Өскемен
ясно
+14°
  • Өскемен
    +14°
  • Алматы
    +19°
  • Астана
    +8°
  • Ақтөбе
    +15°
  • Актау
    +15°
  • Орал
    +17°
  • Қарағанды
    +10°
  • Көкшетау
    +7°
  • Қостанай
    +9°
  • Қызылорда
    +21°
  • Павлодар
    +7°
  • Петропавловск
    +5°
  • Тараз
    +14°
  • Туркестан
    +14°
  • Шымкент
    +14°
$
448.56
+0.67
478.03
+1.25
¥
61.97
+0.08
4.79
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО
Алена Светлова
Алена Светлова
Ақпарат көзі:
Устинка

Өскеменде ландшафтық-зооботаникалық саябақ ашылады

Демалыс орны Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафтық мұражай қорығында орналасады

Қазіргі уақытта облыс орталығындағы хайуанаттар бағының экспозициялары өте аз аумақты алып жатыр. Шамамен 1 га құрайды. Мамандардың айтуынша, келушілердің 70%-ы саябаққа осы жануарларды көру үшін келеді екен. Сондықтан хайуанаттарға әлемдік үлгілерге сай келетін орта мен жақсы жағдай жасау аса маңызды.

Айта кету керек, сол жағалаудағы саябақ кешенінің ішінде осындай саябақ жабдықтау үшін қолайлы аумақ бос жатыр. Ең бастысы, бізде жануарлардың табиғи мекеніне сай келетін экспозициялар жасау үшін барлық жағдай бар. Қалай дегенмен, ШҚО алуан түрлі фауна мен флорасы бар бірегей өңір.

- Бүгінгі таңда елде мұндай бағытта жұмыс істейтін хайуанаттар бағы жоқ. Ал саябағымыздағы тиісті дәрежедегі инфрақұрылым бұл жұмысты біршама жеңілдететіні сөзсіз, - дейді ШҚО әкімі Даниал Ахметов. - Біздің мамандар Ресей мен Еуропаның бірқатар хайуанаттар бағының жұмысымен танысты. Германиядағы Берлин және Гамбург зоопарктеріне, Стокгольмдағы "Skansen" және Швециядағы "Nordens Ark", сондай-ақ Финляндиядағы "Korkeasaari" болды. Өзара тәжірибе алмасу және халықаралық қауымдастықтармен бірлескен жұмыс алдағы жылдары өңір үшін тың жобаны іске асыруға көмектеседі деп сенемін.

Айта кету керек, ЖСҚ әзірлеу және вольерлік кешендерді жобалау процесіне тәжірибелі халықаралық сарапшылар – зооархитекторлар тартылды.

- Биыл, сондай-ақ этноауылдың орталық бөлігін қайта жөндеуден өткізетінімізді атап өткім келеді, - дейді өңір басшысы. - Жидебайда тұрған Абай музей-үйінің көшірмесін жасаймыз. Саябақта бұған дейін ғимараттың өзі бой көтерген-ді. Жақын арада мамандар ішкі бөлігін жабдықтауға кіріседі. Барлық экспозициялар көшірмесі түпнұсқаларынан айнытпай жасалады. Осылайша, балаларымыз бұдан былай Абайдың Өскемендегі шағын мұражайына да бара алатын болады.
Следующая →