Өскемен
ясно
+9°
  • Өскемен
    +9°
  • Алматы
    +19°
  • Астана
    +14°
  • Ақтөбе
    +24°
  • Актау
    +19°
  • Орал
    +22°
  • Қарағанды
    +14°
  • Көкшетау
    +10°
  • Қостанай
    +19°
  • Қызылорда
    +26°
  • Павлодар
    +6°
  • Петропавловск
    +8°
  • Тараз
    +17°
  • Туркестан
    +19°
  • Шымкент
    +20°
$
444.32
-1.34
473.33
-1.25
¥
61.31
-0.22
4.76
-0.02
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО Аян Қалымбек
Ақпарат көзі:
Устинка

Тарбағатай бұрынғыша екі ауданға бөліне ме?

Шығыс Қазақстан десе, ең алдымен санаға "сарт" етіп оралатыны шекара жайы

Өйткені құдайдың өзі қиып бере салған, сұлулығын суреттеуге сөз жетпейтін, бұлтпен астасқан сеңгір тауларына көз жетпейтін, жүгірген аң мен ұшқан құсқа сая болған ну қарағай орманы, шомылсаң денең көмілген, үңілсең жүзің көрінген көлдері мен ақ көбік атқылап жағаны ұратын толқынды асау өзендері бар шұрайлы мекен.

Тәңір нәсіп еткен осындай көрікті өлкеге көз алартып қарайтын көршілер, сұқтанып қарайтын жаулар көп. Шығысымызды орай қоршап, елімізге ентелеп кіргісі келіп аспанасты елі отырғанда, шекара мәселесін дүркін-дүркін көтеру - өте орынды.

Тарбағатайды "Назарбаев ауданы" деп атауды ұсынды


Ұлыстың ұлы күні қарсаңында Тарбағатай аймағында елді елең еткізген бір жағдай болды. Аудандық мәслихат депутаты, Ақжар ауылының тұрғыны Қайрат Дакеровтің фейсбук әлеуметтік желісінде жариялаған жазбасы қызу талқыға түсті. Оқырмандардың пікірі екіге жарылып, бірі мақтап, бірі даттап жатты. Мәтінді қаз-қалпында берейік:

"Құрметті ҚР Президенті Қ.К.Тоқаев, ҚР Премьер-министрі А.Ұ. Мамин, ҚР Мәжілісінің төрағасы Н.З. Нығматулин, ШҚО әкімі Д.К. Ахметов және шығысқазақстандық жерлестер! Сіздерді Ұлыстың ұлы күні - Наурыз мейрамымен және Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығымен шын жүректен құттықтаймын! Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығы қарсаңында Елбасымыз Н.Ә. Назарбаевтың еңбегін келешек ұрпаққа мәңгілік ету мақсатында 1997 жылға дейін шекарада жатқан бұрынғы Тарбағатай ауданының орталығы болған Ақжар ауылына аудан орталығы мәртебесін қайтарып, қазіргі Ақсуат ауылынан Ақжар аймағын бөліп, бұрынғыша екі аудан ретінде қалпына келтіріп, Нұрсұлтан Назарбаевтың атына берсе деген ұсыныс айтамын. ШҚО Тарбағатай ауданының халқы Елбасының еңбегін жоғары бағалайды. ШҚО Тарбағатай аудандық мәслихатының депутаты Қ.С. Дакеров. 21.03.2021 жыл, Ақжар ауылы".

Осы ұсынысынан кейін әлеуметтік желі қолданушылары оны жағымпаз деп айыптап, қаралап жатты. Өскемендегі қоғам белсенділерінің бірі Ермек Құрманғалитегі мен Ақжар ауылының тұрғыны, мектеп мұғалімі Өмірхан Қанағатов қана араша түсіп, аудан депутатын қолдайтындарын айтты. 
- Бұрынғы Тарбағатай ауданын қалпына келтіріп, Елбасының атын беру керек деп айды аспанға бірақ шығарған, сол арқылы аудан орталығы стаусынан айырылғаннан бері құлдырап бара жатқан туған жеріне қоғамның назарын аудара білген депутат Қайрат Дакеровті қарғап-сілеп жатқандар көп екен. Қайраттың негізгі ауданды қайтару түпкі ниетін түсініп, қолдағанымыз үшін қоғам белсендісі Өмірхан Қанағатов екеумізді жерден алып, жерге салып жатқандар жетерлік. Мәселенің түп төркінін түсінгендер керісінше қолдап жатыр. Айналайындар-ау, бүтін бір мемлекеттің бас қалаларындағы үлкен даңғылдар мен астанасының аты берілген тарихи тұлғаға шалғай шекарада жатқан ауданыңның аты керек дейсің бе? Өзекті өртейтін шекара мәселесін осыған дейін кімдер көтермеді. Аудан статусынан айырылған 1997 жылы Ақжардың қақ ортасында киіз тігіп, аштық жариялап жатып алған Қалимажанов Төлеген ағамыздан бастап, бұл мәселе арада 24 жыл өтсе де әлі өзектілігін жойған жоқ. Сол кезде Ақжардағы ғимараттарды тонап, жиһаздарын Ақсуатқа көшіріп жатқанда сол Төлеген ағаның маңайында көздері жасқа толып, жүректері ауырып жаулықты аналардың жүргені ғана есімде. Ал енді Қайрат депуттаттың сөзінен кейін "ойбай, ата-бабамның намысын таптады" деп байбалам салғыш популистер қаптап шыға келді. Намысыңды таптайтындай қытайдың президентінің атын сұрап тұр ма? Баяғы рушылдық дертінен аса алмаған ішіңдегі жалған патриоттықтың құлағы көрініп қалды? Осыдан біраз жыл бұрын "Елбасымыз жасасын, Нұр Отан алға, барлығы Президентіміздің арқасы, дауыс беріңдер" деп ұрандап жүретін партия мүшелері неге осы жолы үн қоспай қалды? Демек, олардың "Елбасыны қолдаймыз, жақсы көреміз" деген сөздері уақытша жағымпаздық екені белгілі болды. 2 жыл бойы Тарбағатай ауданының мәселесін облыс әкімінің бұрынғы орынбасары Түсіпхан Түсіпбеков, парламент депутаты Ерлан Сайыров, Сержан Шөкеев те көтерді. Жоғары жақтан жауап қайтарған бір адам болған жоқ. Елдің ұйқысы бүгін шайдай ашылған екен. Оған да шүкір. Депутатттың мақсаты осы да болатын. Енді тарбағатайлықтардың талабы Елбасына жетсе болғаны. Атын бермесе де ауданымызды қайтарып беретін шығар! - дейді Ермек Құрманғалитегі.

Депутат мұғалімді ұрып тастаған


Сәуір айының 1-і күні Ақжар ауылының Біләлов атындағы мектебінде ешкім күтпеген оқиға болды. Тарбағатай ауданының белсенді азаматтары әлеуметтік желіде жарыса жариялағандай, география пәнінің мұғалімі Өмірхан Қанағатовты аудандық мәслихат депутаты, Нұр Отан партиясының мүшесі, Тарбағатй аудандық ат спорты мектебінің директоры, Тарбағатай ауданының құрметті азаматы Сержан Омарбеков соққыға жықты. Өмірхан Қанағатов алғашқы әскери дайындық кабинетінде отырған кезінде Сержан Көкенұлы келіп, "сен неге аудан мәселесін көтеріп жүрсің?" деп құлақ шекеден ұрған. Кабинетте отырған үшінші адам куәгерлік беруден бас тартқан соң, Нұр Отан партясының депутаты "мен ешкімді ұрғам жоқ, ол басын қабырғаға жарып алды" деп қана жауап берген.

Ауданға бөлінген қаражатта қисап жоқ


Тарбағатай ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуының 2020-2024 жылдарға арналған кешенді жоспары шеңберінде республикалық, облыстық, аудандық бюджеттен, өз қаражаты және қарыз қаражаты есебінен жиыны 10.245,2 млн теңгеге шараларды іске асыру жоспарланған. Оның ішінде 2 522,7 млн теңге бюджеттен, 7 722,5 млн теңге жеке меншік инвестициялардан тартылмақ.

2020 жылы аудандағы 45 елді мекен таза ауыз сумен қаматамасыз етілді. Ол барлық елді мекеннің 75 пайызын құрайды. 2020 жылы Ақмектеп, Екпін 
ауылдарына жаңадан су құбыры салынса, Маңырақ ауылының су құбыры желілерін қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілді. Одан өзге Айнабастау, Алғабас, Ақжал, Жолқұрылыс елді мекендеріне блокты-модульді станциялар орнатылды. Осы жобаларға бөлінген қаражат көлемі 812,2 млн теңгені құрады. Нәтижесінде аудандағы 52 елді мекен таза сумен қамтамасыз етіліп, бұл аудан ауылдарының 85 пайызын құрады. Бүгінгі таңда аудан бойынша халық саны 100 адамға толмайтын 8 елді мекенге ауыз су тартылмаған. Атап айтқанда: Көкжол, Мүрсәлім, Қызбай, Қызылжұлдыз, Томар, Сағындық, Өтеген, Жалғызтөбе ауылдары. Кешенді дамыту жоспары бойынша 2022 жылға қарай аудандағы барлық елді мекендер таза ауыз сумен 100 пайыз қамтамасыз етілетін болады. Су және жылумен жабдықтау бойынша бюджет қаражаты 1 160,0 млн теңгеге 6 іс-шара көзделген. 2021 жылы Ақсуат ауылында сумен жабдықтау жүйесін дамытуға 1 106,7 млн теңге бөлінді. Мүрсалім ауылында 8,5 млн теңгеге блокты-модульді станция орнатылады.
Аудандағы 60 елді мекеннің 47-сі телефон, 49-ы ұялы байланыспен қамтамасыз етілген. 8 ауыл телефон желісі арқылы ғаламтор желісіне қосылған болса, одан басқа 26 елді мекен LTE 4G, ADSL технологиясы бойынша сымсыз интернет желісіне қосылған. 2020 жылы "Цифрлы Қазақстан 2018-2022 ж.ж." бағдарламасының бірінші кезеңі бойынша Аққала, Серіктес, Қарғыба, Танамырза, Есім, Даулетбай, Асусай, Қамысты, Жаңғызтал, Жамбыл, Жалаңаш, Шорға елді мекендеріндегі мектептер мен медициналық пунктер талшықты оптикалық ғаламтор желісіне қосылды. 2021 жылға қарай Жалаңаш, Асусай елді мекендеріне Теле2 ұялы байланыс станциясын орнату жоспарлануда.

Тарбағатай ауданындағы тұрғын үй кезегіне тіркелген 372 азаматты үймен қамтамасыз ету мақсатында 2020 жылы Ақсуат және Ақжар ауылдарынан салынатын 1 пәтерлі 60 тұрғын үй құрылысының жобалық-сметалық құжаттары әзірленді, бұдан басқа жеке кәсіпкерлердің қаражаты есебінен 2 пәтерлі 24 тұрғын үй немесе 48 пәтер салынды. Осы пәтерлерді коммуналдық меншікке сатып алып, кезекте тұрғандарға беру үшін облыстық бюджеттен 604,8 млн теңге қаражат бөлінді. Бұл үрдіс өз жалғасын тауып, келесі жылы да үй салу үшін жер учаскелері белгіленіп, жеке кәсіпкерлермен меморандум жасалды.

Тарбағатай ауданын гүлдендіру үшін миллиардтаған қаражат жұмсалса да, аудан тұрғындарын толғандыратын сұрақ біреу-ақ: шекарадағы ауылдарға халық қоныстанып, Ақжар бұрынғы аудан мәртебесін қайтарып ала ала ма? Жоғарыдан қанағаттандырарлық жауап келеді деп күтеміз, сенеміз, үміттенеміз!
Следующая →