Өскемен
пасмурно
+14°
  • Өскемен
    +14°
  • Алматы
    +17°
  • Астана
    +10°
  • Ақтөбе
    +11°
  • Актау
    +12°
  • Орал
    +12°
  • Қарағанды
    +9°
  • Көкшетау
    +8°
  • Қостанай
    +8°
  • Қызылорда
    +18°
  • Павлодар
    +12°
  • Петропавловск
    +5°
  • Тараз
    +16°
  • Туркестан
    +12°
  • Шымкент
    +17°
$
445.95
-0.83
482.96
-1.04
¥
61.66
-0.11
4.82
-0.02
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО Татьяна Золотарева
Ақпарат көзі:
Устинка

Өскеменде 9 жерде тегін әжетхана болуы керек

Қалалық тұрғын үй коммуналдық-шаруашылық, жолаушылар тасымалы және автомобиль жолдары бөлімінің айтуынша, әжетханалардың барлығы бірдей жұмыс істеп тұрған жоқ

Мын жаһанданған заманда бәрі жетіліп, жаңа технологиялар дамып жатқанымен, біздегі қоғамдық дәретхана мәселесі өзекті болып қала береді, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

Бұталар мен талдар, ағаштың түбі, үйдің бұрыштары - әлі күнге дейін кейбіреулердің қажеттілігін өтейтін"сүйікті" орындары болып тұр. Көктем келіп күн жылысымен саябақ, алаң, жағалау сияқты басқа да демалыс орындарына, бұқара халық көп келетін, жиі серуендейтін жерлерге өте қажет екені айқын білінеді. Қоғамдық орындарда орнатылған дәретхана қала тұрғындарының демалысын едәуір жайлы етеді. Бұл жерде мәселе бұталардан шығатын жағымсыз сасық иістерде ғана емес, жалпы көпшілік орындарда табиғи мұқтаждығын өтейтін осындай жабдықталған орындардың болмауы ыңғайсыздықты тудырады.

Өскемен қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі облыс орталығында тоғыз қоғамдық дәретхана бар екенін, оның сегізі жұмыс істеп тұрғанын айтады. Үшеуі - Славский жағалауында, екеуі - 30 гвардиялық дивизия көшесіндегні саяжолда, Протозанов көшесінде, Республика алаңында, Гагарин бульварында, "Нұрлы жол" саябағында - бір-бірден орнатылған. Тағы бір мекен-жайдағы дәретхана электрмен жабдықтаудың болмауына байланысты жұмыс істемейді, Бөлім басшысы бұл мәселе шешімін табу сатысында, деп түсіндірді.
- Әр дәретханаға тұрақты түрде жұмысшы бөлінеді, - деп түсіндіреді қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің бастығы Еркін Тұраров. - Жұмыс уақыты - күн сайын 11.00-ден 19.00-ге дейін.
Дәретхананың күтімі мен жұмысын "Таза Өскемен" КММ қамтамасыз етеді. Кәсіпорынның диспетчерлік қызметі: 8 (7232) 53-25-77.

Айтпақшы, қоғамдық дәретхананың жағдайы мен қол жетімділігі - ел өркениетінің басты көрсеткіші, деп санайтын елдер бар. Мысалы, Сингапурда әжетхана саны өте көп. Ал табиғатты немесе қоғамдық орынды былғап, ластағаның үшін айыппұл төлейсің. Ресейдің мәдени астанасы Санкт-Петербургтің көшелерінде 120-дан астам стационарлық қажеттіліктер бар.
Следующая →