Өскемен
ясно
+2°
  • Өскемен
    +2°
  • Алматы
    +17°
  • Астана
    +8°
  • Ақтөбе
    +19°
  • Актау
    +19°
  • Орал
    +22°
  • Қарағанды
    +6°
  • Көкшетау
    +8°
  • Қостанай
    +6°
  • Қызылорда
    +21°
  • Павлодар
    +6°
  • Петропавловск
    +8°
  • Тараз
    +18°
  • Туркестан
    +16°
  • Шымкент
    +19°
$
444.22
+0.37
476.38
+2.08
¥
61.31
+0.06
4.82
+0.02
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО Галина Денисова
Ақпарат көзі:
Устинка LIVE

ШҚО-да құтқарушылар түн ортасында қар құрсауынан адамдарды құтқарды

Қар құрсауында қалған автомобильді тазаланған жолға шығарып, оны жақын маңдағы елді мекенге дейін жеткізіп салды

28 ақпанға қараған түні Ұлан ауданында жергілікті маңызы бар "Бозанбай-Екатериновка" автожолында екі адам болған Митсубиси маркалы автокөлік қар құрсауында қалды, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

ШҚО ТЖ департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, адамдарға медициналық көмек қажет емес.

Құтқарушылар көмекке жедел келді, олар арнайы техниканы пайдаланып, көлік құралын жолдың тазартылған учаскесіне сүйреп апарды және қауіпсіздік мақсатында жолаушыларды жақын маңдағы ауылға жеткізді.

ШҚО ТЖД еске салады, алыс жолға аттанарда құтқарушылардың ұсынымдарын сақтаңыз.

Қыс мезгілінде өзіңіздің автокөлігіңізді арқанмен, фонарьмен, дәрі қобдишасымен, жылы заттармен жабдықтаңыз, автокөліктің техникалық жағдайын алдын ала тексеріңіз. Төтенше жағдай кезінде 112 нөмірі бойынша хабарлаңыз.
Следующая →