Өскемен
пасмурно
+11°
  • Өскемен
    +11°
  • Алматы
    +10°
  • Астана
    +3°
  • Ақтөбе
    -2°
  • Актау
    +7°
  • Орал
    +2°
  • Қарағанды
    +4°
  • Көкшетау
    +3°
  • Қостанай
    +1°
  • Қызылорда
    +9°
  • Павлодар
    +6°
  • Петропавловск
    +2°
  • Тараз
    +8°
  • Туркестан
    -3°
  • Шымкент
    +7°
$
448.15
-1.43
483.46
-3.48
¥
61.99
-0.23
4.86
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО
Ақпарат көзі:
Устинка

ШҚО-ға 5,5 мың тонна көкөніс жеткізілді

Облыс орталығында жыл басынан бері тоғыз тауарға бағаның өсуі тіркелген. Жұмыртқа 20%, күнбағыс майы 9,6%, қант 6,3%, макарон өнімдері 4,6%-ға өсіп, қарақұмық, қырыққабат, сиыр еті, сәбіз, сары май бағасы қымбаттаған

Семейде тауық жұмыртқасының бағасы 22,4%, күнбағыс майы 15,8%, қант 4,5%-ға өскен. Қырыққабат, қарақұмық, пияз, сәбіз, сиыр еті қымбаттаса, керісінше тауық еті мен жылтыратылған күріштің бағасы төмендеген.

"Ертіс" ӘКК "АҚ басқарма төрағасы Эльдар Тумашиновтың айтуынша, 2020-2021 жылдар аралығындағы тұрақтандыру қорын қалыптастыру аясында қорға 5700 тонна жеміс-көкөністер жергілікті ауылшаруашылық тауар өндірушілерінен сатып алынды. Сонымен қатар, 3 мың тоннаға жуық азық-түлік тауарлары, атап айтқанда: жылтыратылған күріш, макарон өнімдері, қарақұмық, бірінші сұрыпты бидай ұны сатып алынған.
- Жеміс-көкөніс өнімдерін сату 2020 жылдың қараша айынан бастап жүргізіліп келеді. Қазірдің өзінде 4600 тонна сатылып, оның 2 мың тоннаға жуығы картоп, 1000-нан астам ақ қырыққабат, 668 тонна сәбіз және 1000 тонна пияз. Қазіргі мәліметтер бойынша дистрибьютордың қоймаларында 1087 тонна жеміс-көкөніс өнімдері бар,- деді Эльдар Тумашинов.
Облыстық кәсіпкерлік басқармасы басшысының орынбасары Ольга Григорьева бағаны тұрақтандыру бойынша шаралар қабылданып жатқанын 
айтты. 
- 2,5 мың ауылшаруашылық тауар өндірушілерімен, көтерме саудагерлермен және сауда орындарымен ең төменгі 10% сауда үстемесін қолдану туралы меморандумдарға қол қойылды. Оларды іске асыруға арналған 44 әлеуметтік дүкендер мен 465 әлеуметтік бұрыштар бар, - деді Ольга Григорьева.
Қалалар мен аудандардың әкімдіктері әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерін, оның ішінде жұмыртқа, күнбағыс майын, бірінші сұрыпты нанды сату үшін 7-10%-дан кем емес сауда үстемесін қолдану туралы келісімшартқа қол қойған. 
Жалпы жыл басынан бері облысымызда 600 0026 теңгеге 214 жәрмеңке өткен. 
- Жәрмекелерді кең ауқымда өткізу үшін қосымша жаңа орындар ашылды. Өскемен қаласы бойынша "Дос-Нар" базарында, ал Семейде "Жоламан" көтерме сауда орталықтары жұмыстарын бастады. Демалыстарда өткізелетін жәрмеңдегі тауарлар бағасы сауда дүкендеріне қарағанда 10-15 пайызға арзанырақ. Өскемен мен Семей қаласы тұрғындары жәрмеңкелерге тұрақты барады және жәрмекеге келушілер саны күн сайын артуда, - дейді облыстық Ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары Ербол Қуанышев.


10 сәуір күні облыс орталығында ауылшаруашылық өнімдерінің жәрмеңкесі өтеді. Бұл күні сағат 7.00-ден 15.00-ге дейін "Дос-Нар" СҮ-де (Виноградова к-сі, 17а) Өскемен қаласындағы ауылшаруашылық фермаларының өнімдерін, ал Fresh Markat СҮ маңындағы жәрмеңкеде (Сәтпаев даңғылы, 84) Шемонаиха ауданының өнімдерін қолжетімді бағада сатып алуға болады. 

Следующая →