Өскемен
пасмурно
+11°
  • Өскемен
    +11°
  • Алматы
    +10°
  • Астана
    +3°
  • Ақтөбе
    -2°
  • Актау
    +7°
  • Орал
    +2°
  • Қарағанды
    +4°
  • Көкшетау
    +3°
  • Қостанай
    +1°
  • Қызылорда
    +9°
  • Павлодар
    +6°
  • Петропавловск
    +2°
  • Тараз
    +8°
  • Туркестан
    -3°
  • Шымкент
    +7°
$
448.15
-1.43
483.46
-3.48
¥
61.99
-0.23
4.86
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО Назерке Кәрімова
Ақпарат көзі:
Устинка

Биыл пітір садақа қанша теңге болып бекітілді?

Күллі мұсылман қауымның асыға күтетін, мол сауапқа кенеліп, руханиятын жаңартатын, игілік пен жақсылыққа ұмтылып, сансыз қайырымдылық жасайтын мейірім айы - Рамазан келді. Биыл Рамазан айы 13 сәуірде басталады


30 күнге созылатын Рамазан айы 12 мамырда аяқталады. 13 мамыр - Ораза айт күні. 8 мамырдан 9 мамырға қараған түн - Қадір түні.

Вакцина қабылдауға болады


Айлардың сұлтаны атанған құлшылық айы - Алланың жұмыр басты пендесіне берген шексіз мейірімінің бір айғағы. Өйткені бұл айда жақсы мен жаманды, ақ пен қараны айыруға, адамзатты тура жолға салуға бұйырылған Құран Кәрім жер бетіне түсірілген. Сондықтан бұған шүкіршілік етіп, Алланың разылығын алу үшін ораза ұстап, барша жамандық атаулыдан тыйылуымыз қажет. 

Рамазан айы - жұмақ есіктерінің ашылып, тозақ есіктерінің жабылатын, шайтанның кісенделетін уақыты. Ораза жай ғана ішіп-жемнен тыйылу емес, ішкі жан-дүниеңді, руханиятыңды тәрбиелеу, тепе-тең ету. Бұл айда ауыр сөз, балағат, өтірік айтудан, бұзақылық жасау сынды жаман әдеттерден бас тартып, барынша ізгілік пен сабырлық танытуға тырысу керек. 

ҚР Мұсылмандары діни басқармасы шариғат және пәтуа бөлімі меңгерушісі Сансызбай Құрбанұлы Шығыс Қазақстан облыстық "Халифа Алтай" мешітінің наиб имамы Дәулет Қабидолдинмен "Инстаграм" әлеуметтік желісінде тікелей эфирде кездесу ұйымдастырып, жамағаттың сұрағына жауап берді. Сансызбай Құрбанұлы Рамазан айындағы ғибадат пен ізгі амалдар сансыз сауапқа кенелетінін тілге тиек етіп, бұл айда мұсылмандардың қайырымдылық пен жақсылық жасауға аса мән бергені жөн екендігін айтады. Өйткені ораза, алдымен, Алла үшін жасалатын өнегелі ғибрат саналады әрі оның сауабын бір Алла ғана береді. 

- Рамазан - қуаныш айы, - дейді дейді Сансызбай Құрбанұлы. - Ең бастысы оразаның парыздарын және оны бұзатын амалдарды білу қажет. Ең бірінші - ниет ету. Екіншіден - тыйылу (ішіп-жеу, жыныстық қатынас). Сонымен қатар, осы айда мейлінше Құранды көп оқу қажет. Ораза - сауап, ықылас айы. Адамдардың Аллаға жақын бола түсіп, жаңадан туылғандай күй кешетін шағы. Мәселен, адам Рамазанның парыз екеніне сеніп, сауабынан үміт етіп ораза тұтса, анадан жаңа туылған жас сәбидей болады. Алғашқы он күн - рахмет күні. Алланың рахметіне бөленіп, мейіріміне кенелу жолында ізгі амалдар жасау қажет. Туған туыс, ата-анамен жақсы болу, жетім мен жесірге жақсылық жасап, мейірімділікті сезінуіміз керек. Ортадағы он күн - күнәлар кешірілетін күндер. Күнәларымызды еске алып, жаратқаннын кешірім сұрауымыз қажет. Ақырғы он күн - тозақтан құтқаратын күндер. Рамазан айында Қадір түні бар. Бір түн қылған құлшылығыңызға 84 жыл жасаған құлшылығыңыздың сауабы беріледі. Осы түндерді құлшылықпен өткізуіміз керек.
Халық арасында "намаз оқымайтын адам, ораза ұстай алмайды" деген жаңсақ пікір де жоқ емес.
- Намаз өз алдына бір құлшылық, ораза өз алдына бір құлшылық. Сондықтан "намаз оқымаған адам ораза ұстай алмайды" деген дұрыс емес. Ал жалпы адамның жүрегінде иманы күшейіп тұрған осы Рамазан айында көп адам намазға бет бұрып жатады. Өйткені бұл қасиетті айда шайтандар байланып, нәпсі тізгінге алынады, - дейді Сансызбай Құрбанұлы. - Рамазан айындағы ораза балиғатқа жеткен әрбір ер мен әйел мұсылманға парыз. Ал мүсәпір немесе науқас болса, ораза тұтпаған әр күнінің қазасын кейін өтеп беруі керек. Созылмалы ауруы бар адамдар және шама-шарқы келмейтін қарт кісілер ораза тұтпайды. Алайда сауабын алу үшін әр күніне бір күн фидиясын береді. 
Сонымен қатар, қазір коронавирусқа қарсы вакцинация жүріп жатқандықтан "ораза ұстаған адамға вакцина қабылдауға бола ма?" деген заңды сұрақ туындайды. 
- Адам ағзасына ауыз, мұрын, ішек сияқты табиғи жолмен түскен нәрсе оразаны бұзады. Ал екпе бұлшықетке салынады. Сондықтан оразаны бұзбайды, - дейді Сансызбай Құрбанұлы.

Тарауық намазға баруға бола ма?


Қасиетті айда жамағатпен мешітке жиналып, тарауық намазын оқыған жөн. Алайда биыл әдеттегідей мешіттер жамағатқа лық толмасы анық. Елімізде COVID-19 індеті толық жойылып кетпегендіктен, жағдайды ушықтырмау мақсатында әлі де шектеу шаралары сақталып отыр. 
- Наурыз айында өңіріміздің бас санитар дәрігерінің міндетін атқарушы жаңа Қаулы жариялаған болатын. Қаулыда жазылғандай, мешіттерде намаз (оның ішінде жұма намазын) келушілерді шахматтық реттілікпен отырғызып, жалпы сыйымдылығының 30%-ына дейін толтырумен оқуға рұқсат берілді. Сол сияқты Тарауық намазы да осы тәртіпті сақтай отырып ұйымдастырылады, - дейді "Халифа Алтай" мешітінің наиб имамы Дәулет Қабидолдин.
Жыл сайын тарауық намазға жиналған жамағаттың арасында алыста тұратын немесе үйіне қайта алмай қалғандар болса, мешіт имамдары жеткізіп тастайтын еді. 
- Биыл да  қажеттілік болса, "Имам такси" акциясын ұйымдастыру ойда бар, - дейді Дәулет қажы.

Рамазан - рақым айы


Одан өзге, бұл айда тілді жаман сөздерден сақтап, құлақ пен көзді харамнан тыйған дұрыс. Рамазан айы екенін ескеріп, күнделікті Құран оқып, аят пен хадистерді жаттап, Алланы барынша көп зікір еткен сауап. Үнемі дәретпен жүруге, садақа беруге, өзгеге жақсылық пен қайырымдылық жасауға, ауызашар ұйымдастыруға мән берген жөн. Пайғамбардың (с.ғ.с) өмірімен танысып, сәресі мен ауызашар уақытында Пайғамбар (с.ғ.с) дұғалары мен көркем дұғаларын еске алу, ораза ұстамағандарға рамазанның көркемдігін түсіндіруге ықпал ету ләзім. 

Айта кеткен жөн, сәресі ішу таң намазының кіруіне 10 минут қалғанда тоқтатылады. Ауызды ақшам намазының уақыты болысымен құрмамен немесе сумен, жеміс-жидектермен ашуға болады. Тарауық намазы құптан намазынан кейін оқылса, ал үтір-уәжіп намазы ең соңында жамағатпен бірге оқылады. 

Бұрын облыстық "Халифа Алтай" мешіті күнделікті жамағатқа ауызашар ұйымдастыратын. Биыл бұндай мүмкіндік болмай тұр. Оның орнына шын мұқтаж жандарға көмек көрсетіледі.

Қасиетті рамазан айындағы парыздардың бірі - Пітір садақасын беру. Пітір садақаны Рамазан айының бірінші күнінен Ораза айт намазына дейін беруге болады. Биыл пітір садақа - 420 теңге болып бекітілді.
Следующая →