Өскемен
ясно
+14°
  • Өскемен
    +14°
  • Алматы
    +16°
  • Астана
    +20°
  • Ақтөбе
    +21°
  • Актау
    +21°
  • Орал
    +22°
  • Қарағанды
    +16°
  • Көкшетау
    +19°
  • Қостанай
    +20°
  • Қызылорда
    +26°
  • Павлодар
    +16°
  • Петропавловск
    +19°
  • Тараз
    +18°
  • Туркестан
    +20°
  • Шымкент
    +20°
$
447.4
-1.49
477.55
-0.38
¥
61.81
-0.21
4.76
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО Назерке Кәрімова
Ақпарат көзі:
Устинка

ШҚО Ана мен бала орталығының пациенттері дауыс беруге қатысты

Бүгін, 10 қаңтарда таңғы сағат 9-ға дейін облыстың Ана мен бала орталығындағы жабық сайлау учаскесінде 167 әйел дауыс берді

Ана мен бала орталығы пациенттерінің арасында ана атанғандар да, сол күнді күтіп жүргендер де бар.

– Біз дауыс беруге қатысып, өз таңдауымызды жасадық. Қызым осында емделіп жатыр, мен оның қасындамын, бірақ соған қарамастан біздерге өз құқығымызды пайдаланып, балаларымның болашағы үшін дауыс беруге мүмкіндік туғызып отыр, – дейді Жәзира Еңсебаева.

Медициналық мекеменің бас дәрігері Ермек Омарбеков атап өткендей, сайлау құқығы барлығына толық берілді, жабық учаскеде комиссия жұмыс істеуде. Пациенттердің ешқайсысы өз дауысын беруден бас тартқан емес. Олардың кейбіреуі үшін бұл алғашқы сайлау екен.

– Менің ойымша, мұның тіпті біршама символикалық мәні де бар, – деп атап өтті Ермек Сембайұлы. – Біздің орталықтағы емделушілер өз балаларының болашағын таңдайтындарын түсінеді. Дауыс беру барлық бекітілген нормаларға сәйкес өткізілуде. Бүгін еліміз үшін өте маңызды тарихи күн. Бұл сайлауда біз өз дауысымызды ел Парламентінде халықтың мүддесін қорғайтын адамдарға береміз. "Біз біргеміз!" деген сөзді баршаның түсініп, әрбір дауыстың маңыздылығын ұғынатындары қуантады.

Ермек Омарбеков, сондай-ақ, медициналық мекеменің қызметкерлері бүгін ауысымға шығар алдында дауыс беруге қатысқандарын айтты. Естеріңізге сала кетейік, Ана мен бала орталығы – Шығыс Қазақстан облысының барлық тұрғындарына сайлау құқығын қамтамасыз етуге мүмкіндік берген 71 жабық учаскенің бірі.
Следующая →