Этот сайт собирает метаданные пользователя (cookie, данные об IP адресах и местоположении). Это необходимо для функционирования сайта.
Продолжая пользоваться сайтом, Вы даете согласие на использование ваших cookie-файлов.
Ұлы Жеңіс мерекесіне орай А. С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасы "Майданнан келген хат" виртуалды акциясын ұйымдастырады
- Ұлы Отан соғысы майдандарынан келген хаттар – өте құнды құжаттар, - деп мәлімдеді ұйымдастырушылар. - Сарғайған соғыс парақтарынан - соғыс тынысы, оның батырларының ерлігі мен ұлылығы аңғарылады. Бүгін күні соғыстың осы жолдарын оқу – оларды жазған азаматтардың рухына тағзым болмақ…Акцияны ұйымдастырушылар отбасылық немесе басқа мұрағаттардан, аймақ мұражайларынан, кітапханалардан (кітаптардан немесе мерзімді басылымдардан) майдан жауынгерінің хатын табуды (мүмкіндігінше Шығыс Қазақстанның тумасы) ұсынады.
- Қатысушылар хат авторын және хаттың кімге жолданғанын көрсете отырып, хат мәтінін оқып, бейнеролик түсіру керек, - дейді А.С. Пушкин атындағы кітапханасы қызметкерлері . - Шығармашылық тәсіл құпталады: костюмдер, декорациялар, музыкалық сүйемелдеу және т.б.Бейнероликті 2021 жылдың 22 маусымына дейін pushkinlibrary@yandex.kz мына электронды мекенжайға жіберіп, хаттың тақырыбына "Майдан келген хаттар" деп көрсету керек.
- Мүмкіндігінше бейнероликпен бірге майдан хаттарының сканерленген нұсқасы мен хат авторы, яғни жауынгердің суретін жіберу қажет (бар болса), - дейді кітапхана қызметкелері. - Модерациядан өткеннен кейін (мазмұнның тақырыпқа сәйкестігі) бейнероликтерFacebook-тегі кітапхана тобына орналастырылады.Бейнероликті өз бетінше жазуға немесе кітапхана қызметкерлерінің көмегіне жүгінуге болады. Телефон: 8-705-281-93-43.