Өскемен
ясно
+16°
  • Өскемен
    +16°
  • Алматы
    +19°
  • Астана
    +16°
  • Ақтөбе
    +23°
  • Актау
    +19°
  • Орал
    +25°
  • Қарағанды
    +17°
  • Көкшетау
    +15°
  • Қостанай
    +20°
  • Қызылорда
    +26°
  • Павлодар
    +12°
  • Петропавловск
    +15°
  • Тараз
    +19°
  • Туркестан
    +20°
  • Шымкент
    +21°
$
445.66
-0.83
474.58
-0.80
¥
61.53
-0.13
4.78
-0.01
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО Таунар Қайрат
Ақпарат көзі:
Устинка

Риддердегі жалғыз қазақ мектебінің ғимараты ескірген

Риддер қаласында халық саны 56 мыңға жуық. Оның 8823-і (15,6%-ы) қазақ. Шаһарда барлығы 15 білім беру ошағы болса, оның біреуі ғана қазақ мектебі

Риддерде, 2020 жылдың басындағы санақ бойынша, 56455 адам тіркелген. Оның 8823-і (15,6%-ы) қазақ. Биылғы мәліметте қала халқы азайғаны байқалды - 55888 адам.

Бірақ қазақтар саны оңтүстік облыстардан көшіп келгендер есебінен артып келеді. Яғни, "Серпін" бағдарламасы бойынша оқып, тұрақтап қалған студенттер бар. 
Ал мұндағы тұңғыш әрі жалғыз қазақ мектебі - "Шаңырақ" көпсалалы гимназиясы. Оның өзі әбден тозығы жеткен, ескі ғимаратта орналасқан. Гимназияның бастауыш және жоғары сынып оқушылары екі ғимаратта бөлініп оқиды. Яғни, оқушылар 63 және 85 жыл бұрын тұрғызылған екі бөлек ғимаратта отыр. Екі ғимараттың көнесі мектеп емес, Пионерлер үйі ретінде 1936 жылы салынған. 
- Біз ғимаратты аралау барысында бөлмелері әлі күнге ескі әрі ауыр ағаш есіктермен тұрғанын, бірінші қабаттың едені тозғанын көрдік, - дейді Риддер қаласына арнайы барып жағдайды өз көзімен көріп келген облыстық "Дидар" газетіндегі әріптесіміз Тасқын Болатұлы. - Спортзал мен асханаға барар дәліздің төбесі аласа. Ересек адам еңкейіп барып өтетініне, спортзал ішінің тар, волейбол мен футбол ойнауға қолайсыз екеніне көз жеткіздік. Жертөледегі киіну бөлмесіне де түстік. Оқушылар оны "үңгір секілді" дейді. Кейінірек мектеп директоры мен мұғалімдер бөлме саны жеткіліксіз екенін айтты.
 Ең бастысы - "Пионерлер үйі" аталған ғимараттың пайдалану мерзімі асып, екіншісінің уақыты жетіп тұр. Қала әкімдігінің мәліметінде мектептердің пайдалану мерзімі 57-63 жыл екені жазылған.

Жергілікті тұрғындар да ғимараттың ескі екендігін айтып, жаңа ғимарат салынса деген тілектерін білдіріпті. 

- Көпбалалы анамын. Үш балам мектеп жасында. 6 және 11-сыныптағы балаларым "Шаңырақта" оқиды. Кіші ұлымды №14 мектепке бердім. Себебі "Шаңырақтың" автобусы біздің алтыншы шағын ауданға келмейді. Қатынау уақыты мен жолақысын қиынсындым. Ал мына алтыншы сыныптағы балам қашықтықтан оқып жатқандықтан "Шаңырақта" қалды. Өзі №14 мектепке ауыспаймын деп отыр. Мектебін жақсы көреді. Мен тұратын үйде көпбалалы ана көп. Олардың да мәселесі тура осындай. Үйіміздің жанынан мектеп салып жатқанын көріп қатты үміттеніп отырмыз. Қазақ мектебі біз жаққа келгенін қалаймыз. Тарихқа көз жіберсек те, Риддерде қазақ мектебіне бірде-бір ғимарат салынбаған екен. Барлық көпбалалы ананың тілегі осы, - деді Сәуле Бақытбекқызы. 
"Шаңырақ" көпсалалы гимназиясының директоры Сәуле Уезбаева ата-аналардың айтқанын растап, мектептегі мәселені жасырмай айтып отыр. 

Оның айтуынша, мектеп екі емес, үш бөлек ғимаратта екен. Оқушылар шеберханасы гараж бен қойманың жанында, қалғаны зауытпен жалғасып тұр. 
- Риддерде барлығы 15 мектеп. Жалғыз қазақ мектебі осы. Біздегі ең бірінші мәселе - бір мектептің екі ғимаратта орналасуы. Екі ғимарат та ескі. Біріншісіне 85, екіншісіне 63 жыл болды. Мұғалімдерге екі ортада жүгіріп жүруге тура келеді. Тағы бір мәселе - бастауыш мектебіміз үлкен жолдың бойында орналасқан. Көлік ағыны қатты. Балаларға қауіпті. Балалар саны артып келеді, кабинеттер де жетіспейді. Ата-аналар баласын қазақы ортаға беруді қалайды. Қазіргі уақытта қалада жаңа мектеп құрылысы басталғаны белгілі. Соны біздің мектепке берсе екен, - дейді директор Сәуле Уезбаева.
Риддер әкімі мен облыстық білім басқармасының басшысы Сайрангүл Жұмаділованың ақпараты бойынша, "Шаңырақтың" ғимараттары "мектеп типінде" деп саналады. Апаттық қаупі жоқ. Мектептің екі ғимаратта орналасуы санитарлық-эпидемиологиялық талапқа қайшы келмейді. Жалпы қаладағы білім ошақтарында орын тапшылығы жоқ.
- "Шаңырақты" жаңа ғимаратқа көшіру жергілікті органмен бірлесе қабылданады, - дейді облыстық білім басқармасының басшысы Сайрангүл Жұмаділова.

Следующая →