Өскемен
ясно
+4°
  • Өскемен
    +4°
  • Алматы
    +18°
  • Астана
    +8°
  • Ақтөбе
    +17°
  • Актау
    +17°
  • Орал
    +20°
  • Қарағанды
    +8°
  • Көкшетау
    +5°
  • Қостанай
    +10°
  • Қызылорда
    +28°
  • Павлодар
    +3°
  • Петропавловск
    +3°
  • Тараз
    +19°
  • Туркестан
    +15°
  • Шымкент
    +23°
$
443.85
-0.47
474.3
+0.97
¥
61.25
-0.06
4.8
+0.04
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО Галина Денисова
Ақпарат көзі:
Устинка

Өскеменде Кішітаудағы спорт алаңқайы асты үстіне шығып жатыр

Көкжал Барақ 12/1 мекенжайындағы тұрғын үйдің тұрғындары "Өскемен жылу жүйелері" АҚ жұмысына шағымданды. Олардың айтуынша ауладағы балалар жаттығатын спорт алаңын қазып-қазып кеткен

Қала тұрғындарының айтуынша, компания жылу желілерін жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін алаңның беткі мұқабасының бұзылған қалпын қалпына келтіруге уәде берген, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі. Алайда, көктем келсе дп, ештеңе орындалған жоқ.
- Қыста төтенше жағдайға байланысты Өскемен жылу желілері жұмысшылары аулада спорт алаңын қазған болатын. Олар оны көктемде қайтадан қалпына келтіреміз деп уәде берді. Қазір мамыр болса да, жөнделген алаңды көріп тұрған жоқпыз, - деп жазады қала тұрғындары.
Тұрғындары айтқандай, бұл жерде балалар да, ересектер де спортпен айналысады. Барлығы да алаңның бұрынғы қалпына келгенін күтіп жүр.

"Өскемен жылу желілері" АҚ аталмыш жағдайға түсініктеме берді. Мәлім болғандай мердігер компания воркаут аймағының құрылысын халықтың рұқсатынсыз жасаған екен.
- Ақаулықты жою кезінде ойын алаңының бір бөлігінің астан-кестеңін шығаруға тура келді. Осыдан кейін барлық металл бөлшектер қалпына келтірілді. Қазір жылу желілерін  ауыстыру мәселесі шешілуде, - дейді "Өскемен жылу желілері" АҚ.
Компания барлық қажетті басқарма мен бөлімдерге тиісті хаттар жіберді.

Өскемен қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі учаскенің құрылысын орнатуға және жоспарлауға ешқандай қатысы жоқтығын түсіндірді. Үйді салған мердігер өз бастамасымен жаттығу аймағын орнатқан.
Следующая →