Өскемен
ясно
+6°
  • Өскемен
    +6°
  • Алматы
    +17°
  • Астана
    +4°
  • Ақтөбе
    +4°
  • Актау
    +9°
  • Орал
    +6°
  • Қарағанды
    +5°
  • Көкшетау
    +5°
  • Қостанай
    +5°
  • Қызылорда
    +14°
  • Павлодар
    +6°
  • Петропавловск
    +3°
  • Тараз
    +15°
  • Туркестан
    +2°
  • Шымкент
    +17°
$
449.58
-0.49
486.94
-1.57
¥
62.22
-0.13
4.86
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО
Алена Светлова
Алена Светлова
Ақпарат көзі:
Устинка

Өскемен көшелері "мұз айдынына" айналды

Тайғақ болғаны соншалық, аяғыңды аттап бассаң болды жерге құлайсың. Бастысы - еш жеріңді сындырмау

Өскемендіктер ақпан айындағы ауа райынан мұны күтпегені анық, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі. Кеше қаладағы ауа райы күрт құбылды. Алдымен температура нөлден жоғары көрсетіп, жел мен жаңбыр болса, түнде қайта суытты. Барлығы қатып, айналада мұз пайда болды.
 
Коммуналдық қызметкерлер пайда болған "мұз айдындарымен" мүмкіндігінше күресуде. 

- Қазір қаланың барлық орталық көшелері Н. Назарбаев даңғылы, Қабанбай батыр, Қазақстан және т.б. көшелерге құм төсеп жатырмыз, - деді Өскемен қаласы әкімдігінің  "Таза Өскемен" КММ басшысы Тимур Екибасов.

Бірақ ауа райымен шайқаста бұл жолы күштер тең емес сияқты. Бүгін күндіз тағы ауа температурасы плюсты көрсетіп тұр.  Жол шетінде мұздар тез жиналуда. Автокөлік жүргізушілері үшін де қиынға түсуде. Жаяу жүргіншілерге де  оңай емес. Тұрғындардың сөзінше, қарапайым дүкенге бару "мұңға" айналды.
 
- Көшеде өте тайғақ, - дейді қала тұрғыны Светлана. - Мен дүкенге бара жатып  екі адамға тұруға көмектестім, өзімде бірнеше рет құлап қала жаздадым. Әсіресе қарттарға қиын...

Сонымен қатар, түнде тағы аяз болады. Синоптиктердің болжамына сәйкес, ертең қалада дымқыл қар жауады деп күтілуде.
Следующая →