Өскемен
пасмурно
+11°
  • Өскемен
    +11°
  • Алматы
    +10°
  • Астана
    +3°
  • Ақтөбе
    -2°
  • Актау
    +7°
  • Орал
    +2°
  • Қарағанды
    +4°
  • Көкшетау
    +3°
  • Қостанай
    +1°
  • Қызылорда
    +9°
  • Павлодар
    +6°
  • Петропавловск
    +2°
  • Тараз
    +8°
  • Туркестан
    -3°
  • Шымкент
    +7°
$
448.15
-1.43
483.46
-3.48
¥
61.99
-0.23
4.86
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО Татьяна Золотарева
Ақпарат көзі:
Устинка

Семейдегі кәріз дюкері ақыры жөнделді

Жөндеу жұмыстарын "Промстройавтоматика" ПК мердігер компаниясы 18 ай бойы жүргізген

Қалалық тұрғын үй коммуналдық шаруашылық бөлімі басшылығының, төтенше жағдайлар қызметі және қалалық сумен жабдықтау қызметі өкілдерінің қатысуымен нысанның ресми іске қосылуы ашылды. Жұмысты «Промстройавтоматика» ПК (Өскемен қаласы) мердігер мекемесі 18 ай ішінде жүргізді. 

- Ертіс өзені арқылы өтетін құбырдың екі желісі ауыстырылды. Ескі құбыр толығымен бұзылды, жаңа шұңқырлар дайындалды. Жұмыстар Ертіс өзенінің оң жағалауында, арал бөлігінде және тікелей өзен арнасында жүргізілді. Жұмыстың ең қиын бөлігі – өзен арнасы, себебі ағыны қатты, проблемалар болды, дегенмен, біз шешімін тауып, барлық жұмысты аяқтадық. Сондай-ақ, рельеф қалпына келтірілді, екі жағалауда шайып кетуге қарсы қорғаныс бөгеттері жасалды, сол жағалау нығайтылды. Кеме қатынастары үшін белгілер орнатылды. Құбырдың диаметрі 720 мм., болаттан жасалған, құбырлар екі қабат оқшауланған. Дюкердің өткізу қабілеті 50 мың адамды қамтамасыз етеді. Шарт бойынша кепілдеме 2 жыл, ал тұтастай алғанда бұл нысан 25 жыл тұрады, - дейді ПК "Промстройавтоматика" өкілі, құрылыс учаскесінің бастығы Дмитрий Козырев.

Қалалық ТКШ бөлімінің басшысы Амантай Утельбаевтың айтуынша дюкердің тек қала үшін ғана емес, сонымен қатар көршілес елдер үшін де маңызы үлкен.

- 2017 жылы осы жұмыс үшін 1 270 млн. теңге бөлінген. Өздеріңіз білетіндей, бұл жобаның Қазақстан үшін де, шекаралас республикалар үшін де маңызы зор. Жұмыс барысында проблемалық сәттер де болды. Атап айтқанда, желілерді тарту кезінде проблемалар болды, бірақ біз проблеманың оңтайлы шешімін таптық. Мәселе, салынып жатқан жерде саяжайлар орналасқандықтан 10-нан астам саяжайды бұзу қажеттігі болды. Алайда, біз техникалық шешім қабылдадық және барлығын проблемасыз шештік, - дейді Амантай Утельбаев.

Бүгінгі күні мердігер мекеме дюкер жұмысының жауапкершілігін өзіне алды және ақаулар болған жағдайда оларды дереу жөндеумен айналысады. Нысан "Семейводоканал" МҚК пайдалануға берілді.

Следующая →