Өскемен
ясно
+2°
  • Өскемен
    +2°
  • Алматы
    +17°
  • Астана
    +8°
  • Ақтөбе
    +19°
  • Актау
    +19°
  • Орал
    +22°
  • Қарағанды
    +6°
  • Көкшетау
    +8°
  • Қостанай
    +6°
  • Қызылорда
    +21°
  • Павлодар
    +6°
  • Петропавловск
    +8°
  • Тараз
    +18°
  • Туркестан
    +16°
  • Шымкент
    +19°
$
444.22
+0.37
476.38
+2.08
¥
61.31
+0.06
4.82
+0.02
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО Назерке Кәрімова
Ақпарат көзі:
Устинка

Желтоқсан оқиғасының ШҚО-дағы құрбандары қандай қолдау көріп отыр?

Шығыс Қазақстан облысы бойынша "Желтоқсан-86" қоғамдық бірлестігі құрылған

Құрылғанына бір жылға жуық уақыт болған облыстық қоғамдық бірлестіктің төрағасы – Маратбек Рамазанов. Бұл қоғамдық бірлестіктің мақсаты - Желтоқсан оқиғасына қатысқан Шығыс Қазақстан облысының тумаларын анықтау, біріктіру, оларға қолдау білдіру, мүддесін қорғау. Сонымен қатар, өскелең ұрпақпен кездесудер ұйымдастырып, жастарға патриоттық рух беру, отансүйгіштікке тәрбиелеу.
- Алматыда 15 жыл бұрын осындай бірлестіктер құрылып, ондағы желтоқсаншылардың құқықтарын қорғау бойынша жұмыстар жүргізіліп, олардың мәселелерін шешу жағы қарастырырлған. Алматыдағы желтоқсаншылар қоғамдық көлікте тегін жүреді, тіпті баспаналы болғандары да қаншама. Қазір 119 адам жаңа куәлік алды. Ал Алматыдағы бірлестіктен алған ескі куәлікпен жүрген 200-дей шығысқазақстандық бар. Жалпы шығыста Желтоқсан оқиғасына қатысқандар саны - 500-ге тарта. Шығыста желтоқсаншылар көп. Республика бойынша бірінші орында деуге болады, - дейді Маратбек Айтахметұлы.
Бірлестік мүшелері сотталған, істі болған, жұмыссыз жүрген нағыз желтоқсаншыларды әлі де болса да іздеп, тіркеп жатыр.
- Өйткені газет, кітап бетінде жүрген жалған желтоқсаншылар да бар. Олардың алды тіпті баспаналы болып, үкімет жәрдемін алып жатыр, санаторияларына барып жатыр. Солардың кесірінен нағыз қатысушыларға үкіметтің жәрдемі жетпей қалуда, - дейді Желтоқсан оқиғасының қатысушысы  Маратбек Айтахметұлы. 
Биыл 1986 жылы орын алған бұл оқиғаға 35 жыл толады. "Желтоқсан-86" қоғамдық бірлестігінің облыстық филиалының төрағасы айтқандай, осыған орай мемлекет басшысы арнайы тапсырма берген. Еліміздің Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев "Егемен Қазақстан" газетінде жариялаған "Тәуелсіздік бәрінен қымбат" атты мақаласында: "Биыл әйгілі Желтоқсан оқиғасына 35 жыл толады. 1986 жылы өрімдей ұл-қыздарымыз Кеңес Одағының қаһарынан қаймықпай, ұлт намысы үшін алаңға шықты. Осы күннен соң, тура бес жыл өткенде, Тәуелсіздігімізді жариялауымыздың символдық мәні зор. Бұл орайда, азаттықтың алғашқы қарлығаштары - Желтоқсан қаһармандарының азаматтық ерлігі лайықты бағасын алып, жоспарлы түрде насихатталуы керек" деп жазды.
- Қазіргі таңда архивтерді ақтарып, Желтоқсан оқиғасына қатысқандар туралы ақпарат жинауға рұқсатым бар. Желтоқсан айына дейін барлық құжаттарды жинап, құрбандарды ақтау ақтау мәселесін шешу қажет. Шығыс Қазақстанда 20-дан астам адам ғана ақталғанын білемін, - дейді Маратбек Айтахметұлы.
Желтоқсан оқиғасына қатысқан жерлестеріміздің бірі – қазіргі уақытта облыстық драма театрдың көркемдік жетекшісі, ҚР "Мәдениет саласының үздігі" Сахан Әкелеев.
- Желтоқсан оқиғасы бойынша, желтоқсанның құрбаны Сәбираға қатысты үлкен полотнолық кино түсіріледі. Түсіретін студия да бар. Әкімдік қаржыландырамыз деп уәде берді. Бірақ біз ол қаржыландыруды күтіп отырмаймыз. Себебі бұл – біздің мойындағы парыз. Өйткені желтоқсаншылардың қатары да сирей бастады. 34 жылдан кейін ғана облыста желтоқсаншыларға қатысты мәселе көтеріліп жатыр. Шығыста желтоқсаншыларға статус беру мәселесі, желтоқсаншыларды қолдау жағы өте баяу жүріп жатыр, - дейді Сахан Долдиұлы.
Уақыт өткен сайын тарихи оқиғаның шындығы да ашылары ақиқат. Өйткені кезінде желтоқсаншылардың барлығына нашақор, бұзақы, қаңғыбас, бүлікшіл, арандатушы деген жалған айып тағылды, жала жабылды.
- Алысқа бармай-ақ қоялық, өзіміздің Сәбираны әлі ақтай алмай келеміз. Сәбира – Желтоқсан көтерілісіне қатысушылардың ішінде ең жасы. 16 жастағы батыл қызды, оның ерлігін исі қазақ танып-білмей жатыр. Танытпауға, білгізбеуге мүдделі адамдар бар. Шығыс Қазақстан облысы негізі көп дүниеде кенжелеп қалып келеді. Алматы жақ кітап шығарып, саябақ салып, жерлес батырларының мүсіндерін қойып жатқанда, біз Сәбирадан тұлға жасай алмай келеміз. Қыршынан қиылған боздақтардың қаны төгілген Алматыда аумағы атшаптырым "Желтоқсаншылар саябағы" салтанатты түрде ашылды. Көзі тірі көтеріліс қатысушылары тұратын шағын аудан салу үшін 50 гектар жер бөлінді, - дейді Маратбек Айтахметұлы.
Желтоқсаншылардың мүддесін қорғау жолында жұмыс жасап жүрген азаматтар облыстың бірнеше аудандарын аралап, жергілікті билік өкілдерімен кездескен.  
- Көкпекті ауданының орталығы, Тарбағатай ауданының Ақжар және Ақсуат ауылдары Сәбираға көше беретін болды, - дейді қоғамдық бірлестіктің облыс бойынша төрағасы. -  Зайсанға біздің титтей де өкпеміз жоқ: Желтоқсан көшесі бар, Тәуелсіздік көшесі бар, Тәуелсіздіктің 20 жылдығы аясында алаң салынған. Қайрат Рысқұлбекке ескерткіш орнатылған. Жақында Сәбираның атына да бір көше берді. Өскемен қаласының әкімі Жақсылық Омар да батыр қыздың атына облыс орталығындағы үлкен көшелердің бірін береміз деп уәде етті. Құдай қаласа, жергілікті биліктің қолдауымен, демеуімен Сәбира Мұхаметжанова ақталып, тұлға ретінде танылып, есімі оқулықтарға  еніп, саяжол салынып, көшелер берілетін болады.

Следующая →