Өскемен
пасмурно
+11°
  • Өскемен
    +11°
  • Алматы
    +10°
  • Астана
    +3°
  • Ақтөбе
    -2°
  • Актау
    +7°
  • Орал
    +2°
  • Қарағанды
    +4°
  • Көкшетау
    +3°
  • Қостанай
    +1°
  • Қызылорда
    +9°
  • Павлодар
    +6°
  • Петропавловск
    +2°
  • Тараз
    +8°
  • Туркестан
    -3°
  • Шымкент
    +7°
$
448.15
-1.43
483.46
-3.48
¥
61.99
-0.23
4.86
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО Кристина Хорольская
Ақпарат көзі:
Устинка

ШҚО-да 15 әуірден "Сайғақ" табиғатты қорғау акциясы басталады

Бағдарлама браконьерлікпен күресуге және заңсыз аң аулауға, өсімдіктер мен жануарларды туындыларын алу, сақтау, сату, тасымалдауға қарсы тұруға бағытталған

Акцияны ҚР  Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі, ҚР Ішкі істер министрлігі және елдің Ұлттық қауіпсіздік комитеті өткізуде, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

"Сайғақ" ауқымды табиғатты қорғау акциясы  15 сәуірден 15 мамырға, 1-31 желтоқсан аралығында өтеді. 

- Дала бөкендерінің саны артты, - дейді ШҚО орман және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының өкілдері. - Дала бөкендерінің саны артып, Қарағанды және Павлодар облыстарының шекаралас аудандарынан кіре бастаған. Соңғы жылдары  бөкендердің Аягөз ауданы мен Семей қаласының әкімшілік жерлері тұрғылықты мекеніне айналған. 

Экологиялық заңнаманы бұзушылықтарды анықтау және жолын кесу бойынша рейдтік іс-шаралар жүргізу үшін облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы, ШҚО ПД және "ОХОТЗООПРОМ ӨБ"  РМҚК қызметкерлерінен мобильді топтар құрылды.

Акцияға жоғарыда аталған ұйымдардың инспекторлық құрамы, өтімділігі жоғары автокөлік, КУНГ-тар, браконьерлік фактілерінің жолын кесу бойынша рейдтік іс-шараларды өткізу үшін қажетті құралдар тартылады. 

- Қазақстанда ақбөкендерді ғылыми мақсаттардан басқа 2023 жылға дейін бүкіл республика аумағында пайдалануға тыйым салынды, - деп толықтырды ШҚО орман шаруашылығы мен жануарлар дүниесінің аумақтық инспекциясы. - Киіктерді заңсыз аулағаны үшін, сондай-ақ  сақтап, сатып, тасымалдағаны үшін 3 жылдан 12 жылға дейін мүлкін тәркілеумен бас бостандығынан айырылады.

Серке киік  үшін  залал 500 АЕК, ұрғашысы  үшін залал 350 АЕК құрайды.  
Следующая →