Абай ауданында "Шыңғыстаудың шежірелі абызы" көрмесі ашылды

Абайдың "Жидебай-Бөрілі" мемлекеттік қорық-музейі жиырма жылға жуық уақыттан бері ақын, күйші, сазгер Шәкір Әбенұлының әдеби мұрасын насихаттауға үлкен үлес қосуда
04 наурыз 2021 года, 16:25 289 Назерке Кәрімова
Новости Казахстана и регионов на сегодня. - Абай ауданында "Шыңғыстаудың шежірелі абызы" көрмесі ашылды
Фото: © Абай ауданы әкімдігінен
2003 жылы ашылған Абай ауданы Құндызды ауылындағы Шәкір Әбенұлының музей-үйі Абай музейінің бөлімі ретінде жұмыс жасап келе жатқан мәдениет мекемесі. ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойы аясында Шәкір Әбенұлының 120 жылдығына орай "Шыңғыстаудың шежірелі абызы" көрмесі ашылды.
- Көрмеде Абай музейінде сақталған ақынның өмірі мен шығармашылығына қатысты аса бағалы жәдігерлер, ақынның тұлғасы мен танымын танытатын туындылар, оның ән-күй мұрасы, сан салалы өнердің иесі екендігін айғақтайтын қолөнер бұйымдары орын алған. Жылдар бойғы тарихтың сүрлеуінен өткен Шәкір Әбенұлының өмір жолын, шығармашылығын баяндайтын қызықты да әсерлі материалдарға орын берілген. Оның әр жылдарда жарық көрген өлеңдері мен әндері, дастандары мен әңгімелерінің басылымдары, ғылыми-танымдық бағыттағы кітаптар мен фотосуреттер көрменің мазмұнын байыта түсті, - деп мәлімдеді Абай ауданы әкімдігі.
1991 жылы ҚР Тұңғыш Президенті Н. Назарбаевқа бата берген Шәкір Әбенұлының өзі тұтынған бұйымдары, музей қорында сақталған ақынның қолжазбалары, Сана Шәкірқызы тапсырған бірегей экспонаттар көрермен назарына ұсынылды.

Айта кеткен жөн, Шәкір Әбенұлы - халық ақыны, фольклоршы, сазгер. Ол мұсылманша сауат ашқан соң, Семейдегі “приходская школада” 3 жыл оқыған. 

С. Сейфуллин, І. Жансүгіров, Б. Майлиндермен жақын таныс болған. Сейфуллинге атқосшы болып, ақынмен бірге Қазақстанның көп жерлерін аралаған.

Загрузка...

Тақырып бойынша жаңалықтар

Устинка Live хабарландыруларын алып тұрыңыз