаға сауда нүктелерінде ақша толтыру қажет. Сату орындарының тізімін және мекенжайын Oskemencard.kz веб-сайтының "Сату нүктелері" бөлімінен табуға болады.

Сонымен қатар, оқушылар үшін Қазпочтаның ID карталары да жарамды. Алайда онымен көпбалалы және аз қамтылған отбасылардың балалары ғана қоғамдық көліктерде жүре алады. Сонымен бірге, ID-карта бойынша берілетін жеңілдік оқу жылының аясында ғана жарамды. Оқушылар жаздың үш айында Oskemencard картасымен жол ақысын төлейтін болады.

Барлық сұрақтар бойынша 700-907 нөміріндегі call-орталыққа хабарласуға болады.
Следующая →