Өскемен
пасмурно
+11°
  • Өскемен
    +11°
  • Алматы
    +12°
  • Астана
    +8°
  • Ақтөбе
    +15°
  • Актау
    +19°
  • Орал
    +17°
  • Қарағанды
    +8°
  • Көкшетау
    +10°
  • Қостанай
    +12°
  • Қызылорда
    +17°
  • Павлодар
    +9°
  • Петропавловск
    +8°
  • Тараз
    +11°
  • Туркестан
    +14°
  • Шымкент
    +14°
$
448.89
+0.08
477.93
+1.11
¥
62.02
+0.02
4.76
-0.01
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО Аян Қалымбек
Ақпарат көзі:
Устинка

Қазақтың жауырыншы-жұлдызшылары кімдер?

Ата-бабаларымыз қоршаған ортаның құпиясын өзі зерттеп, өзі танып, қыр-сырын түгелдей жетік меңгеріп алған еді

Таңғажайып деген дүние - қазаққа таңсық емес, сірә. Өйткені ғаламдағы барлық жұмбақтың шешімін, тылсым әлемнің кілтін тауып алған ба дерсіз. Ғажайыбы сол - табиғаттың ұсынған сыйын қанағатпен қабыл алып, тіршілік атаулының тілін тауып ғұмыр кешті. Сырттан келген көлденең көк атты бүгінгідей аузына шайнап салып, дайын реформа, бағдарлама жасап беріп кеткен жоқ. Ата-бабаларымыз қоршаған ортаның құпиясын өзі зерттеп, өзі танып, қыр-сырын түгелдей жетік меңгеріп алған еді.

Мысалы, алты құрлықтың ғалым біткені астрономиялық ғылымды күні бүгінге дейін игеріп біте алмай, әлемдік ашылулар болып жатса, қазақ халқы "аттың жалы, түйенің қомында" жүріп-ақ, киіз үйдің түндігін түріп қойып, шаңырақтан аспанға көз салып жатып-ақ ертеңгі күнді де, келер жұманы да, алдағы айды да, жыл бойындағы мезгілдің ауанын да білетін болған. Әрине, бұндай үлкен жауапкершілігі бар болжам жасау, жорамалдау деген жұмысты екінің бірі атқармаған. Әр кезеңде барлық қағанат пен хандықтың бас сарайында құмалақшы, жауырыншы, жұлдызшы, тамыршы адамдар болған. Олардың міндеті - елдің жайлауға шығып, күзеуге түсуіне қай уақыт қолайлы екенін, көші-қон үшін қай уақыт тиімді екенін айтып, жолға шығу-шықпаудың дұрыс-бұрысын ескертіп, малдың тойымын, жайылымын болжап, халықты жұттан, тосыннан келген апаттан сақтап қалу. Олардың хан алдындағы қадірі де, ордадағы орны да орасан зор болған.

Еуропа астрономдары Ұлықбектің еңбектеріне сүйенген


Хандық кезеңді былай қойғанда, жұлдызнамашылық сонау темір дәуірі мен қола дәуірі мәдениетінде пайда болған деседі. Оған себеп - ұшы-қиыры шетсіз-шексіз даламыздағы мұртты обалар, түрлі үңгірлер, жерлеу орындары. Өзіміздің Өскеменнің тап іргесіндегі Ақбауыр археологиялық кешені де - астрономиядан сыр шертеді. Оны уақыттың еншісінде тарихшыларымыздың еңбегі көрсете жатар. Алтын Орда заманы мен оған дейінгі аралықта тарихта өткен әл-Хорезми, әбу Райхан әл-Бируни, әбу Әли ибн-Сина, әбу Насыр әл-Фараби секілді ғалымдар жұлдызшы да болған. Атақты Ұлықбек те ұстаздарының жолын қуып, аспан әлемін зерттеуге бет бұрады. Өзбекстанның бүгінгі мақтаныштарының бірі - Ұлықбек обсерваториясы. Джордано Бруно, Николай Коперник, Галилео Галилей Ұлықбектің еңбектерін пайдаланып өз ілімдерін жетілдірген. Әз Жәнібек ханның тұсында өмір сүрген Өтейбойдақ жазып қалдырған "Шипагерлік баян" да аламын деген кісіге көп нәрсе береді. Бірақ баяндама төте жазумен жазылғанымен қоймай тілі өте ауыр. Байырғы түркілерде де жұлдызшылар болғаны анық. Жетіқарақшы, Үркер, Босаға, Таразы, Темірқазық секілді қазақша жұлдыз аттары түркілерден қалған.

Жорамалына Ресей құлақ асқан қазақ жұлызшы


Бұл күні о дүниелік болған Назарбек Қожамсейіттегі - ХХІ ғасырдың басындағы жұлдызшылардың бірі. Ауа райын ғаламшарлардың орналасуына қарай болжайтын астролог қазақ еліне 90-шы жылдардан жақсы таныс. Алайда ол кісінің айтқандарына қазақ халқынан гөрі көршілес Ресей елі көбірек құлақ асатын. Сондай бір жылы қазақстандық жұлдызшының болжамына сүйеніп ресейлік шаруалар егінді уақытында орып, қамбаны астыққа толтырып алады. Артынша Назарбек мырзаға Кемеров губернаторы Аман Төлеев арнайы алғыс білдірген.

Жұлдызшы Нұрғабыл Қозыбай: "Қандай да бір індеттің атын атауға болмайды. Қазақ тіпті даладағы қасқыр мен найзағайдың өзіне ит-құс, жасыл деп ат қойған. Жамандық атаулының бәрі атын атап шақыра бергеннен келеді. Биылғы коронавирус ауруын да ел әзіл-сықаққа айналдырып, жоғары мінбелердегі мырзалар күн бұрын пәлен уақытта келеді деп болжап жаман ырым бастап еді. Арты, міне, әлі айықпай жатыр", - дейді.

Хан ордаларында жауырыншылар да көп болған. Олар бертінгі ХХ ғасырға дейін өз жұмыстарына адал болды. Райгүл Тілеуова есімді халық емшісі құмалақ та ашады. 
- Менің атам бәйгеге қосқан аттардың қайсысы нешінші болып келетінін дөп басып айтатын көріпкел болған екен. Атамның сол қасиеті маған дарыды. Тылсым күш құмалақшылыққа, емшілікке әкелді, - дейді бұрын ұстаздық қызмет атқарған Райгүл ханым.
Халық емшісі, жауырыншы Айсұлу Әмзеева қазіргі күнде жауырынға қарап болашақты болжайтын санаулы жандардың бірі. 
- Маған ешкім сыбырлап ештеңе айтпайды, түсімде белгі келмейді. Мен тек жауырынға шығып тұрған нәрсені ғана айтамын. Кейде жауырын мүлде ештеңе көрсетпей қояды. Бекет ата түсіме кіріп, жауырын ұстатып кеткен күннен бастап емшілік жолға түстім, жауырынға қарап болашақты болжаймын, - дейді Айсұлу Әмзеева.


Халқымыздың жорамалы айна-қатесіз дәл келіп отырған



Болат Бопайұлы - 1960 жылдың 1 қаңтарында Қытай Халық Республикасының Алтай аймағында, Көктоғай ауданында дүниеге келген. 1986 жылы Іле педагогикалық университетінің қазақ тілі мен әдебиеті факультетін, 1998 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің филология факультетінің қазақ әдебиеті мен теориясы кафедрасында аспирантураны тәмамдаған. "Қазақтың алғыстары мен қарғыстары", "Қазақ ырымдары", "Сөз саралау өнері", "Ақыт ақиқаты", "Қазақ кәделері", "Асыл қазына", "Қазақтың түс жоруы" сынды ұлтымыздың әдет-ғұрып, жөн-жоралғы, дәстүр-салтын түгел қамтып, ұмытылып бара жатқан көне атауларды жаңғыртып жазылған таптырмас кітаптардың авторы. 40 жыл ғұмырын қазақтың ескіше ауа райын болжамдарын, ай амалдарын зерттеуге арнап келе жатқан этнограф-ғалымның айтары мен жазары әлі де бар.

Барлық амал мен есептеу наурызда күн мен түн теңелгенде басталады. Ежелгі қазақтар 12 айдағы 24 амалды, аспандағы 24 жұлдызды жақсы білген. Бір айда екі амал кіреді. Бір амал басы, ортасы, аяғы деп үшке бөлінеді. Амалдың басы қатты басталса, аяғы тәтті аяқталады немесе керісінше болады деп болжанған. Наурыздың 21-і жауған қарды сыпырмайды, күремейді. Өйткені бастан бақ кетеді, босағадан құт кетеді деп қауіптенген.

Наурыздың 9-16 аралығында "әз" амалы кіреді. Осы уақытта аспаннан төрт түліктің ішіндегі қой ғана ести алатын дауыс шығады. Себебі қой Меккеден шыққан. Егер адам Әз дауысты еститін болса, жеті атасына дейін бақытты әрі өмір жолы ұзақ болады деп саналған. Әз амалы кірген күндері ауа райында өзгерістер болады: қар жауады, жел тұрады, боран соғады.

Отамалы. Сәуір айының 10-15 күндері кіреді. Аңыз бойынша Отамалы деген бір байдың бақташысы қой жайып жүріп, осы күндердегі боранға тап болады. Сөйтіп түгел қойы қырылады да, Отамалының өзі қарлы боранда үсіп өледі. Содан бері осы мезгілді Отамалы деп атап кеткен дейді-мыс.

Қырық күн шілдеде Үркер аспаннан ғайып болады. Бұрынғы қазақтар Үркер жерге түссе - құрғақ ыстық болады, тасқа түссе - қапырық ыстық болады, суға түссе - жаз жаңбырлы болады деп есептеген. Есепшілер Үркердің айдың жарығынан көрінбей кететінін білді, дегенмен халыққа ұғынықты болсын деп осылай түсіндірген.
 Қыркүйек айында "масақ" дейтін амал кіреді. Осы аралықта күздің алғашқы салқыны түсе бастайды. Айдың ортасынан кейін аспанда Таразы жұлдызы туып, Таразы амалы кіреді. "Таразы туса - таң салқын, Сүмбіле туса - су салқын" деген мақал сөз содан қалса керек.

Қараша айының 19-ынан кейін Боқырау деген амал кіреді. Даладағы малдардың қиына қырау қата бастайды.

Қаңтар айының 9-ынан бастап "қырықаяқ" дейтін амал кіреді. Бұл - қардың жорғалап жаууы. Төменге қар қалың түсіп, үстінде көбелек құсап жеңіл қар қалқып тұрады.
Тоғысу (газеттің өткен санында сипаттама берілген). Аспанда тоғыс болатын күндері қазақ ұлы істерді атқармаған: той-томалақ жасап, алыс сапарға шықпаған. Өйткені ол күндері аспанда өзгеріс болып, жер сілкінуі, сел жүруі мүмкін немесе немесе боран болып, ауа райы бұзылуы мүмкін деп жорамалдаған.

Ит екеш иттің өзі жауырыннан түлесе - қыс жайлы болады, бауырынан түлесе - қыс қатты болады деп сенген.

Жылқы батысқа қарап, танауын шүйіретін болса - батыстан жел соғады, шығысқа қарап танауын шүйірсе - шығыстан жел соғады деген.

Мысық босағаны, ағашты тырнап, мазасызданса, ауа райы қатты бұзылады.
Мысық керіліп ұйықтай берсе, онда ауа райы ұзақ уақыт жайлы болмақ.
Тауық биікке қонақтаса, жаңбыр жауады. Кешке ұясына ерте кіріп алса: қыстыгүні суық бoлады, жаздыгүні жаңбыр жауады.

Тауық жерге қанатын қағып, аунап, тазалана бастаса, жаңбыр күте беріңіз.
Көктем айында қара қарға суға шомылса, көктемнің жаймашуақ жайлы болмағы.

Катон тұрғыны күн райын өзінше болжайды


Катонқарағай ауданында тұратын Арман Шаяхметов деген жерлесіміздің ауа райын болжау жөнінде өзіндік ерекше тәсілі бар. Ол өз болжамы үшін Алтайдың өн бойында самсып өсетін балқарағай самырсынның бұтақтарын қолданады.
- Мынау кәдімгі самырсынның бұтағы (Г әрпінің үлгісіндегі кесілген бұтақ тілше рөлін атқарады. Қасында бекітілген тұрғы ағашта 3 түрлі күн райы жазылған). Бұл 2 күн бұрын болжайды. Егер бұтағы жоғарыда тұрса, күн айық деген сөз. Тілше-бұтақ ағаштың орта шенін көрсетсе, аспан бұлтты болмақ. Төмен түсіп тұрса, жаңбыр жауатынын білдіреді. Бұны ең алғаш қазақтар ойлап тауып, киіз үйдің керегесіне орнатып қойып, ауа райын болжап жүрген. Кейін орыстар үйренген соң үйінің қабырғасына осылай орнатқан. Өзім Катонқарағай Ұлттық паркінің қызметкері болғандықтан, жұмысыма да көп пайдасын тигізеді, - дейді Арман есімді Қайыңды ауылының тұрғыны.
Түптеп келгенде жер-анамен етене жақын болсақ, оның тылсым сырын ұғуға тырыссақ, күн райын байырғы қазақтарша болмаса да, шет-жағасын жорамалдап білер ме едік, кім білсін?! Табиғаттан тамырымызды үзбейік.
Следующая →
Тақырыптар: ҚР Ауа райы Болжау