Өскемен
ясно
+4°
  • Өскемен
    +4°
  • Алматы
    +18°
  • Астана
    +8°
  • Ақтөбе
    +17°
  • Актау
    +17°
  • Орал
    +20°
  • Қарағанды
    +8°
  • Көкшетау
    +5°
  • Қостанай
    +10°
  • Қызылорда
    +28°
  • Павлодар
    +3°
  • Петропавловск
    +3°
  • Тараз
    +19°
  • Туркестан
    +15°
  • Шымкент
    +23°
$
443.85
-0.47
474.3
+0.97
¥
61.25
-0.06
4.8
+0.04
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО Татьяна Золотарева
Ақпарат көзі:
Устинка

Қала ішіндегі гүлзарларда биыл 445 мың гүл жайқалып өсетін болады

Бір айдан кейін-ақ Өскемен көшелерінде раушан, хризантема, петуния, флокс және тағы да басқа гүлдер құлпырып тұратын болады

Жаз мезгіліндегі Өскемен шаһарын безендіріп, сәнін кіргізіп тұратын көркінің бірі - осы гүлдер, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі. Әдемі өсімдіктерді гүлзарлардан, саябақтардан, субұрқақ маңайы мен ойын алаңдарынан, көшелер мен тұрғын үй аулаларынан көруге болады. Жаяу жүргшіншілер жүретін жолдар мен көліктер өтетін үлкен жолдардың жиектеріне де гүлдер өсірілетін болады.

Қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі хабарлағандай, қазір қаланы безендіріп және гүлзарларды күтіп ұстай алатын мердігерлерден өтініштер қабылданып жатыр.
- Ауа райының жағдайын ескере отырып, гүл отырғызу күндіз және түнде тұрақты температурада басталады. Шамамен мамыр айының бірінші жартысында басталады. Биыл біз 423.000 біржылдық гүл, 9600 қызғалдақ және 12 912 раушан гүлін отырғызамыз, - деді бөлім бастығы Еркін Тұраров.
Ресми өкіл бір жылдық гүлзарлар қаланың 25 жерінде пайда болатынын айтты. Бұл орасан зор жұмыс, оны жасыл желектермен жұмыс істейтіндер қысқа мерзімде атқаруы керек.
Следующая →