Өскемен
ясно
+6°
  • Өскемен
    +6°
  • Алматы
    +17°
  • Астана
    +4°
  • Ақтөбе
    +4°
  • Актау
    +9°
  • Орал
    +6°
  • Қарағанды
    +5°
  • Көкшетау
    +5°
  • Қостанай
    +5°
  • Қызылорда
    +14°
  • Павлодар
    +6°
  • Петропавловск
    +3°
  • Тараз
    +15°
  • Туркестан
    +2°
  • Шымкент
    +17°
$
449.58
-0.49
486.94
-1.57
¥
62.22
-0.13
4.86
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО Назерке Кәрімова
Ақпарат көзі:
Устинка

Аягөзді күл-қоқыстан кім тазартады?

Аягөзде қала көшелеріне шашылған күл-қоқыс үлкен мәселе туындатып отыр. Билік бұған тұрғындарды кінәласа, тұрғындар әкімдікті айыптауда

Аягөз ауданы әкімдігі ұсынған ақпаратқа сүйенсек, 2021 жылдың басынан бері Аягөз қаласының көшелерінде, қоғамдық орындарда күл-қоқыс тастау бойынша 219 тәртіп бұзу фактісі тіркелген. Аудандық полиция бөлімнің күл-қоқысты заңсыз төгудің алдын алу жұмыстарының нәтижесінде осы уақытқа дейін тәртіп бұзушылар барлығы 1,5 млн теңге айыппұл төлеген. Яғни, атап айтсақ, бір тәртіп бұзушы 5 айлық есептік көрсеткіш негізінде айыппұл төлеген.
- Қала келбеті тек сәнді де сәулетті үйлермен, жасыл желекті саябақтармен өлшенбейді, - деп ескертеді аудан әкімдігі мамандары. - Күн сайын көркейіп келе жатқан Аягөз ажары оның тазалығына да байланысты. Қаламыздың тазалығы өз қолымызда. Ол үшін тазалық мекемелерімен келісімшартқа отыру арқылы тұрмыстық қалдықтарыңыздың тиісті жерге төгілуіне үлесіңізді қоса аласыз. Тазалық табалдырықтан басталады. Көктем уақытында аулаларыңызды ретке келтіріп, ұқыпты ұстау санитарлық талап қана емес, мәдениет пен талғамның белгісі.
Аягөз аудандық әкімдігі 2021 жылы қаладағы күл-қоқыстарды шығару мақсатында заң талаптарына сәйкес конкурс жарияланғанын мәлімдеген. Конкурс талаптарының нәтижесінде наурыз айында бұл жұмыстармен айналысатын мердігер мекеме анықталған. 
- Қазіргі таңда мердігер мекеменің қала тазалығын сақтау бойынша жоспарлары мен техникалық қуатымен танысу, келісімшартқа қол қою жұмыстары жүргізілуде. Аудан әкімдігі тарапынан конкурстық шаралар өтуіне қарамастан көше бойындағы жиналған қоқыстарды жинау, шығару жұмыстары жүргізілуде, - дейді әкімдіктегілер.
Сонымен қатар, әкімдік мамандары қала тұрғындарына тазалық әр азаматтың өзінен басталатынын ескерте отырып, тазалық мекемесімен келісімшарт жасасуға шақырады.

Следующая →