Өскемен
пасмурно
+11°
  • Өскемен
    +11°
  • Алматы
    +10°
  • Астана
    +3°
  • Ақтөбе
    -2°
  • Актау
    +7°
  • Орал
    +2°
  • Қарағанды
    +4°
  • Көкшетау
    +3°
  • Қостанай
    +1°
  • Қызылорда
    +9°
  • Павлодар
    +6°
  • Петропавловск
    +2°
  • Тараз
    +8°
  • Туркестан
    -3°
  • Шымкент
    +7°
$
448.15
-1.43
483.46
-3.48
¥
61.99
-0.23
4.86
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО Таунар Қайрат
Ақпарат көзі:
Устинка

Аягөзде балықтар қырылып қалған

Аягөз ауданының Тарбағатай ауылының маңындағы Аягөз өзенінде балықтар қырылып қалған

Жалпы көлемі 200 келіні құрайтын өлі балықтардың қатарында қарақұйрық, жалаңаш осман, балқаш маринкасы, даце, амур шабағы бар.
Балықтардың қырылу фактісі Аягөз ауданының Тарбағатай ауылының маңындағы Аягөз өзенінде тіркелді. 
Оқиға орнына облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының балық шаруашылығы бөлімінің мамандары, Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы және басқа да мүдделі органдар аттанды.
- Өзенді зерттеу нәтижесінде балықтардың әр түрінің, жалпы 200 келі көлемінде, қырылуы тіркелді. Олардың 70%-ы торта балығы, қалған 30%-ы басқа балықтар. Балықтар қырылған аумақтың ауданы шамамен 10 шаршы метрді құрады, - деп хабарлады орман және жануарлар дүниесінің аумақтық инспекциясындағылар. - Балықтардың қырылу ай-мағында комиссия және Тарбағатай ауылының еріктілері - барлығы 14 адам өзенді тазарту жұмыстарын жүргізді. Өлі балықтарды комиссияның қатысуымен ауылдағы мамандандырылған мал қорымына жинап, толықтай жойған.
Мамандар балықтар қырылған жерден жоғары көтеріліп, ағынмен төмен 3 шақырымдай жүріп өтіп, өзеннің бірнеше ашық жерлерін тапты. Ағын судан өзгерістер байқалмады.
- Өзен және балықтан алынған алғашқы сынамаларға сүйене отырып, өзен деңгейінің күрт төмендеуі суда оттегінің азаюына және мұздың бұзылуына әсер етті деп қорытынды жасауға болады. Бұл балықты езіп жіберді, - деп болжауда сарапшылар. - Сонымен қатар, мамандар мән-жайды нақты анықтау үшін өзеннің жоғары және төменгі жағындағы аумақтарындағы сулардан сынама алды.
Следующая →