Өскемен
ясно
+14°
  • Өскемен
    +14°
  • Алматы
    +16°
  • Астана
    +20°
  • Ақтөбе
    +21°
  • Актау
    +21°
  • Орал
    +22°
  • Қарағанды
    +16°
  • Көкшетау
    +19°
  • Қостанай
    +20°
  • Қызылорда
    +26°
  • Павлодар
    +16°
  • Петропавловск
    +19°
  • Тараз
    +18°
  • Туркестан
    +20°
  • Шымкент
    +20°
$
447.4
-1.49
477.55
-0.38
¥
61.81
-0.21
4.76
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО Назерке Кәрімова
Ақпарат көзі:
Устинка

Катонқарағайдағы Ластаев мектебіне ерекше көңіл бөлінуде

Материалдық-техникалық базасына 150 млн теңге қарастырылған

Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауына сәйкес әлеуметтік жаңғыртудың жаңа кезеңінде және қала мен ауыл мектептерінің арасындағы орта білім беру сапасы алшақтап жатқан уақытта оқушылардың білім сапасын арттыру мақсатында республика бойынша алты аймақта "Ауыл мектебі" жобасын пилотты режимде бастау үшін 14 білім беру ұйымы іріктеліп алынған еді. 

Бұл жобаға Катонқарағай ауданындағы білім ордаларының бірі Ластаев орта мектебі де енген. Қазіргі таңда бұл мектепке "Катонқарағай ауданының тұрақты даму қоры" қоғамдық қоры арқылы 3 жылдың ішінде 150 млн теңгеге материалдық-техникалық базасы жақсартылып, пән кабинеттері жабдықталады деп жоспарланып отыр. 
- Бүгінгі таңда С. Ластаев атындағы мектептің 5 кабинеті қажетті құрылғылармен толық қамтамасыз етілген, - дейді Катонқарағай ауданының әкімі Ділдар Қалиқан. - Олар: робототехника, информатика, инженерия, көркем өнер және қыздарға арналған "аспаздық" кабинеттері. Биыл жаратылыстану-математика ғылымдар кабинеттерін жабдықтау жоспарланып отырғандығын жұмыс сапарым барысында мектеп директоры Г. Ернісовна айтты.

Мұғалімдерді оқыту үшін де бірқатар кешенді шара жүзеге асырылуда. Педагогтар үшін біліктілікті арттыру курсы, сабақ беру мен оқыту әдістемесі бойынша семинарлар, вебинарлар, Назарбаев зияткерлік мектебі мен басқа да базадағы тағылымдамалар мен оқытулар өткізіліп жатыр.
Следующая →