Өскемен
ясно
+6°
  • Өскемен
    +6°
  • Алматы
    +17°
  • Астана
    +4°
  • Ақтөбе
    +4°
  • Актау
    +9°
  • Орал
    +6°
  • Қарағанды
    +5°
  • Көкшетау
    +5°
  • Қостанай
    +5°
  • Қызылорда
    +14°
  • Павлодар
    +6°
  • Петропавловск
    +3°
  • Тараз
    +15°
  • Туркестан
    +2°
  • Шымкент
    +17°
$
449.58
-0.49
486.94
-1.57
¥
62.22
-0.13
4.86
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО
Ақпарат көзі:
Устинка

Көкпектідегі наубайхананың нандарының ішінен бөгде заттар шығып жатыр

Көкпекті ауданы тұрғындары белгілі кәсіпорын пісіретін нанның ішінен түрлі қалдық заттар шығып, нанның сапасы түсіп бара жатқанын айтып шағымдануда

Аудандағы бұл кәсіпорында тәулігіне 3000-нан астам өнім шығарылады.

Тұрғындардың айтуынша, кәсіпорында санитарлық талаптар мүлде сақталмайды. Қызметкерлері санитарлық қолғапсыз, арнайы жұмыс киімінсіз жұмыс жасайды. Бөлке нанның бағасы да қымбат. 
- Қазіргі таңда ауданда шығатын нанның сапасы нашарлап кеткен. Кей нандар күйген, ішінен тазаланбаған форма қалдықтары, шаш, ағаш қалдықтары шығып жатады. Тіпті видеоға түсіріп жіберген болатынбыз. Сапасы төмен, ал бағасы қымбат, - дейді аудан тұрғыны Асыл Төлешева.
Түскен шағымды ескеріп аудан әкімінің орынбасары, партиялық бақылау комиссиясының төрағасы, кәсіпкерлік және туризм бөлімінің басшысы кәсіпорындағы санитарлық талаптарды, кәсіпорын басшысының жұмыс талаптарына мониторинг жасады. 

Мониторингтік топ нан шығаратын кәсіпорынға соңғы рет ескерту жасап, алдағы уақытта тұрғындар тарапынан тағы да шағымдар түссе, қатаң түрде шаралар қолданатынын жеткізді. Айта кетейік, бұл кәсіпорынның негізгі басшысы - Семей қаласының тұрғыны.

Следующая →