Өскемен
ясно
+9°
  • Өскемен
    +9°
  • Алматы
    +19°
  • Астана
    +14°
  • Ақтөбе
    +24°
  • Актау
    +19°
  • Орал
    +22°
  • Қарағанды
    +14°
  • Көкшетау
    +10°
  • Қостанай
    +19°
  • Қызылорда
    +26°
  • Павлодар
    +6°
  • Петропавловск
    +8°
  • Тараз
    +17°
  • Туркестан
    +19°
  • Шымкент
    +20°
$
444.32
-1.34
473.33
-1.25
¥
61.31
-0.22
4.76
-0.02
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО Таунар Қайрат
Ақпарат көзі:
Устинка

"Тарбағатай" - елдегі 12-ші ұлттық табиғи парк

Табиғатты қорғап қоймай, туризмді дамытпақ

Үржар ауданында орналасқан "Тарбағатай" мемлекеттік ұлттық табиғи паркінде бүгінгі күні 1640 өсімдік түрі мен 376 жануар түрі, соның ішінде Қазақстанның "Қызыл кітабына" енген сирек кездесетін жануарлардың 40 түрі, өсімдіктің 35 түрі кездеседі. Аталған парк алдағы уақытта туризмді дамытуды жоспарлап отыр. 

Парк еліміздегі 12-ші ұлттық парк. "Тарбағатай" мемлекеттік ұлттық табиғи паркі 2018 жылы құрылған. Парктің ауданы 143550,5 га, қорғау аймағы - 276 мың гектарды құрайды. Жаңа ұлттық парк 6 түрлі кластерлік жер телімдерінен тұрады. Тарбағатай тауларының оңтүстік баурайы мен Үржар, Қатынсу, Еміл өзендерінің алқабын қамтып, соның ішінде Барқытбелдің Зайсан мен Тарбағатай ауданындағы бөліктері, Көкпекті ауданындағы Құлынжон қорықшасы парктің бақылауына өтті.

Санақ қалай жүргізіледі?


Ұлттық парктің омыртқалы жануарлар фаунасы да бай. Алдын ала алынған деректер бойынша, олар 376 түрді қамтиды, оның ішінде өлкедегі 19 балықтың түрі, қосмекенділердің екі түрі, бауырымен жорғалаушылардың 22 түрі, құстардың 272 түрі, сүтқоректілердің 60 түрі мемлекет қамқорлығына алынды.
- Парктің ерекшелігі мұнда бүгінгі күні 1640 өсімдік түрі мен сирек кездесетін Қазақстанның "Қызыл кітабына" енген жануарлардың 40 түрі кездеседі. Сонымен қоса, "Қызыл кітапқа" енген өсімдіктің 35 түрі, бауырымен жорғалаушы 1, құстардың 33 түрі және сүтқоректілердің 6 түрі парктің қорғауында болмақ. Тарбағатай жотасы таулы және шөлді аймақта орналасқандықтан мұндағы өсімдіктер жамылғысы басқа таулы аймақтарға қарағанда айтарлықтай ерекшеленеді, - дейді "Тарбағатай" мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің ғылым-ақпарат және экологиялық мониторинг бөлімінің басшысы Жанылкан Алемсейтова.

Табиғат - фото Тарбағатай ұлттық табиғи парк мұрағатынан (9).jpg  
Парк қызметкерлері аңдарға санақ жүргізу барысында фототұзақтың көмегіне жүгінеді. Сонымен қатар, аңдардың іздеріне баса мән береді екен. 
- Парктің мақсаты - табиғат дүниесіндегі жан-жануарлар мен өсімдік әлемін зерттеу, заңсыз аң аулауға жол бермеу, өрт қаупін болғызбау және жануарлар дүниесіне санақ жүргізу. Санақ жүргізу барысында көбінесе фототұзақтың көмегіне жүгінеміз. Фототұзақты аңдардың көш жолына қоямыз. Көш жолы дегеніміз - аңдардың бір жерден екінші мекенге ауғанда жүретін жолы. Мысалы, арқарлар қыста Қарабастау тауын мекендесе, жазда Тарбағатай тауының шыңдарын мекендейді. Көш барысында олар бір жолмен ғана жүретіндіктен, бұл кез біздің санақ жүргізуімізге оңтайлы болады, - дейді Жанылкан Алемсейтова. 
Паркте дәрілік өсімдіктердің түрлері кең таралған. Мысалы, шырғанақ, мия, итмұрынның бірнеше түрлері, шүйгін және т.б. өсімдік түрлері бар. Тарбағатай жотасында кездесетін кейбір дәрілік өсімдіктерге толығырақ сипаттама берілген. Сондай-ақ, жотада айтарлықтай кең таралған дәрілік өсімдіктер: Альберт рау-
шаны, итшомырт, шырғанақ және орал миясының маңызы мен аса бағалы дәрілік қасиеттері жайлы деректер және де өсімдіктердің таралу ерекшеліктері мен химиялық құрамына, ғылыми медицина мен халықтық медицинада қандай ауруларға дәрілік мақсатта пайдаланылатыны жайлы толық мағлұматтар берілген.

Қандай бөлімдер жұмыс істейді?


Мамандардың айтуынша, паркте бес бөлім жұмыс істейді. Бұл парктің жалпы жағдайының жақсаруына оң әсерін тигізуде: 
1 - Ғылым ақпарат және экологиялық мониторник бөлімі. Бұл бөлім паркте қанша аң-құс бар екендігін тізімдеп, жыл бойы мониторингтік бақылау жұмыстарын жүргізеді. 
2 - Экологиялық ағарту рекреация және туризм бөлімі. Экологиялық туризмді дамыту бағытында жұмыс істейді. Сонымен қатар, жергілікті халықпен табиғатты қорғау мақсатында үгіт-насихат жұмыстарын жүргізеді.
3 - Табиғи кешендер мен обьектілерді қорғау бөлімі. Бұл бөлім орман өрті қаупі, заңсыз аң аулау және рұқсатсыз ағаш кесудің алдын алады. 
4 - Табиғи кешендер мен объектілерді өсіру және орманды қалпына келтіру бөлімі. Бұл бөлім тұқымбақта көшеттер егіп, өсірумен, орманның фитосанитарлық жағдайын бақылаумен айналысады. 
5 - Өрт сөндіру бөлімі. Парк аумағында өрт болған жағдайда өрт сөндіру және оның таралмауын қамтамасыз етді.
Парк қызметкерлері түз жануарларын азықтандыру жұмыстарымен де айналысады. Яғни, қар қалың түсіп, аяз қыса түскен кездерде аңдарға алдын ала жем-шөбін арнайы дайындап береді. 
- Тарбағатай тауы өңіріне қар қалың түскендіктен кейбір аңдар қорек таба алмай қиналып жатады. Сондықтан біз оларға жем-шөп береміз. Далаға науа орнатып, тұз саламыз. Шөпті белгіленген мастерлік телімдердегі мемлекеттік инс-пекторлар жаз мезгілінде даярлап, ал жемді ауданның шаруа қожалықтарынан аламыз. Биыл қар түсімі аз болғандықтан аңдардың күн көрісі жақсы. Аңдарға жейтін қысқы азығы жеткілікті, - дейді Жанылкан Қабиқызы.

Эко-туризмді жандандыру керек


Парк басшылығы эко-туризм саласын дамытуды мықтап қолға алды. Тіпті биыл Қарабастауда туристік орын ашылатындығын айтты. 
- Тарбағатай тауының табиғаты таңғажайып. Сондықтан парк эко-туризм саласына да мән береді. Қазір осы бағытта төрт маршуттың паспорты жасалды. 2020 жылдың желтоқсан айында тарифі бекітілді. Яғни, алдағы уақытта кез келген турист біздің мекеменің әлеуметтік желісі арқылы хабарласып, табиғат аясына шыға алады. Мұнда келген қонаққа арнайы мамандарымыз жолсерік болып, тау-тасты атпен, көлікпен аралауға мүмкіндік жасауды көздеп отырмыз. Биыл Қарабастауда туристік орынды ашатын боламыз. Ол үшін абаттандыру жұмыстарын жүргіземіз. Яғни, қонақтарға барынша жағдай жасауға тырысамыз, - дейді Жанылкан Алемсейтова. 

Табиғат - фото Тарбағатай ұлттық табиғи парк мұрағатынан (13).jpg

Аңызға айналған Ақберлі асуы


Тарбағатай тауының етегінде бір емес, бірнеше туристік маршрут ашу жос-парлануда. Болашақта киелі жерлеріміздің саяхат орындарына айналуы ғажап емес. 
- Тарбағатай тауында жұрт арасында "Шипа бұлақ" аталып кеткен бұлақ бар. Бұлақтың суы шілденің шіліңгір ыстығында да тастай суық болып ағып жатады. Бұлақ суы көптеген дертке шипа. Әсіресе денеге түскен түрлі жарақаттарға ем деседі. Бұл жерге тек ауыл тұрғындары ғана емес, ат терлетіп алыстан келетін адамдардың қарасы мол. Тарбағатай тауының қойнауын біз әлі толық зерттеп болмадық. Алдағы 5-10 жылда тағы біраз құпиялардың бетін ашамыз деген үміттеміз, - дейді маман. 
Мамандар Тарбағатай тауының төңірегінде ел арасында ауыздан-ауызға тарап жүрген Ақберлі асуы жайлы сөз қозғады. Яғни, алдағы уақытта осы жерге туристік маршрутты іске қосуды көздеп отыр.
- Тарбағатай тауында теңіз деңгейінен 2000-3000 мың биіктіктегі Ақберлі деген асу бар. Сол жерде ертедегі батыр бабаларымыздың бірінің саусағы көмілген деседі. Заманында батыр "Мен өлгенде осы Ақберді асуына жерлеңдер. Егер мені таудың етегіне жерлесеңдер, айналадағы елге қауіп төнеді. Ал таудың басына қойсаңдар, ел тыныш, жайлы болады" деп өсиет айтыпты. Таудың биіктігі соншалық адам аяғы көп баса бермесе керек. Батыр дүние салғанда ел-жұрты сүйекті тауға көтеріп шығара алмай, ақыры етекке жерлепті. Батырдың өсиетін есіне алған елі оның бір саусағын кесіп алып, тауға жерлепті. Содан бастап ел жайлаудан көшерде Ақберлі асуына түнемеуге тырысыпты. Себебі көш түнегенде кенеттен жауын жауып, ауа райы күрт бұзылады екен, - дейді Жанылкан Алемсейтова. 
Еліміздегі эко-туризмнің ақсап тұрған шағында Тарбағатай тауының бөктерінде туристік орындар ашылса неге қуанбасқа. Эко-туризм гүлденбей тұрмыс түрленбейтіндігіне тағы бір мәрте көз жеткіздік. Ендеше, еліміздегі ақсап тұрған осы салаға "Тарбағатай" мемлекеттік ұлттық табиғи паркіндегі бастамалар арын берер деген сенімдеміз.
Следующая →