Өскемен
ясно
+6°
  • Өскемен
    +6°
  • Алматы
    +10°
  • Астана
    +11°
  • Ақтөбе
    +20°
  • Актау
    +21°
  • Орал
    +24°
  • Қарағанды
    +8°
  • Көкшетау
    +11°
  • Қостанай
    +13°
  • Қызылорда
    +20°
  • Павлодар
    +7°
  • Петропавловск
    +12°
  • Тараз
    +14°
  • Туркестан
    +21°
  • Шымкент
    +17°
$
443.35
-0.87
475.54
-0.84
¥
61.18
-0.13
4.82
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО Анна Коцарева
Ақпарат көзі:
Устинка LIVE

2021 жылдың қаңтар айында ауа райы қандай болады?

"Қазгидромет" РМК-сы 2021 жылдың қаңтар айының ауа райы болжамын жария етті

Кәсіпорынның консультативті болжамына сәйкес, 2021 жылы қаңтарда республиканың басым бөлігінде ауа температурасы норма шамасында болады, Қазақстанның шығыс жартысында 1°C мөлшерден төмен болуы мүмкін деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Республиканың басым бөлігінде жауын-шашын мөлшері климаттық норма шамасында, республиканың қиыр батысында – нормадан көп, солтүстік-батыста, орталықта, Қазақстанның солтүстігі мен оңтүстіктің кей жерлерінде нормадан аз болады деп болжанып отыр.

Қаңтардың бірінші және үшінші онкүндіктерде бірнеше суық толқындар күтіледі. Ауа температурасы қаңтардың екінші жартысында төмендей түседі.

Бұл ретте ауа температурасы: солтүстік, орталық және шығыс аймақтарда түнде -25-35 °С дейін, кей жерлерде -39 °С дейін, күндіз -20-27 °С дейін; республиканың батысында түнде -20-27 °С дейін, күндіз -10-20 °С дейін; оңтүстік және оңтүстік-шығыс аймақтарда түнде -15-25 °С дейін, жерлерде -30 °С, күндіз -7-15 °С дейін төмендейді.
Следующая →