Өскемен
облачно
+10°
  • Өскемен
    +10°
  • Алматы
    +11°
  • Астана
    +8°
  • Ақтөбе
    +16°
  • Актау
    +14°
  • Орал
    +13°
  • Қарағанды
    +6°
  • Көкшетау
    +6°
  • Қостанай
    +9°
  • Қызылорда
    +16°
  • Павлодар
    +7°
  • Петропавловск
    +4°
  • Тараз
    +13°
  • Туркестан
    +13°
  • Шымкент
    +14°
$
446.14
+0.19
484.87
+1.91
¥
61.68
+0.02
4.81
-0.01
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО Назерке Кәрімова
Ақпарат көзі:
Устинка

Өскеменде Республикалық Президенттік әскери көпсайыс өтті

Өскемен қаласында Президенттік қысқы көпсайыс бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының республикалық чемпионаты өтті

Сайысқа  "Шығыс", "Батыс", "Оңтүстік", "Орталық" өңірлік қолбасшылықтарымен қатар 5573  әскери бөлімі, ҰҰ Әскери институының әскерилері мен курсанттары  шаңғыдан  10  шақырым қашықтықта, пневматикалық винтовкадан оқ ату, гір тасын көтеру мен белтемірге тартылу  сынды спорттың бірнеше түрінен сайысып, өзара үздіктерді  анықтады.

- Қысқы спартакиада  қорытындысы бойынша шаңғы тебуден үздік өнер көрсеткен Ұлттық ұланның Әскери инстиутының құрамасы бірінші орынды иеленсе,  "Шығыс" өңірлік қолбасшылығы екінші орыннан көрініп, "Орталық"  өңірлік қолбасшылығының спортшылары үшінші орынды місе тұтты.  Сондай-ақ, әскери спортшылар   гір екісайсынан 68, 73 және 78, 85 келіге дейін,  сондай-ақ  85 келіден жоғары салмақта күш сынасты. Спорттың бұл түрінен елордалық 5573 әскери бөлімі  бас жүлдеге ие болса, бұл жолы да "Шығыс" өңірлік қолбасшылығының құрамасы екінші орынды жеңіп алды. Ал ҰҰ Әскери институының құрамасы үшінші орын алды, - деді "Шығыс" өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметі  бастығы Бағдат Амангелді.

Жеңімпаздар кубоктар мен медальдар және бағалы сыйлықтармен марапатталды.
Сайыстар  коронавирустық инфекциялардың таралуына жол бермеу үшін барлық  санитарлық талаптарды қатаң сақтай отырып өткізілгенін ескертеміз.

Следующая →