Өскемен
ясно
+16°
  • Өскемен
    +16°
  • Алматы
    +19°
  • Астана
    +16°
  • Ақтөбе
    +23°
  • Актау
    +19°
  • Орал
    +25°
  • Қарағанды
    +17°
  • Көкшетау
    +15°
  • Қостанай
    +20°
  • Қызылорда
    +26°
  • Павлодар
    +12°
  • Петропавловск
    +15°
  • Тараз
    +19°
  • Туркестан
    +20°
  • Шымкент
    +21°
$
445.66
-0.83
474.58
-0.80
¥
61.53
-0.13
4.78
-0.01
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО Таунар Қайрат
Ақпарат көзі:
Устинка

Зайсанға Өскеменнен санавиация неге келмей жатыр?

Зайсан ауданында жол апатына түсіп, ауыр жағдайда жатқан науқасқа аудандық дәрігерлер Өскеменнен санавиациялық ұшақ шақыртқан. Ұшақтың әлі келмегендігін айтқан науқастың жақындары әлеуметтік желіде видео үндеу жарияланған болатын

Естеріңізге сала кетейік, 17 ақпанда "Омбы-Майқапшағай-Тасбастау-Ақжар" тасжолының 33-шақырымында LADA автокөлігінің жүргізушісі ауа райының қолайсыздығын ескермей жолға шығып, КамАЗ көлігімен соқтығысқан.

"Тікұшақ неге жібермей жатырсыздар?"


- Жол апаты салдарынан ауыр жарақат алған "LADA" автокөлігінің 28 жастағы жүргізушісі мен жолаушылары (2 және 5 жас аралығындағы кәмелетке толмаған балалар) Зайсан ауданының орталық аудандық ауруханасына жеткізілді. Аталған факті бойынша сот-медициналық сараптама тағайыңдалды. Нәтижелер бойынша процессуалдық шешім қабылданатын болады, - деп мәлімдеген болатын облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Жол апаты орын алған кезде санавиациялық ұшақ екі баланы қалаға алып кеткен. Ал 28 жастағы жүргізушінің жағдайы ауыр болғандықтан дәрігерлер науқасты ұшақпен ұшуға жағдайының келмейтіндігін айтып, рұқсат бермеген. 
Қалелхан Ыбырайханұлы соған қарамастан тікұшақ келмей жатқанын айтып, облыстық Денсаулық сақтау басқармасынан көмек сұрайды.
- Сіздер неге тікұшақ жібермей жатырсыздар? Ауа райы қолайсыз дейсіздер, аспанда теңгедей бұлт жоқ. Айдың-күннің аманында жолдың сапасыздығы мен әкімнің жауапсыздығынан жол оқиғасы орын алып жатыр. Мемлекеттің басты байлығы - адам. Сонда бұл адамдардың өмірі сіздерге ойыншық па? Зайсан ауданы 4 күн бойы санавиациялық ұшаққа өтініш беріп жатыр. Алдында екі баланы алып кеткенде, 28 жастағы жігітті жағдайының ауырлығына байланысты жолға жарамсыз деп қалдырып кетті. Енді, міне, денсаулығы жарамды болғанда тікұшақ келмей жатыр. Егер осында әкім немесе кәсіпкер болса, өздері тікұшақпен қоса келетін еді. Інімнің жолдастары өздерінің қаражатына Өскеменнен нейрохирург дәрігерін алдыртып, басына ота жасатты. Бұл недеген сұмдық, - дейді Қалелхан Ыбырайханұлы облыстық Денсаулық сақтау басқарма басшысына үндеу тастап.

Жағдайы ауыр


Қалелхан Ыбырайханұлы-ның айтуынша, оқыс оқиғаның орын алуына жол сапасының нашарлығы әсер еткен. 
- Тілеубек Шілікті орта мектебінде оқытушы болып жұмыс істейді. Үш жасар Гүлбаршын мен алты жастағы Нұртілеу атты екі жиенін, анасын және жолдасын көлікке салып алып, Шіліктіден Зайсанға жолға шыққан. Қар еріп жатқандықтан жол тайғақ болып, қарсы бағытта келе жатқан әскери КамАзға тайғанап барып соғылған. Жол жаман, құм себілмеген. Жергілікті әкімдік құм себуді ұйымдастырса болады ғой. Жігіттің бас сүйегіне зақым келді. Анасының қабырғасы майысып, бұғанасы сынды. Осы видео жариялаған соң ғана Денсаулық сақтау басқармасы қимылдап, дәрігерлер жіберді. Оған дейін тыныш жатты. Ол дәрігерлер де інімізді ұшақпен тасымалдауға келмейтіндігін айтты. Зайсан аудандық ауруханасында МРТ және диагностикаға түсіретін аппарат жоқ. Қазір арнайы тыныс алдыратынаппаратпен демалып жатыр. Әлі есін білмейді, - дейді Қалелхан Әділханов.
Оның айтуынша, жергілікті аурухана қызметкерлері қолдан келген көмегін жасап жатыр екен. 
- Видеода ашумен біраз сөз айттым. Жергілікті аурухана қызметкерлері қолдан келген көмегін жасап жатыр. Қазір алғашқыдай емес, өзі тыныс ала бастады, - дейді Қалелхан Әділханов.
Науқастардың жағдайын білейік деп аудандық аурухананың бас дәрігеріне хабарласқан едік. "Денсаулық сақтау басқармасының рұқсатынсыз сіздерге еш ақпарат бере алмаймын. Десе де, жігіттің жағдайы бір қалыпты. Қазір жансақтау бөлімінде жатыр. Жағдайы жақсарса облысқа жібереміз", - деп қысқа қайырды. 
Сөз арасында "санавиациялық ұшаққа тапсырыс бердіңіздер ме?" деген сұрағымызға: "Біз өзімізге байланысты шараларды жасадық. Облыстық санавиацияның басшысы бұл мәселеге жауап беріп қойған" деді де телефонды өшіре салды. Қайта хабарласып едік, жауап қатпады. Бас дәрігерден тік ұшақтың неге келмей қойғанын емес, "санавиа-циялық ұшаққа тапсырыс берілді ме-жоқ па" осыны анықтау болатын мақсатымыз. Өкінішке қарай, бас дәрігер жауап беруден бас тартты. 
- Зайсан ауданынан шынымен де науқасты әуе жолымен облыс орталығына жеткізу туралы өтініш түсті, - дейді ШҚО Санитарлық авиация қызметінің басшысы Рафаиль Халитов. - Алайда науқастың жағдайы өте ауыр, қазір жансақтау бөлімінде жатыр. Ол жолды көтере алмайды. Біздің тікұшақ жібере алмай отырғаны-мыздың басты себебі - осы. Науқастың туыс-туғандарының өтініш-талабын түсініп отырмыз, алайда науқастың денсаулық жағдайы оны тікұшақпен алып жүруге келмейді. Оның үстіне, ауа райы да ұшуға қолайсыз. Алдыңғы күні Зай-сан ауданына көлікпен бригада аттанды, нейрохирург пен реаниматолог маман науқасты қарап шықты. Мен де күнделікті дәрігерлермен хабарласып, науқастың жағдайын біліп отырмын. Жол-көлік оқиғасы 18-і күні орын алса, 19-ы күні мен өзім тікұшақпен ауданға барып, ауыр хәлде жатқан екі баланы қаладағы Ана мен бала орталығына жеткіздім. Олардың жағдайы қазір қалыпты.
Рафаиль Равилевич науқастың беті бері қараса, бірден Зайсанға аттанатындарын айтып отыр. 
- Науқастың жағдайы жақсара салысымен, яғни жағдайы тасымалдауға жарағанда кез келген уақытта тікұшақ жіберуге дайынбыз. Әуе көлігін күнделікті тексеріп отырамын, бригада да дайын, - деді  ШҚО Санитарлық авиация қызметінің басшысы.

Жол қашан жөнделеді?


Десе де, ол облыс, аудан әкімдіктері шекаралық аймақтардың жағдайын жақсартса дейді.
- Жолымыз әлі жөнделмеді. Екі жыл бұрын облыс әкімі Даниал Ахметов жол жөндейміз, аспан асты музейін саламыз деп уәде берген. Алтын адамның алтынын алып, сүйегін қалдырды. Уәде әлі орындалмады. Алтын адамды алып кеткенде екі метр қалың қар жауып (табиғат құбылысы), сүйекті қайта әкелгенбіз. Шекаралық аймақтардың халқын тұрақтандырудың орнына қалаға көшіріп жатыр деп ел шулап жүр. Шілікті де қараусыз қалды. "Шекаралық аудандардың халқын тұрақтандыру керек" деген Елбасының жолдауы жолда қалды, - дейді Қалелхан Әділханов.
Аудан әкімінің орынбасары Ринат Әденбекұлына да хабарластық. 
- Облыстан келген дәрігерлер науқасты тікұшақпен тасымалдауға келмейді дейді. Бұған дейін ауданда  бұндай жағдай болған емес. Санавиациялық ұшақ келіп екі баланы алып кетті. Тілеубектің жағдайы жақсарса, келіп алып кетеміз деген болатын авиация қызметкерлері. Өскеменнен шақыртқан мамандар ауа райының қолайсыздығына байланысты сол күні келе алмай, ертесінде келді. Науқастың жағдайы дәрігерлердің бақылауында. Жүргізуші асығып қарсы бетке шығып кеткен болса керек. Оқиға болған жолдың үсті қара жер. Тасы шығып жатыр. Фотода да көрініп тұр, - дейді Ринат Әденбекұлы.
Оның айтуынша, биыл аталған жол жөнделетін болыпты. Тіпті бюджеттен қаржы да қарастырылып қойған. 
- Бұл жол маңызды жол болғандықтан бюджеттен қаржы бөлініп, осы жылы жөнделетін болады. Ал енді Шіліктіге ауызсу толық тартылып болды. Осы жолда жол-көлік оқиғасы бірінші рет орын алып отыр.
Жыл басынан бері ШҚО Медавиация қызметі 12 рет науқастарға көмек көрсетуге аулдарға ұшқан. Бірақ оның үшеуі АН-2 ұшағымен ұшып, екеуі межелі жерге жетпеген. 
Следующая →